Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет3/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
АЛҒЫ СӨЗ 
 
Қазіргі таңда еліміздің экономикасының даму қарқыны жоғары оқу 
орындарында білікті мамандар даярлауды, сонымен қатар, студенттердің 
ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысуы мен оны қолдау мәселелерін талап 
етеді.
Мемлекет алдында студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) 
жетілдіру және одан әрі дамыту, жоғары оқу орындарында болашақ 
оқытушыларды, сонымен қатар жоғары кәсіптік білімі бар, жоғары білікті 
ғылыми және тәжірибелі мамандарды даярлау мен қалыптастыру үшін қолайлы 
жағдайлар жасау міндеті тұр.Бұл мәселені қалыптастыру жоғары оқу 
орындарында жұмыс істейтін профессорлық – оқытушылар құрамы мен 
ғылыми қызметкерлердің деңгейін елеулі арттыруда аса маңызды. Өйткені, 
соңғы жылдары жоғары оқу орындары қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне 
байланысты өзінің оқытушы және ғылыми қызметкерлерінің, соның ішінде жас 
мамандар мен перспективті қызметкерлердің айтарлықтай бөлігін жоғалтты.
Қазақстанның нарықтық экономикасының дамуы жұмыссыздықтың өсуі 
және жұмысқа тұрудағы қиындықтар сияқты жағымсыз құбылыстарға 
қарамастан, жастардың жоғары кәсіптік білім алуына деген мүмкіндіктеріне 
жағдай жасап, ілгері басуына көмектесуде. Бұл бірінші кезекте қазіргі заманғы 
кәсіпорындардың жоғары білікті мамандарды қажет ететіндігінде, яғни мұндай 
мамандар бәсекеге қабілеттіліктің ең маңызды факторы екендігі сөзсіз. 
Сондықтан да, жоғары оқу орындарының маңызды міндеттерінің бірі 
еліміздің интеллектуалдық әлеуетін сақтау мақсатында қабілетті және талантты 
студент жастарды анықтау және оқыту, ынталандыру және ғылыми даярлыққа 
қолдау көрсету болып табылады.
Биотехнология ең жас технологиялық пәндердің бірі ретінде қазіргі 
уақытта өзінің қалыптасу үрдісін бастан кешуде. Сондықтан биотехнолог-
мамандар шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті болуы, шағын ғылыми-
зерттеу жұмыстарын өз бетінше орындай білуі, тәжірибелік және теориялық 
зерттеулердің нәтижелерін талдай және қорыта білуі тиіс.
Осы мақсатта 6В05101 «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 
оқу жоспарына «Ғылыми зерттеулер әдістемесі» пәні енгізіліп, оқу үрдісінде 
ғылыми зерттеулердің элементтері кеңінен қолдануда. 
Ұсынылып отырған оқу құралында ғылымның даму тарихы қысқаша 
баяндалған, ғылыми білімнің гносеологиялық негіздері, сондай-ақ ғылыми-
зерттеу жұмысының кезеңдері, оның ішінде ғылыми зерттеудің бағытын 
таңдау, ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және өңдеу, теориялық және 
тәжірибелік зерттеулердің әдіснамасы, тәжірибелік деректердің нәтижелерін 
өңдеу және ғылыми жұмыстың нәтижелерін рәсімдеу қарастырылған. Оқу 
құралында студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстарының 
негізгі ережелері жазылған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет