16
- барлық ғылыми біліммен үйлесімділік;
- гипотезаның түсініктеме күші болуы тиіс, яғни – гипотезаның растаушы
фактілерінің, салдарларының кейбір мөлшері анықталуы тиіс.
- қарапайымдылық – гипотезада
ешқандай ерікті жорамалдар, субъективті
ойлар болмауы тиіс.
Гипотезаның сипаттама, түсініктеме және болжамдар деген түрлерін
ажыратып қарастыруға болады.
Сипаттама гипотезасы – объектілердің
маңызды қасиеттері, зерттелетін
объектінің жекелеген элементтері арасындағы байланыс сипаты туралы
болжам.
Түсініктеме гипотезасы– себеп-салдарлық тәуелділік туралы болжам.
Болжамдық гипотеза – зерттеу объектісінің даму үрдістері мен
заңдылықтары туралы болжам.
Теория
–
бұл
логикалық
ұйымдастырылған
білім,
білімнің
тұжырымдамалық жүйесі, ол шындықтың белгілі
бір саласын барабар және
тұтас бейнелейді. Ол келесі қасиеттерге ие:
- Теория ұтымды ойлау қызметінің бір түрі болып табылады.
- Теория – шынайы білімнің біртұтас жүйесі.
- Теория фактілердің жиынтығын сипаттап қана қоймай, оларды түсіндіреді,
құбылыстар мен процестердің пайда болуы мен дамуын, олардың ішкі және
сыртқы байланыстарын, себепті және өзге де тәуелділіктерді анықтайды.
- Теориядағы барлық ережелер
мен қорытындылар негізделген, дәлелденген
болу керек.
Теориялар зерттеу пәні бойынша келесі топтарға жіктеледі: әлеуметтік,
математикалық, физикалық,
химиялық, психологиялық, этикалық және тағы
басқалар.
Қазіргі заманғы ғылым әдіснамасында теорияның төмендегідей
құрылымдық элементтерін бөліп қарастырады:
- бастапқы негіздер – ұғымдар, заңдар, аксиомалар, принциптер және т.б.;
-
идеалданған объект – зерттелетін
құбылыстар мен заттардың
шынайылығының, маңызды қасиеттері мен байланыстарының теориялық үлгісі;
- теорияның логикасы – дәлелдеудің белгілі бір ережелері мен тәсілдерінің
жиынтығы;
- философиялық ұстанымдар және әлеуметтік құндылықтар;
- теорияның салдары ретінде шығарылған заңдар мен ережелердің
жиынтығы.
Теорияның құрылымын ұғымдар, пайымдаулар, заңдар, ғылыми ережелер,
ілімдер, идеялар және басқа да элементтер құрайды.
Ұғым– белгілі бір заттардың немесе құбылыстардың маңызды және қажетті
белгілерін көрсететін ой.
Санат– бұл заттар мен құбылыстардың
аса маңызды қасиеттері мен
қатынастарын көрсететін жалпы, іргелі ұғым. Санаттар ғылымның жеке
саласына қатысты философиялықжәне жалпы ғылыми болып бөлінеді.