Абдигалиева



бет49/60
Дата16.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#108169
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
Байланысты:
Оқулық ғылыми зерттеу әд

Докторантура. Докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми,
педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Докторантураға конкурс негізінде кемінде 1 жыл еңбек өтілі және
«магистр» дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
АТУ докторантурасы Болон процесінің халықаралық талаптары мен принциптеріне сәйкес ғылыми, ғылыми-педагогикалық, өндірістік және инновациялық қызмет салалары үшін жоғары ғылыми білікті мамандарды элиталық даярлауды қамтамасыз етеді.
Алғаш рет PhD докторантурасының бағдарламасы 2009 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша «тамақ өнімдерін сақтау технологиясы және қауіпсіздігі» мамандығы бойынша эксперименталдық бағдарлама аясында әзірленді. АТУ докторантурасының білім беру бағдарламалары-бұл ғылыми- педагогикалық бағыты және іргелі, білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығы бар және докторантура мамандықтары бойынша жоғары академиялық дәреже алуға мүмкіндік беретін ғылымның тиісті бағыттары бойынша пәндерді тереңдетіп оқытатын кәсіби жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары «философия докторы (Ph.D)».
Докторантураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру университеттің жетекші шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Екі ғылыми кеңесшінің (отандық және шетелдік) болуы докторантқа таңдалған салада іргелі дайындықты, сондай-ақ өзінің ғылыми зерттеулерінде ғылым саласындағы жаңа әзірлемелерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Докторанттың жеке оқу траекториясының зерттеу компоненті шетелдік жетекшінің университетінде шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігін болжайды, бұл алғашқы көздермен жұмыс істеуді, қабылдаушы ЖОО немесе зерттеу орталығы базасында ғылыми эксперименттер жүргізу мүмкіндігін, халықаралық деңгейдегі ғылыми симпозиумдарда, конференцияларда, семинарларда және т. б. көрсетілімдерді қамтамасыз етеді.
PhD докторантураға оқу өндірістен қол үзіп мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады. Оқу мерзімі – 3 жыл.
Қазіргі уақытта АТУ докторантураның 11 мамандығы бойынша мамандар даярлайды.
Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады. Докторантура білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын докторантура бағдарламасына қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдар дербес жүргізеді.
Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. өтініш (еркін түрде);

  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

  3. білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);

  4. шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;

  5. № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

  6. 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

  7. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;

  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда);

  9. алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.Диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін тағайындалады.
Диссератцияны қорғау. Диссертация ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың жетекшілігімен орындалады.
Мемлекеттік құпиялары бар диссертация ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын не ғылыми-педагогикалық жұмысының тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласында ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын екі отандық ғылыми консультанттың жетекшілігімен орындалады.
Диссертацияның тақырыбы (бекіту күніне) "Ғылым туралы" Заңның 18- бабының3-тармағынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қалыптастыратын ғылымның даму бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы тиіс (Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тануға ұсынылған диссертациялардан басқа).
Диссертация өзі жазу, ішкі бірлік, ғылыми жаңашылдық, дәйектілік, практикалық құндылық пен академиялық адалдық принциптері сақтала
отырып орындалады. Өзі жазу принципі диссертацияны докторанттың өзі жазуын және диссертация авторының ғылымға, техника мен технологиялардың дамуына қосқан жеке үлесін танытады.
Ішкі бірлік принципі диссертацияның ішкі бірлігінің болуын, диссертацияның барлық бөлімдері мен ережелері логикалық түрде өзара байланысты болуын; ғылыми ережелер, алынған нәтижелер мен ұсынымдар диссертацияда қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуын танытады. Автор ұсынған жаңа шешімдер (қағидаттар, әдістер) дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырылып бағаланады.
Ғылыми жаңашылдық принципі диссертацияның ғылыми нәтижелері, ережелері, ұсынымдары мен қорытындыларының жаңа болуын білдіреді және диссертация:

  • жиынтығы жаңа ғылыми жетістік ретінде белгіленген немесе нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін аса маңызды жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелерді қамту керек;

  • енуі ел экономикасын дамытуға маңызды үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, технологиялық, экономикалық немесе басқару шешімдерін қамту қажет.

Дәйектілік принципі диссертация жұмысының нәтижелері компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері мен деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістемелерін пайдалана отырып алынғанын білдіреді (егер қолданылса); жаратылыстану, техникалық, медициналық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша орындалған диссертациялар үшін теориялық қорытындылар, модельдер, анықталған өзара байланыстар және заңдылықтар эксперименттік зерттеулермен дәлелденеді және расталады; "Білім беру" тобының мамандықтары үшін нәтижелер педагогикалық эксперимент негізінде дәлелденеді (егер қолданылса).
Диссертацияның практикалық құндылығының принципі қолданбалы мәні бар диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен, зияткерлік меншік куәліктерімен, өндіріске ену актілерімен және басқа да ресми құжаттармен расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер, ал теориялық мәнге ие диссертацияда ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнінде ұсынымдар келтірілуін танытады.Академиялық адалдық принципі диссертация авторының басқа авторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын және диссертацияда авторы мен дереккөзі көрсетілмеген бөтен материалдың болмауын, сондай-ақ оның бөтен мәтінді мағынасын өзгертпей, ондағы сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік ауыстыра отырып (бұдан әрі - плагиат) пайдаланбауын білдіреді. Плагиатты табу мүмкіндігін азайту немесе жою мақсатында техникалық құралдар мен әдістерді қолдануға да жол берілмейді.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғауға дейін диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде: кемінде 3 (үш) мақала (және/немесе шолулар) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің16- тармағының121) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіретін ғылыми басылымдарда; 1 (бір) мақала рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда жарияланады.

Бақылау сұрақтары:





    1. Ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қалай жүзеге асырылады?

    2. ЖОО оқытушыларының тағылымдамадан өтуі дегенді қалай түсінесіз?

    3. Квалификацияны (біліктілікті) арттыру, өсіру дегеніміз не?

    4. Стажировкадан (тағлымдамадан) өту қалай жүзеге асырылады?

    5. Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру қалай жүргізіледі?

    6. Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесін атаңыз.

    7. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы жайлы не білесіз?

    8. «Магистр» академиялық дәрежесін алу қалай жүзеге асырылады?

    9. Қазақстан Республикасының жоғарғы білім құрылымында «магистр» академиялық дәрежесі қай жылы енгізілді?

    10. АТУ-да магистратураның қанша мамандығы бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылады?

    11. Докторантурабойыншабілім беру бағдарламасы туралы түсінігіңізді айтыңыз.

    12. Қазіргі уақытта АТУ докторантураның 11 қанша және қандай мамандықтары бойынша мамандар даярлайды?


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет