63
- реферативтік басылымдар (бастапқы құжаттың
қысқаша мазмұндамасынан
немесе негізгі нақты мәліметтермен және қорытындылармен бірге оның
бөлігінен тұрады (реферативтік журналдар, реферативтік жинақтар));
- библиографиялық басылымдар (шыққан басылымдардың библиографиялық
сипаттамасын қамтиды).
Қайталама жарияланбайтын құжаттар
ретінде тіркеу карталарын,
диссертациялардың есеп карточкаларын және т.б. келтіруге болады.
5.2 Құжаттардың кітапханалық-библиографиялық жіктелуі
Құжаттық қорларды ретке келтірудің дәстүрлі құралы кітапханалық-
библиографиялық жіктеме болып табылады. 1895-1905 жж. Халықаралық
библиографиялық Институт әзірлеген әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) жүйесі
кеңінен таралған. Американдық кітапханашы М. Дьюидің «Ондық жіктемесі»
әлемнің 50-ден астам елінде қолданылады.
ӘОЖ - үш құрамдас бөліктен (негізгі кестелер, кестелер және алфавиттік-
пәндік көрсеткіштер) тұратын иерархиялық комбинациялық жіктеу.
Индексацияда сандық, араб цифрлары қолданылады.ӘОЖ-барлық құжаттар 10
тармаққа бөлінген жіктеу:
0-Жалпы бөлім;
1-Философия;
2-Дін;
3-Қоғамдық
ғылымдар;
4-Еркін бөлім;
5-Математика. Жаратылыстану ғылымдары;
6-Қолданбалы білім. Медицина. Техника;
7-Спорт. Фотосурет. Көріністер;
8-Тіл білімі. Филология. Көркем әдебиет.Әдебиеттану;
9-Өлкетану. География. Өмірбаян. Қазақстан тарихы.
Осы 10 тармақтың әрқайсысы 10 кіші тармаққа, одан кейін тағы он және
т.с.с. болып бөлінеді. ӘОЖ-нің айрықша белгілері білімнің барлық салаларын
қамту, ішкі тармаққа шексіз бөлу мүмкіндігі,
араб цифрларымен индекстеу,
анықтауыштар мен индекстердің дамыған жүйесінің болуы болып табылады.
Жаңа айдарлардың негізгі кестелерінің айтарлықтай нақтылануы және
анықтағыштардың көмегімен пайда болуының бай мүмкіндіктері ӘОЖ-ні
неғұрлым әзірленген әмбебап жіктемелердің бірі деп есептеуге мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: