Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі басымдықтары А)Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) білім көлемін біріздендіру;
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
Б). Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:
1) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
2) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
3) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
4) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
5) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;
6) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;
7) Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және практикалардан тұрады.
Пікірлесуге арналған сұрақтар? Университет пен мектепте білім алудың қандай басты айырмашылықтары бар?
Университетте студенттің білім алу үдерісін жекедараландыру үшін қандай жағдай жасалу қажет?
Белсенді үлестірме материал № 2
Академиялық эдвайзер студентке академиялық қолдау көрсетудің негізгі компоненті ретінде Эдвайзер, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің реформалауымен келген «жаңа феномен» деп тұжырымдауға болады.
Білім алушыларды кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктеріне бейімдеу, ақпараттық хабардарлығы мен академиялық сауаттылығын арттыру, олардың жеке оқу траекториясын саналы түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мәселелерді қанағаттандыру үшін, соңғы жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарына эдвайзер-оқытушы, тьютор-оқытушы деген жаңа қызметтер енгізілуде.Қазақстандық білім беру жүйесінде «академиялық эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы» деп анықталады.
Студенттерге академиялық кеңес беру ортағасыр университеттерінде кең дамыды. Осы уақытта академиялық «эдвайзер» термині қолданылмаса да, факультет мүшелері, оқытушылар аудиториялық, аудиториядан тыс іс - шараларды ұйымдастырып, білім алушылардың қосалқы ата - аналарын рөлін атқарған. Гарвард, Йель, Уильям және Мэри университеттерінің профессор - оқытушылар құрамы студенттердің интеллектуалдық, адамгершілік тәрбиесіне белсене атсалысып, академиялық кеңес беру үздіксіз жүргізіліп, студенттердің діни, ақыл - ой көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен. Осы уақыт аралығында, элективті курстар жүйесінің қалыптасуы, тәжірибеге ендірілуіне бағыт бұрған, Гарвард және басқа да АҚШ-тың алғашқы жоғары оқу орындары, факультет мүшелерінің студенттерге кеңес беруін талап ретінде орнатты. Дегенмен, студенттерге оқу үрдісінде бағыт - бағдар беретін кәсіби тұлғалардың қажеттігін түсініп, 1841 жылы АҚШ - та бірінші болып Охайо Кенион колледжі (Kenyon College of Ohio) ресми түрде академиялық эдвайзерлерді оқу үрдісіне енгізген.
Эдвайзерлер, студенттің берілген пәндер каталогы тізімінен өзінің болашақ мамандануы (major), фундаменталды, қажетті пәндерді таңдауда қателіктер жібермеуін басқарады.
Академиялық эдвайзерлер,кеңес беру арқылы білім алушылардың жетістігіне; кеңес беру үрдісіне университет мүшелерін (профессор-оқытушы құрамы, инструктор, әкімшілік),университеттің академиялық қолдау көрсету ресурстарын (жазу, оқыту - кеңес беру орталықтары) қатыстыруына; жоғары оқу орнының саясаты мен ерекшеліктері туралы ақпарат беруге; жалпы жоғары білім беру жүйесінің қызметіне жауапты болады.
Кейбір АҚШ – ғалымдары, эдвайзерлерді оқытушылар қатарына жатқызады. Мысалы, ғалым Appleby академиялық эдвайзерлер мен оқыту үрдісінің арасындағы байланыстылықты орнатты. ЖОО-да оларды арнайы дайындау, біліктілігін үнемі арттыру, студенттің дамуының теориялары, бойынша білімдерін жетілдіріп отыру, сапалы академиялық кеңес берудің негізі болады деп тұжырым жасады.
Ал, ғалым Т. O’Банион (O’Banion,1972) «дамытушы» эдвайзердің моделін негіздеп, оның кәсіби іс-әрекетінің өлшемдерін ( the dimensions of the process of academic advising) ажыратты:
білім алушылардың өмірлік мақсаттарын зерттеу;
2) карьералық мақсаттарын анықтау;
3) негізгі және оқу бағдарламасын іріктеу;
4) оқу курстарын жоспарлау;
5) студенттің сабақ кестесін құру.
Академиялық кеңес беру үрдісінің формалары мен құралдары еңбастысы эдвайзердің және студенттің әрекеттесу мақсатымен, сонымен қатар іс-әрекет мазмұнына сай іріктеліп, жүргізіледі.
Сонымен қатар, академиялық қолдау көрсету үдерісі, Дж. Брансфорд және Б.С. Стейн ұсынған академиялық кедергілерді шешу технологиясы (IDEAL) бойынша бірізділікпен ерекшеленетін бес кезеңнің жиынтығы болып табылады: диагностикалық (I- Identify) (академиялық мәселелерді айқындау, белгілеу); ізденістік (D-Define) (себептерін іздестіру); келісімдік (E- Explore) (академиялық кедергілердің шешу стратегиясын қарастыру, жауапкершілікті бөлу, қадамдық жоспарын әзірлеу); іс-әрекеттік (A-Anticipate and Act) (айқындалған жоспардың мүмкін болатын салдарын алдын-ала болжау), рефлексивтік (L- Look back and learn) (іс-әрекетке кері байланыс жасау).