59
мақала немесе қорытынды. Кітаппен осындай танысу оны әрі қарай оқу орынды
ма, жоқ па екенін анықтауға көмектеседі.
Кітапты оқудың екі жолы бар: оның мазмұнын жылдам көріп шығу немесе
оның мәтінін мұқият пысықтау. Мазмұнын жылдам көру арқылы кітаптің
жалпы сипаттарымен танысуға болады. Мұндай «іздеу» жолы арқылы осы
кітапты әрменқарай оқу және оны мұқият зерделеу қажет болуы мүмкін.
Мәтінді мұқият пысықтау
тек оны толық оқу ғана емес, сонымен қатар
оқылғанды меңгеру, түсіну, егжей-тегжейлі талдау. Арнайы әдебиетті оқу
кезінде бір немесе бірнеше мәнді түсіндірілуі мүмкін барлық ұғымдар мен
терминдерді нақтылау маңызды. Ол үшін оларды түсіндіруге берілген сөздіктер
мен анықтамаларға жүгіну қажет. Сонымен қатар, мәтінде автордың негізгі
ережелері мен тұжырымдарын және оларды негіздейтін
дәлелдемелерді атап
көрсету керек. Егер қажетті, қызықты жарияланым зерделенсе және мәтінді
мұқият пысықтау қажет болса, онда оны көшіру мүмкіндігі болмаған жағдайда
Достарыңызбен бөлісу: