Абдигалиева



бет23/60
Дата16.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#108169
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Байланысты:
Оқулық ғылыми зерттеу әд

Ғылыми басылымдардың түрлері.
Теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ, жариялауға ғылыми түрде дайындалған мәдениет ескерткіштері мен тарихи құжаттары бар басылым ғылыми болып саналады. Ғылыми басылымдар келесі түрлерге бөлінеді: монография, диссертацияның авторефераты, препринт, ғылыми еңбектер жинағы, ғылыми конференция материалдары, ғылыми конференция баяндамаларының тезистері, ғылыми – көпшілік басылым.
Монография– бір мәселені (проблеманы) немесе тақырыпты толық және жан-жақты зерттеуді қамтитын және бір немесе бірнеше авторларға тиесілі ғылыми немесе ғылыми-танымал кітап басылымы.
Диссертацияның авторефераты– ғылыми дәрежені алуға ұсынылған, автор жасаған зерттеу рефераты бар брошюралар түріндегі ғылыми басылым.
Препринт– басылым жарыққа шыққанға дейін жарияланған алдын ала сипаттағы материалдары бар ғылыми басылым.
Ғылыми еңбектер жинағы– ғылыми мекемелердің, оқу орындарының немесе қоғамдардың зерттеу материалдарынан тұратын жинақ.
Ғылыми конференцияның материалдары– ғылыми конференцияның қорытындылары (бағдарламалар, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер) бар ғылыми-периодты емес жинақ.
Ғылыми конференцияның баяндамаларының (хабарламаларының) тезистері – конференция басталғанға дейін алдын ала жарияланған материалдары (аннотациялар, баяндамалар мен хабарламалардың рефераттары) бар ғылыми периодты емес жинақ.
Ғылымикөпшілік басылым– ғылым, мәдениет және техника саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеулер туралы мәліметтері бар, арнайы маман емес оқырман үшін қолжетімді нысанда жазылған басылым.
Оқу басылымдарының түрлері.
Оқу басылымы– бұл ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы жүйеленген мәліметтерді қамтитын, оқыту мен оқуға ыңғайлы нысанда жазылған және әртүрлі жастағы және оқу дәрежесіндегі оқушы қауымға арналған басылым. Оқу басылымдарының түрлері: оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал және т.б.
Оқулық – оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу пәнінің (оның бөлімінің, бөлімшесінің) жүйелі баяндалуын қамтитын оқу басылымы.
Оқу құралы– басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқулықты толықтыратын немесе жартылай (толық) ауыстыратын оқу басылымы.
Оқу-әдістемелік құрал– пәннің мазмұндамасы, сондай-ақ практикалық және дербес жеке жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік материалдар, оқу пәнін оқыту әдістемесі (оның бөлімі, бөлімшесі) немесе тәрбие әдістемесі бойынша материалдар қамтылған оқу басылымы.



    1. Анықтамалық-ақпараттық басылымдар



Анықтамалық басылым– ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы қысқаша мәліметтері бар және оларды тез табуға ыңғайлы тәртіппен орналасқан, жаппай оқуға арналмаған басылым. Бұларға – сөздіктер, энциклопедиялар, маманның анықтамалары және т.б. жатады.
Ақпараттық басылым– ғылыми – ақпараттық қызметті жүзеге асыратын ұйым, оның ішінде ғылыми-техникалық ақпарат органдары шығаратын құжаттар (жарияланған, жарияланбаған, жарияланбайтын) туралы жүйелендірілген мәліметтеріне түпнұсқада ұсынылған мәліметтерді талдау және қорыту нәтижесі бар басылым. Бұл басылымдар библиографиялық, реферативтік, шолу болуы мүмкін.
Библиографиялық басылым – библиографиялық жазбалардың (сипаттамалардың) реттелген жиынтығы бар ақпараттық басылым.
Реферативті басылым – бұл рефераттарды қамтитын библиографиялық жазбалардың реттелген жиынтығы бар ақпараттық басылым. Оларға реферативтік журналдар, реферативтік жинақтар, ақпараттық парақтар және жедел ақпарат жатады.
Шолу басылымы – бұл ақпарат көздерінде ұсынылған мәліметтерді талдау және қорыту нәтижелерін қамтитын бір немесе бірнеше шолулардың жарияланымы бар ақпараттық басылым.
Басылымдар үздіксіз емес, мерзімді және жалғасушы болуы мүмкін.
Үздіксіз емес басылым бір рет шығады және оның жалғасы алдын ала қарастырылмаған күйде болады. Бұларға кітаптар, брошюралар, парақшалар жатады. Кітап– көлемі 48 беттен артық басылым түрі. Кітапша – көлемі төрт
беттен артық, бірақ 48 беттен артық емес басылым. Парақша басылымы деп бірден төрт бетке дейінгі мәтіндік парақ басылымын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет