110
отырып орындалады. Өзі жазу принципі диссертацияны докторанттың өзі
жазуын және диссертация авторының ғылымға, техника мен технологиялардың
дамуына қосқан жеке үлесін танытады.
Ішкі бірлік принципі диссертацияның ішкі бірлігінің болуын,
диссертацияның барлық бөлімдері мен ережелері логикалық түрде өзара
байланысты болуын; ғылыми ережелер, алынған
нәтижелер мен ұсынымдар
диссертацияда қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуын танытады.
Автор ұсынған жаңа шешімдер (қағидаттар, әдістер) дәлелденіп, бұрыннан
белгілі шешімдермен салыстырылып бағаланады.
Ғылыми жаңашылдық принципі диссертацияның ғылыми нәтижелері,
ережелері, ұсынымдары мен қорытындыларының жаңа болуын білдіреді және
диссертация:
- жиынтығы жаңа ғылыми жетістік ретінде белгіленген немесе нақты ғылыми
бағыттардың дамуы үшін аса маңызды жаңа ғылыми негізделген теориялық
және (немесе) эксперименттік нәтижелерді қамту керек;
- енуі ел экономикасын дамытуға маңызды үлес қосатын ғылыми негізделген
техникалық, технологиялық, экономикалық немесе басқару шешімдерін қамту
қажет.
Дәйектілік принципі диссертация жұмысының
нәтижелері компьютерлік
технологияларды қолдану арқылы ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы
әдістері мен деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістемелерін пайдалана
отырып алынғанын білдіреді (егер қолданылса); жаратылыстану, техникалық,
медициналық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша орындалған
диссертациялар үшін теориялық қорытындылар, модельдер,
анықталған өзара
байланыстар және заңдылықтар эксперименттік зерттеулермен дәлелденеді
және расталады; "Білім беру" тобының мамандықтары үшін нәтижелер
педагогикалық эксперимент негізінде дәлелденеді (егер қолданылса).
Диссертацияның практикалық құндылығының принципі қолданбалы мәні
бар диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен, зияткерлік меншік
куәліктерімен, өндіріске ену актілерімен және
басқа да ресми құжаттармен
расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада
қолданылуы туралы мәліметтер, ал теориялық мәнге ие диссертацияда ғылыми
тұжырымдарды
пайдалану
жөнінде
ұсынымдар
келтірілуін
танытады.Академиялық адалдық принципі диссертация авторының басқа
авторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын және диссертацияда
авторы мен дереккөзі көрсетілмеген бөтен материалдың болмауын, сондай-ақ
оның бөтен мәтінді мағынасын өзгертпей, ондағы
сөздер мен сөз тіркестерін
синонимдік ауыстыра отырып (бұдан әрі - плагиат) пайдаланбауын білдіреді.
Плагиатты табу мүмкіндігін азайту немесе жою мақсатында техникалық
құралдар мен әдістерді қолдануға да жол берілмейді.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алуға
ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғауға
дейін диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның
ішінде: кемінде 3 (үш) мақала (және/немесе шолулар) Қазақстан Республикасы
111
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің16-
тармағының121) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Ғылыми
қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми
басылымдар тізбесіне
кіретін ғылыми басылымдарда; 1 (бір) мақала
рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда жарияланады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау және олардың
біліктілігін арттыру қалай жүзеге асырылады?
2. ЖОО оқытушыларының тағылымдамадан өтуі дегенді қалай түсінесіз?
3. Квалификацияны (біліктілікті) арттыру, өсіру дегеніміз не?
4. Стажировкадан (тағлымдамадан) өту қалай жүзеге асырылады?
5. Қазақстан
Республикасында
ғылыми-зерттеу
жұмыстарын
ұйымдастыру қалай жүргізіледі?
6. Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесін атаңыз.
7. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы жайлы не білесіз?
8. «Магистр» академиялық дәрежесін алу қалай жүзеге асырылады?
9. Қазақстан Республикасының жоғарғы білім құрылымында «магистр»
академиялық дәрежесі қай жылы енгізілді?
10. АТУ-да магистратураның қанша мамандығы бойынша мамандар
даярлау жүзеге асырылады?
11. Докторантурабойыншабілім беру бағдарламасы туралы түсінігіңізді
айтыңыз.
12. Қазіргі уақытта АТУ докторантураның 11 қанша және қандай
мамандықтары бойынша мамандар даярлайды?