ЭЛЕМЕНТ 2 Университеттің оқыту үдерісінде өзін өзі ұйымдастыру Уақыт менеджменті. Дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу. Оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар. Оларды шешудің алгоритмі.
Мақсаты: Студентке, дәріске, практикалық сабақтарға дайындалудың негізгі техникалары, оқу барысындағы проблемалық жағдаяттарды шешудің алгоритмі туралы түсінік қалыптыру Студентке өзінің уақытын тиімді жоспарлау, алынған тәжірибесіне талдау, рефлексия жасауға үйрету; Тайм-менеджмент (уақытты басқару) Мақсаты: студенттің өз уақытын тиімді басқару қабілетін дамыту;
Берілген тізімнен уақытты тиімді пайдалануға кері әсер ететін жағдайларға талдау жасаңыздар. Өзіндік олардың алдын алу жоспарын жасаңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары: Тапсырма № 1 Уақытты тиімді пайдалануға кері әсері тигізетін жағдайлар.
Күн тәртібінде мақсаттың нақты айқындалмауы
Істерде басымдықтардың болмауы;
Бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға әрекет жасау;
Алдағы тапсырмалар мен қиындықтар оларды шешу жолдары туралы түсініктерінің болмауы;
Күн тәртібін жоспарлау алмау;
Жеке тұлғалық ұйымдаспағандық, шашылып жатқан оқу үстелі;
Материалды аса көп оқу;
Мотивацияның жетіспеуі;
Телефонмен сөйлесу;
Әлеуметтік желілерде отыру (агент, контакт, Facebook);
Жұмысты аяғына дейін жеткізбеу;
сабаққа дайындыққа аз уақыт бөлу;
жеке тақырыптарға басқалармен көп әңгімелесу;
аса көпшілдік;
«басқа күнге қалдыру» синдромы;
асуғу; нәтиженің тез болуын күту; аса шыдамсыздық.
Тапсырма № 2 Күнделікті тапсырмаларды тиімді орындау үшін күн тәртібін аса ұқыптылықпен жоспарлау маңызды. Кешегі күніңізді талдап, қойылған мақсаттарға кедергі келтіретін кері жағдайларды анықтаңыз. Сіздің ойыңызша, университетте тиімді ұйымдастырылған күн тәртібі қалай болу қажет?