113
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудың процедурасы
мен механизмі әр пәнге өзіндік тәншығарылған ғылыми зерттеу жұмыстарымен
және институттарымен орындалады. Студенттердің ғылыми зерттеу
жұмыстарын қорытындылап, оған өз бағасын қою үшін сол институттың
проректорының ұсынуымен сол пәнге қатысы
бар университеттің белгілі
ғалымдарынан комиссия мүшелері құрылады. Әр пәннен қорытынды бойынша
ең жақсы студенттер марапатталады.
Жоғарғы оқу орындарының көптеген кафедраларымен оқу ғылыми
семинарлары құрылады. Студент орындалған зерттеу қорытындыларына арнап
баяндамамен семинарға шығуы үшін ол семестр бойы дайындалуына мүмкіндік
жасалған. Сонымен қатар жеке үй жұмыстары да беріледі (ғылыми іздеуді
талап ететін). Бастапқы курстарда студенттердің ғылыми зерттеу
жұмыстарының бір түрі болып рефераттар табылады.
Университетте студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары өзара
байланысты формаларда ұйымдастырылған, олар шартты түрде
екі топқа
бөлінген: оқу процесіне қосылған және оқудан тыс уақытта қолданылатындар.
СҒЗЖ оқыту формалары:
- оқу зерттемелік (ғылыми курстық) жұмыстар;
- лабораториялық жұмыстар;
- зерттеу жұмыстары, тәжірибеден өту кезінде орындалады;
- дипломдық ғылыми жұмыстар және нақты жоба;
- студенттердің ғылыми семинарлары.
Оқу зерттемелік жұмыс бұл студенттің болашақ мамандығына сай ғылыми
зерттеу, конструкторлы,
жобалы қасиеті бар жұмыс, оны студент оқу
жоспарына сай нақтылы тематикамен орындайды. Оқу зерттемелік жұмыс оқу
жоспарында жеке қарастырылады және ол 3-4 курстарда оқытушы немесе
ғылыми маман қарамағындағы студентпен орындалады.Оқу зерттемелік жұмыс
сабақ кестесінен бөлек бөлінген уақытта арнайы пәннен оқытушының
қарамағында орындалуы тиіс. Оқу зерттемелік жұмыстың негізгі мақсаты
студенттерді теориялық және эксперименталды жұмыстарға үйрету,
лабораторияда нақты еңбек жағдайымен танысу, ғылыми ұжымда жұмыс істеу
болып табылады. Жұмысты орындау процесінде лабораториялық құрал -
жабдықтармен танысып, өздері әртүрлі эксперименттерді жүргізуді үйренеді.
Оқу зерттемелік жұмысты орындау үшін студенттерге лабораторияда өзіне
жұмыс орындары және керекті құрал - жабдықтары беріледі. Студенттер еңбек
ережелерін және ұсынылған кестені сақтап орындауы керек.
Жұмыстың
тақырыбы және жұмыс көлемі әр студентке жеке түрде беріледі. Кафедра,
жоспарында оқу зерттемелік жұмысы бар және студенттерді ғылыми жұмыспен
қамтамасыз етуі үшін жұмыс тақырыптарымен, ғылыми жетекшілермен,
әдістемелік құжаттармен және арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етуі
керек.Оқу зерттемелік жұмыстың жетекшілері негізінен ғылыми жұмыс
жүргізетін оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, инженерлер және докторанттар
болып табылады.
114
Оқу ғылыми семинарлары – бұл студенттердің алып жатқан мамандықтары
бойынша әртүрлі практикалық сабақтар жиынтығы. Олардың негізгі мақсаты
студенттерді өздерінің орындаған жұмыстарын
немесе ұсынып отырған
теорияларын қорғап, дәлелдей білу. Мұндай семинарлар берілген тапсырманы
сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақыттада қарастыруға арналған.1-2
курстарда жалпы ғылыми және жалпы техникалық пәндерден лабораториялық
жұмыстарға зерттемелік тапсырмалар қосылуы мүмкін.Ал, 3 - курста
лабораториялық практикаға жалпы техникалық және мамандандырылған
пәндерден де ізденісті және зерттеулерді талап ететін тапсырмалар қосылуы
керек. Бұл жұмысты орындау кезінде студент өзі жоба құрып, лабораториялық
жұмысты орындауға керекті құрал - жабдықтарды таңдап алып, оны орындап,
ең соңында ғылыми есеп береді.Дипломдық жұмыстарға және нақты жобаларға
жоғары дәрежелі талаптар қойылады. Мұндай жұмыстар жеке немесе ұжымдық
түрде бір мамандық студенттері болып немесе әртүрлі мамандық студенттері
болып орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: