Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет33/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Өнертабыс - өнімге немесе тәсілге қатысты кез келген саладағы техникалық 
шешім (құрылғы, конструкция, бұйым, зат, химиялық қосылыс және т.б.). 
Қолданылу мерзімі 20 жыл. Өнертабыс жаңа болса, сонымен қатар ол 


68 
өнертабыстық деңгейі бар және өнеркәсіпте қолданылатын болса, оған патент 
беріледі.
Өнертабыс болып келесілер саналмайды: 
- жаңалықтар, сондай-ақ ғылыми теориялар мен математикалық әдістер
- бұйымдардың тек сыртқы түріне қатысты және эстетикалық 
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған шешімдер; электрондық есептеу 
машиналарына арналған бағдарламалар; 
- тек ақпарат түрінде ұсынуда болатын шешімдер. 
Пайдалы модель - құрылғыға (конструкцияларға немесе бұйымдарға) 
қатысты техникалық шешім. Қолданылу мерзімі 5 жыл. Пайдалы модельге егер 
ол жаңа және өнеркәсіпте қолданылатын болса, оған патент беріледі. Төмендегі 
көрсеткіштер пайдалы модель болып саналмайды: 
- бұйымдардың тек сыртқы түріне қатысты және эстетикалық 
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған шешімдер; 
- қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль қағидаларына қайшы 
келетін шешімдер. 
Өнеркәсіптік үлгі - көркемдік - конструкторлық бұйымдардың сыртқы 
түрін анықтайтын өнеркәсіптік шешім. Қолданылу мерзімі 10 жыл. 
Өнеркәсіптік үлгі жаңа және бірегей болып табылса оған патент беріледі. 
Өнеркәсіптік үлгі болып төмендегілер саналмайды: 
- бұйымның тек қана техникалық функциясына негізделген шешімдер; 
- сәулет нысандары (шағын сәулеттік нысандардан басқа), өнеркәсіптік, 
гидротехникалық және басқа да тұрақты құрылыстар; 
- сұйық, газ тәрізді, сусымалы немесе оларға ұқсас заттардан жасалған 
тұрақсыз нысандағы объектілер; 
– қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль қағидаларына қайшы 
келетін бұйымдар.
Тауарлық белгі - заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын, орындайтын 
жұмыстарын немесе көрсететін қызметтерін дараландыру үшін қызмет ететін 
белгі. Тауарлық белгінің өзіндік ерекшелігі болса және тұтынушыны 
қызықтыру дәрежесіне дейін белгілі белгілерге кірмесе, оған патент беріледі. 
Тауар таңбасы ретінде сөз, бейнелеу, көлем және басқа да белгілер немесе 
олардың кез келген түсті комбинациялары тіркелуі мүмкін. Тауар таңбалары 
ретінде айырмашылық қабілеті жоқ немесе тек элементтерден тұратын 
белгілерді тіркеуге жол берілмейді, оларға:
– жалпы пайдаланудағы бір түрдегі тауарларды белгілеу; 
– жалпы қабылданған символдар мен терминдер болып табылатын 
белгілер; 
– тауарларды сипаттайтын, оның ішінде олардың түрін, сапасын, санын, 
қасиетін, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ өндіріс немесе өткізу уақытын, 
орнын, тәсілін көрсететін белгілер; 
– тауардың формасын сипаттайтын белгілер. 


69 
Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент беруге 
өтінімді патент алуға құқығы бар тұлға зияткерлік меншік жөніндегі атқарушы 
биліктің федералдық органына береді. 
Өнертабысқа өтінімде: 
- өнертабыс авторын және атына патент сұралатын тұлғаны, сондай-ақ 
олардың тұрғылықты жерін немесе орналасқан жерін көрсете отырып, патент 
беру туралы өтініш; 
- жүзеге асырудағы өнертабыстың толық және жеткілікті сипаттамасы
- сипаттамаға толық негізделген және оның мәнін білдіретін өнертабыс 
формуласы; 
- өнертабыстың мәнін түсіну үшін қажет болған жағдайдағы оның 
сызбалары және өзге де материалдары; 
- реферат. 
Пайдалы модельге өтінім мыналарды қамтуы тиіс:
- пайдалы модельдің авторын және атына патент сұратылып отырған 
тұлғаны, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерін немесе орналасқан жерін 
көрсете отырып, патент беру туралы өтініш; 
- пайдалы модельді толық ашып көрсететін, оны жүзеге асыру үшін 
жеткілікті мағлұматтары бар сипаттамасы; 
- пайдалы модельдің мәнін білдіретін және сипаттамаға толық негізделген 
оның формуласы; 
- пайдалы модель мәнін түсіну үшін қажет болған жағдайдағы сызбалар; 
- реферат. 
Өнеркәсіптік үлгіге өтініммен бірге болуы тиіс: 
- өнеркәсіптік үлгінің авторы және атына патент сұралатын тұлға, сондай-
ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетілген патент беру 
туралы өтініш; 
- бұйымның сыртқы түрі туралы толық түсінік беретін бұйымның 
бейнелерінің жиынтығы;
- егер өнеркәсіптік үлгінің мәнін ашу қажет болса, онда бұйымның жалпы 
түрінің сызбасы; 
- өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы; 
- өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілерінің тізімі.
Тауарлық белгіге өтінім: 
- өтініш беруші, сондай-ақ оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері 
көрсетілген белгіні тауар таңбасы ретінде тіркеу туралы өтініш; 
- мәлімделген белгі; 
- тауар таңбасын тіркеуге және белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен 
қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша топтастырылған тауарлар 
тізбесі; 
- мәлімделген белгінің сипаттамасы. 
Патенттік зерттеулер процесінде пайдаланылатын ақпарат көздері ретінде 
бюллетеньдер мен сипаттамалар қолданылады.


70 
Бюллетендер- бұл қажетті патенттік материалдарды алдын ала таныстыру 
және іріктеу үшін қысқаша ақпарат берілетін патенттік ақпараттың ең жедел 
көзі: сызбасы бар өнертабыс формуласы (аннотация, реферат). Өнертабыстың, 
пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы мыналарды 
қамтиды: халықаралық патенттік жіктеме индексін және атауын; қолданылу 
саласын; ұқсастардың сипаттамасы мен сынын; прототиптердің сипаттамасы 
мен сынын; өнертабыс міндетін; сипаттаманың құрылымын; техника деңгейін 
(аналогтардың сипаттамасы және олардың сынын, неғұрлым жақын аналогтың 
ерекшелігі және оның сынын, өнертабыс міндетін); өнертабысты ашу; өтінімде 
болған жағдайдағы сызбалардың қысқаша сипаттамасын; өнертабысты жүзеге 
асыру (яғни нақты орындаудың мысалы).
Бақылау сұрақтары: 
1. Ғылыми құжат дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіз? 
2. Ғылыми ақпараттың қандай түрлерін білесіз? 
3. Құжаттардың кітапханалық-библиографиялық жіктелуі қалай жүзеге 
асады? 
4. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік айдары дегеніміз не және 
ол нені сипаттайды? 
5. Ғылыми-техникалық патенттік ақпарат дегенді қалай түсінесіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет