16
- барлық ғылыми біліммен үйлесімділік;
- гипотезаның түсініктеме күші болуы тиіс, яғни – гипотезаның растаушы
фактілерінің, салдарларының кейбір мөлшері анықталуы тиіс.
- қарапайымдылық – гипотезада ешқандай ерікті жорамалдар, субъективті
ойлар болмауы тиіс.
Гипотезаның сипаттама, түсініктеме және болжамдар деген түрлерін
ажыратып қарастыруға болады.
Сипаттама гипотезасы
– объектілердің маңызды қасиеттері, зерттелетін
объектінің жекелеген элементтері арасындағы байланыс сипаты туралы
болжам.
Түсініктеме гипотезасы
– себеп-салдарлық тәуелділік туралы болжам.
Болжамдық гипотеза
– зерттеу объектісінің даму үрдістері мен
заңдылықтары туралы болжам.
Теория
–
бұл
логикалық
ұйымдастырылған
білім,
білімнің
тұжырымдамалық жүйесі, ол шындықтың белгілі бір саласын барабар және
тұтас бейнелейді. Ол келесі қасиеттерге ие:
- Теория ұтымды ойлау қызметінің бір түрі болып табылады.
- Теория – шынайы білімнің біртұтас жүйесі.
- Теория фактілердің жиынтығын сипаттап қана қоймай, оларды түсіндіреді,
құбылыстар мен процестердің пайда болуы мен дамуын, олардың ішкі және
сыртқы байланыстарын, себепті және өзге де тәуелділіктерді анықтайды.
- Теориядағы барлық ережелер мен қорытындылар негізделген, дәлелденген
болу керек.
Теориялар зерттеу пәні бойынша келесі топтарға жіктеледі: әлеуметтік,
математикалық, физикалық, химиялық, психологиялық, этикалық және тағы
басқалар.
Қазіргі заманғы ғылым әдіснамасында теорияның төмендегідей
құрылымдық элементтерін бөліп қарастырады:
- бастапқы негіздер – ұғымдар, заңдар, аксиомалар, принциптер және т.б.;
-
идеалданған объект – зерттелетін құбылыстар мен заттардың
шынайылығының, маңызды қасиеттері мен байланыстарының теориялық үлгісі;
- теорияның логикасы – дәлелдеудің белгілі бір ережелері мен тәсілдерінің
жиынтығы;
- философиялық ұстанымдар және әлеуметтік құндылықтар;
- теорияның салдары ретінде шығарылған заңдар мен ережелердің
жиынтығы.
Теорияның құрылымын ұғымдар, пайымдаулар, заңдар, ғылыми ережелер,
ілімдер, идеялар және басқа да элементтер құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: