107
отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру. Магистратура жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген
тұлғалар үшін өткізіледі.
АТУ магистратурасы 2003 жылдан бастап “магистр” академиялық
дәрежесін бере отырып, тереңдетілген даярлықпен ғылыми-педагогикалық
кадрларды және мамандарды даярлау формасы ретінде жұмыс істейді.АТУ
магистратурасының білім беру бағдарламалары даярлаудың екі бағыты –
ғылыми-педагогикалық және бейінді. Сонымен қатар, бітірушілерге
кейіннен ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық
қызметпен табысты айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген
мамандандырылған кәсіптік дайындықты қамтамасыз етеді.
АТУ магистратурасында оқу белсенді зерттеу жұмыстарын, ғылым мен
тәжірибенің басым салаларында жетекші мамандардың басшылығымен
университеттің ғылыми жобаларына қатысуды көздейді.Магистратураның
білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру университеттің жетекші
шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта
жүзеге асырылады. АТУ магистранттары үшін жыл сайын шақырылған
шетелдік профессорлар дәріс оқиды, университеттің халықаралық
байланыстарының арқасында магистранттар шетелдік жоғары оқу
орындары мен зерттеу орталықтарына оқуға және тағылымдамадан өтуге
мүмкіндіктері бар.
АТУ магистратураның 19 мамандығы бойынша мамандар даярлауды
жүзеге асырады.
Магистратураға түсуші тұлғалар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
бiлiм беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) мынадай құжаттарды тапсырады:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8
мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік
қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№18657 болып тіркелген) сәйкес белгіленген нысанда ұйым басшысының
атына өтінішті;
2. жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына
құжаттарды тапсыру кезінде);
3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4. 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
5. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып
тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық
анықтаманы;
6. Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша
тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).
Достарыңызбен бөлісу: