Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна


АҚК- академиялық қолдау көрсету ЖОО



бет6/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
disser abdykhal

АҚК- академиялық қолдау көрсету
ЖОО – жоғары оқу орны
IDEAL - академиялық кедергілерді шешу технологиясы
LLL- өмір бойы білім алу (lifelong learning)

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда, әлемдік білім беру үрдісіндегі қарқынды жүріп жатқан өзгерістерде бәсекеге қабілетті болу үшін, Қазақстанның жоғары білім беру бағыттары мен саясаты қайта қарастырылып, университеттерде шетел тәжірибелері қарқынды қолданылуда.
ҚР-да 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, «білім берудің қазақстандық жүйесі, жаһандық бәселекестіктен көріну үшін білім беру мазмұны және технологиясы саласында озық әлемдік тәжірибелерді қолдануды, жаңашыл біріктірілген ғылыми – білім беру құрылымдарды жасауды, білім беру қызметтерінде халықаралық ынтымақтастықты арттыруды мақсат етуіміз керек» - деп білімдегі басымдықтар анықталған [1]. Халықаралық білім кеңістігіне бетбұрыс жасаудың басты мақсаты - әлемдік стандарттармен сәйкес болатын қазақстандық білім сапасын қалыптастыру, нарық қоғамында оның бәсекелестігі мен тартымдылығын арттыру.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену үдерісі, Қазақстан Республикасының 1997 жылы, ТМД елдері арасында алғаш болып Лиссабон конвенциясына қосылуынан, қатысушы мемлекеттердің дипломдары мен біліктіліктерін тануға бағытталған жаңашыл үрдіске қадам басуынан көрінеді. Кейіннен, ҚР 2010 жылы Болон декларациясына қол қойған 47-ші мемлекет ретінде, жоғары оқу орындардың оқу-тәрбие үдерісі кредиттік оқыту технологиясына толық көшті.
Кредиттік оқыту технологиясы заман талаптарына сәйкес болашақ маманның жеке оқу траекториясын, жекетұлғалық және кәсіби дамуының бағытын құруға, өздігінен білім алу, оқу іс-әрекетінің дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын жаңа оқу технологиясы. Осыған орай, студенттің жаңа білім беру үдерісіне интеграциялануына, бейімделуіне, жеке оқу траекториясын, дербес оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу үдерісіне жауапкершілігін арттыруына қандай жағдай жасалуы қажет деген маңызды мәселелер туындайды. Маңызды басымдықтарды шешу үшін, білім алушыларды кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктеріне бейімдеу, олардың ақпараттық хабардарлығы мен академиялық сауаттылығын арттыру, жеке оқу траекториясын саналы түрде қалыптастыруды қажет етеді.
ҚР жоғары білім беру жүйесін реформалау мен жетілдірудегі кездесетін мәселелерді шешу үшін озық мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ университеттеріндегі студенттің жекетұлғаға бағытталған оқыту ортасын қалыптастырудағы бірнеше ғасырлық тарихы бар озық тәжірибелерін, атап айтқанда университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету бағытын (Student Academic Support Services) жан-жақты талдауды, оны бейімдеп тәжірибеге ендіруді қажет етеді. Себебі, Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің әртүрлі салаларындағы өзгешеліктерге қарамастан, білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеру тұрғысынан ұйымдастырылған, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету кешені, өзінің ғасырлық тарихында дамып, сұрыпталып, әмбебеп әлемдік тәжірибеге айналып, басқа да елдер үшін қолдану мүмкіндігіне ие болып отыр.
Сонымен қатар, өткен кезеңнің саясатына байланысты, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің басым бағыттары, отандық, ресейлік ғылыми-зерттеу жұмыстарында, сыни-иделогиялық тұрғыдан анықталды. Бұл жағдайлар, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесін талдауда жаңашыл көзқарастарды қалыптастыруды қажет етеді. Осы бағыттағы АҚШ тәжірибесінің толыққанды зерттелуі мен қолдану мүмкіндіктерін анықтау жолдары, отандық жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту технологиясы бойынша мамандар даярлаудың сапасын арттыруына жол ашады.
Зерттеу мәселесіне қатысты, АҚШ-тың жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға мүмкіндік беретін студенттерге академиялық қолдау кешенінің мақсаты, міндеттері, университеттегі рөлі, бағдарламалары, көрсететін қызмет түрлері ерекше назар аудартады.
Диссертация тақырыбының зерттелу жағдайына келетін болсақ, АҚШ-тың жоғары білім беру мәселелерінің әртүрлі аспектілері А.К. Кусаинов [2], Д.А. Асильбеков [3], А.Б. Куспанов [4], Г.К. Досыбаева [5], Х.М. Рахимбек [6], К. Токтыбаева [6], С. И.Керимкулова [7] орта білім беру бойынша З.У. Кенесарина [8], А.О. Искакова [9] сияқты отандық ғалымдардың еңбектерінде зерделенген.
Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекелестікте болу мақсатында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің реформасының басымдықтары, елбасы Н.Ә. Назарбаевтың [10], [11], [12] еңбектерінда көрініс тауып, оның негізгі бағыттарын шетел тәжірибесінен бейімдеп, университет практикасына енгізудің теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыттарын жан-жақты, дәлелді зерттеген Н. Асанов [13], А.Атыханов [14], Ж.А. Кулекеев, Г.К. Ахметова , С.Б. Әбдіғаппарова, С.Р.Ибатуллин, Б.С. Әбдірәсілов, [15], С.Ә. Әбдіманапов, [16], Ж.Д. Дадабаев [17], А.А. Кусаинов [18] және басқа да ғалымдар кредиттік оқыту технологиясының негізгі ұғымдары мен ережелерін айқындап, оны жоғары мектеп практикасына ендірілуіне орасан үлес қосты. Аталған авторлар, жаңашыл жоғары мектеп тәжірибесінде, оқу уақытын ұтымды пайдалану, оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдістерді қолдану, оқыту сапасын арттыру сияқты мәселелерге ерекше мән бере отырып, студенттің оқу үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыруы, кәсіби таңдау жасауы, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға қажетті университет тарапынан белгіленетін академиялық қолдау көрсету қызметтері мен бағдарламаларыг жетілдіруді, озық шетелдік тәжірибелерден бейімдеп қолданудың қажеттігін басып көрсетті.
АҚШ–тың жоғары беру жүйесінің негізгі үрдістері мен бағыттары ресейлік ғалымдар Ю.В. Ерастов [19], А.М. Белякин [20], М.С.Сунцова [21], Э. Ю. Каверина [22], О.В. Рузанова [23], А.В.Ширикова [24], М.В.Широкова [25], М.А.Серебрякова [26], М.В.Дюжакова [27], О.В. Кузнецова [28], Н.М. Лизунова [29] Г.В. Шевцова [30], болашақ мамандарды кәсіптік даярлаудың әртүрлі аспектілері Л.С. Дохикян [31], И.Н. Лазарева [32], А.М. Кадиров [33] Н.В.Малкова [34], Н.В.Гольцова [35], А.А. Хатюшина [36], М.Ш.Ракипова [37], Ж.О.Кузьминых [38], Д.Н.Сухиненко [39], О.В. Коренькова [40], Р.М.Роман [41], Н.И. Костина [42], Л.Е. Смалько [43] еңбектерінде көрініс тапқан.
АҚШ университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытының тарихи тұрғыдан дамуын американдық ғалымдар F. Rudolph [44], J.R.Thelin [45,46], A.L. Rentz [47] маман даярлаудағы алатын рөлі V.Tinto [48], J. C Hurst & J.K.Jacobson [49], D.G.Creamer & E.G. Creamer [50], D.Hollowell [51], J. D. Finn & D. A.Rock [52], A.W. Astin,[53], K. Arnold, G.D. Kuh [54], M.Beede & D.Burnett [55] студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін бағдарламалары B.B. Crookston [56], T.O’Banion [57], S.H. Frost [58], W.R. Habley [59], S.Goodlad & B.Hirst [60], E.S.Reid [61], E.Pascarella & P. Terenzini [62], R. J. Light [63], D.Saunders [64] және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Жоғарыда көрсетілген американдық ғалымдардың жұмыстары, зерттеу тақырыбының теориялық- концептуалдық негізін толық түсінуге мүмкіндік берді.
Отандық, ресейлік компаритивистер А.К. Кусаинов [65], Н.Анарбек [66], Ш. Йюрген [67], Т.Н. Щербакова [68], А. Н. Джуринский [69], Б.Л.Вульфсон [70], З.А. Малькова [71], В.А. Капранов [72] зерттеулері салыстырмалы педагогика бойынша зерттеу жүргізуге негіз болатын, әдіснамалық мәселелер мен жалпығылыми ережелерді анықтауға мүмкіндік берді.
Дегенмен, АҚШ-тың жоғары мектеп тәжірибесіндегі студенттерге жүйелілік тұрғысынан ұйымдастырылған академиялық қолдау көрсету бағытының отандық, ресейлік педагог-ғалымдарының еңбектерінде арнайы зерттеу нысанының болмауы тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.
Жоғары оқу орындары студенттеріне университет жанында академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру нақты теориялық және практикалық мәселе ретінде шетел тәжірибесін зерттеу қажеттілігі бүгінгі жоғары білім беру үдерісінің басым бағыттарына байланысты мамандардың кәсіби сапасына, дайындығына қоғам тарапынан қойылатын талаптарымен түсіндіріледі. Себебі, Қазақстан Республикасында жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер студенттерді білім алу үдерісіне жауапты, субъекті тұлға ретінде қалыптастыруды маңызды, басты міндеттердің бірі ретінде қарауды талап етіп отыр.Бұл міндеттің жүзеге асырылуы жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісін жүйелі тәсілмен cтудент тұлғасына бағытталған оқыту технологиясы негізінде ұйымдастыруды көздейді.
Осы уақытқа дейінгі отандық, ресейлік ғалымдардың, Американың жоғары білім беру жүйесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық, психологиялық басылымдарына жасалған талдаудар, АҚШ-тың университеттерінде студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтары мен әртүрлі бағдарламаларының ұйымдастырылу ерекшеліктері жеке зерттеу объектісі ретінде ғылыми-тұрғыдан негізделмегенін айқындауға мүмкіндік туғызды. Бұл мәселелер:
- қазіргі жоғары білім беру жүйесінің маман даярлауға қойып отырған талаптарына сәйкес, студенттерге арнайы академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру қажеттігі мен осы тұрғыда Америка жоғары мектебінің озық тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерінің арнайы зерттелмеуі;
- жоғары оқу орындары студенттеріне академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру қажеттілігімен оның теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негізделмеуі;
-кредиттік оқыту технологиясында студенттің бейімделуіне, университет ортасына интеграциялануына, ішкі ресурстық потенциалын белсендіретін білім алушыларға арналған арнайы дамытушы оқу курстары мен бағдарламаларының, ғылыми, мерзімді, оқу және оқу-әдістемелік қорының жеткіліксіздігі;
- білім алушыларға академиялық колдау көрсету бағдарламаларын ұйымдастыруда негіз болатын шетел тәжірибесінен зерделеніп жасалған, өзіндік қазақстандық моделінің қажеттігі мен оны жүзеге асырудағы әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама–қайшылықтардың бар екенін көрсетеді.
Осы анықталған қарама-қайшылықтарға байланысты зерттеу тақырыбын «АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет