Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет5/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
теориялық білім. Теориялық деңгейде ғылым заңдары қалыптасады, олар 
эмпирикалық жағдайларды түсіндіруге және болжауға, яғни құбылыстардың 
мәнін тануға мүмкіндік береді. Әрқашан теориялық кезең эмпирикалық 
шындыққа сүйенеді.
Ғылым тәжірибеге қатысты іргелі және қолданбалы болып бөлінеді. Іргелі 
ғылымның мақсаты-табиғаттың, қоғамның және ойлаудың негізгі заңдарын 
тану, ал қолданбалы – ғылымның іргелі салалары қызметінің нәтижелерін 
тәжірибелік іске асыру.
Ғылым
Жаратылыстану
Гуманитарлық және 
әлеуметтік
Логика, гносеология және 
т.б.



Ғылым адам қоғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Ол адам қызметінің 
барлық салаларын материалдық және рухани түрде қамтиды. Ғылым ұғымы 
жаңа білім алу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы қызметтің нәтижесін, яғни 
әлемнің жалпы ғылыми бейнесін құрай отырып, алынған ғылыми білімнің 
мөлшерін қамтиды. 
Ғылымның тікелей мақсаты –өзі ашатын заңдар негізінде оны зерттеу 
пәнін құрайтын шынайы үдерістері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру 
және болжау болып табылады. 
1.2 Ғылымның даму кезеңдері 
Алғашқы ғылыми білімдер өндірістік және танымдық үдерістер тығыз 
байланысқан кезеңіндегі ерте адамзат қоғамының тәжірибелік қызметінде 
қолданылды. Сондықтан, білім бастапқыда адам қызметінің нақты түрлеріне 
арналған әдістемелік нұсқаулардың рөлін орындай отырып, тәжірибелік 
сипатқа ие болды. 
Ежелгі Шығыс елдерінде (Египет, Үндістан, Қытай) болашақ ғылым үшін 
маңызды алғышарттар болып табылатын білімнің айтарлықтай саны 
жинақталған. Бұл кезеңде ғылыми қызмет субъектісін зерттеу мен қайта 
қалпына келтіруді ұйымдастыруға байланысты алғашқы белгілер пайда болған. 
Сонымен қатар, қауымдастық ғалымдар, ғылыми-зерттеу және оқу орындары 
пайда болған және жиі шоғырланған. Мысалы, ежелгі Мысырда өзіндік жоғары 
ғылыми мекеме – «Өмір үйі» болған, онда өндіріс пен зияткерлік еңбектің ең 
құнды жетістіктері жинақталған. 
Ежелгі Шығыс (Египет, Үндістан, Қытай) 
Ежелгі грек ғылымы (Демокрит, Аристотель) 
Орта ғасыр 
Араб Шығысы және Орта Азия (Ибн Сина, 
Беруни және т.б.) 
Еуропа (алхимия, астрология) (Галилей, 
Декарт, Ньютон) 
ХІХ ғасырдың ортасында заманауи ғылымның дамуы (Эйнштейннің 
салыстырмалық теориясы) 



Ежелгі грек ғалымы (Демокрит, б.з.д. 460-370 жж.; Аристотель, б.з.д. 384-
322 жж.) табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдылықтарына алғашқы 
сипаттама берген. Кейбір тарихшылар математика мен ғылыми таным жалпы 
Ежелгі Грецияда өз бастауын алған деп санайды. Әсіресе, осы кезеңде Фалес 
Милеттің еңбегі ерекше орын алады. Ол геометриялық бекітуді дәлелдеу 
қажеттілігі туралы алғашқы сұрақтарды тудырып, бірқатар дәлелдерді 
орындады. Грек философиясы ғылым дамуының бастапқы кезеңінде 
табиғаттың, ғарыштың және бүкіл әлемнің мәнін түсінуге деген ұмтылысымен 
ерекшеленді. Гректің алғашқы философтары әлемнің пайда болуына әсер еткен 
жағдайды, оның құрылымын және оның бастамалары мен себептерін түсінуге 
тырысты. Сондықтан, оларды «физиктер» деп атады, грекше «фюсис» сөзі - 
«табиғат» деген мағынаны береді.
Ежелгі Грецияда дерексіз тұжырымдамалар жүйесі ақыл-ойдың іс-
тәжірибесіне негізделген әлемнің объективті заңдарын іздеу дәстүрінен 
қалыптасқан. Осы кезеңде геометрияда (Евклид, б.ғ.д. IIIғ.), механикада 
(Архимед, б.ғ.д. 287-212жж.) және астрономияда (Птолемей, б.ғ.д. IIғ.) алғашқы 
теориялық жүйелер қалыптасқан.
Ортағасырлық дәуірде ғылымның дамуына Араб Шығысы мен Орта 
Азияның (Ибн Сина, 970-1037 жж.; Бируни, 973-1048 жж. және т.б.) белгілі 
ғалымдары үлкен үлес қосты. Олар медицина, философия, математика, 
астрономия, физика, геология, тарих және т.б. салаларда ғылымды дамытты. 
Ортағасырлық Еуропада схоластика, алхимия және астрология кең 
дамыды. Схоластика-бұл теологияның толық бағынуымен (богословие), 
рационалистік әдістеме мен догматикалық алғышарттардың қосылуы және 
формальды-логикалық проблемаларға қызығушылығымен сипатталатын діни 
философияның түрі. 
Кейінгі Орта ғасыр дәуірінде мәдениеттің өзіндік кезеңі болып табылатын 
– алхимия кеңінен таралды. Алхимиктер өздерінің басты міндетін –
«философиялық тастың» көмегімен металдарды асыл металдарға айналдыру 
деп есептеді. Алхимияның арқасында әр түрлі заттарды тәжірибелік зерттеу 
дәстүрі қалыптасты, осылайша химияның іргетасы қаланды.
Осы кезеңде көп таралған тағы бір зерттеу саласы – астрология болды. 
Астрологтар көктегі жарықтың орналасуы бойынша қандай да бір әрекеттердің 
нәтижесін, сондай-ақ, тұтас халықтар мен жекелеген адамдардың болашағын 
болжауға болады деп ойлады. Белгілі бір кезеңде астрология бақылау 
астрономиясының дамуын ынталандырды және тәжірибелік базаның дамуына 
ықпал етті. Еуропада кейінірек алғашқы университеттер пайда болды. Олар тек 
оқу орталықтары ғана емес, ғылыми орталықтар ретінде де болды. Байырғы 
университеттер тобына Болон (1119ж.), Париж (1160ж.), Оксфорд (1167ж.), 
Кембридж (1209ж.), Падуанский (1222ж.), Неаполитанский (1224ж.) жатты.Бұл 
кезеңде діни ойлаудың үстемдігі бұзылып, ғылым рухани өмірдің дербес 
факторына айнала бастады. Дәл сол кезде ғылым жетекші зерттеу әдісі болып 
табылатын тәжірибелік қатардың алдына шықты.


10 
Римде (1603ж.) алғашқы Ғылым академиясы – Деи Линчеи академиясы 
құрылды, оның қалаушысы Г. Галилей болды. Лондонда (1660) Еуропаның 
жетекші ғылыми орталықтарының бірі – Лондон Корольдік қоғамы құрылды. 
Ол 1665 жылдан бастап әлемнің көне ғылыми журналдарының бірі – 
Философиялық жазбаларды шығарды. Кәсіби журналдың атынан ең маңызды 
ғылыми нәтижелерді бағалау қалыпқа айнала бастады.
Осы кезеңдегі ғылымның жетістіктері (Галилей 1564-1642 жж., Декарт 
1595-1650 жж., Ньютон 1643-1727 ж.ж. және т.б.) оның жоғары мәдени 
құндылық ретінде қалыптасуына және бірінші ғылыми революция болып, 
әлемнің механикалық суретін қалыптастыруға ықпал етті. 
Зерттеулерді ұйымдастыруда (химиялық және физикалық) айтарлықтай 
өзгерістер XIX ғасырдың ортасында орын алды. Алғашқы зертханалар 
Лейпциг, Геттинген, Гейдельберг университеттерінде ашылды. 1872 жылы 
Ресейде физик А.Г. Столетовтың бастамасымен бірінші зертхана 
ұйымдастырылды. 
Кейіннен 
көптеген 
зертханалар 
ғылыми-зерттеу 
институттарына 
айналды. 
Осылайша, 
ғылыми 
мектептерді 
қалыптастырудаалғашқы бастамалар жасалады. 
Университеттік зерттеу зертханаларының пайда болуынан қазіргі заманғы 
ғылым пайда болды, өйткені олар өз жұмысына студенттерді тартып, 
қолданбалы маңызы бар зерттеулер жүргізді. Білім берудің жаңа моделі 
нарықта ғылыми білімге қол жеткізуді болжайтын тауарлардың пайда болуына 
әкелді. Мысалы, XIX ғасырдың ортасынан бастап әлемдік нарықта түрлі улы 
химикаттар, тыңайтқыштар, жарылғыш заттар, электротехникалық тауарлар 
және т.б. пайда болды. Бұл электрондар мен радиоактивтілік құбылыстарының 
ашылуымен, сондай-ақ Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының пайда 
болуымен байланысты болды. Дағдарыс жаңа төңкеріспен шешілді. Ғылымда 
ұжымдық еңбек пайда болып, күрт өсті және техникамен берік байланыста 
болды. 
XX ғасырда әдіснамалық зерттеулер жылдам дамыды. Бұл ғылымдағы, 
техникадағы, әлеуметтік және қоғам өмірінің басқа да салаларындағы 
революциялық өзгерістерге байланысты болды. Әдіснамалық зерттеудің 
дамуына ғылыми білімнің интеграциясы мен саралау процестері, классикалық 
қайта құрулар және көптеген жаңа пәндердің пайда болуы, сондай-ақ, 
ғылымқоғамның тікелей өндірістік күшіне айналуы айтарлықтай күшті әсер 
етті. 
Бүгінгі таңда қоғам алдында көптеген ғылымдардың өзара іс-қимылының 
арқасында жүзеге асырылатын ірі ауқымды бағдарламаларды талап ететін 
экологияның, демографияның, урбанизациялаудың, ғарышты игеру және тағы 
басқалармен байланысты көптеген жаһандық проблемалары туындауда. Әр 
түрлі бейіндегі мамандардың күш-жігерін біріктіріп, кешенді объект (жүйе) 
туралы ақпараттың принципті толық емес және белгісіздігі жағдайында әртүрлі 
түсініктер мен шешу тәсілдерін біріктіру қажеттігі туындайды. Осы 
мәселелердің барлығы түрлі ғылымдардың тиімді өзара іс-қимылы мен 
әдістерінің синтезін (жүйелі тәсіл, теориялық кибернетика, В.И. Вернадскийдің 


11 
ноосферасының тұжырымдамасы және т.б.) қамтамасыз ете алатын әдістер мен 
құралдардың әзірленуіне алып келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет