Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру


Университеттік білім беру жағдайында болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары



бет12/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психологи-emirsaba.org

Университеттік білім беру жағдайында болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-әдіснамалық мәнін түсіндіруді біздің зерттеу пәнімізге сәйкес тұғырларды анықтаудан бастаймыз.


Бұл бөлімде талданатын болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыпастыру мәселесін зерттеу әдіснамасы зерттеу мақсатына жетуі және зерттеудің әдіснамалық және түсініктік- категориялық аппаратын жасауға мүмкіндік береді деп есептейміз. Диссертациялық зерттеу мәселесінің әдіснамасын анықтаудың мақсаты бар тұжырымдамаларды жалпылау және жүйелеу, педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді зерттеу тәсілдері және соның негізінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеудің оңтайлы тәсілдері мен жолдарын айқындауды жүзеге асырады.
Зерттеу әдіснамасын анықтауда біз ғылымның дамуы тек оны жаңа білімдермен толықтырғанда ғана мүмкін екендігін және оның дұрыс таңдалуы
алынған білімдердің объективтілігіне байланысты екендігі жайлы фактіні есепке алдық. Белгілі болғандай, әдіснама үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің кең мүмкіндіктерін ұсынады, соған байланысты педагогикалық кадрларды даярлауға қатысты мәселелерді шешу біз зерттеп отырған таңдаған әдіснамалық тұғырларға тікелей байланысты.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің – нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу үдерісіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді.
Философиялық энциклопедиялық сөздікте әдіснама (грек сөзінен methodos
– зерттеу жолы, таным, ілім, білім; logos – сөз, түсінік) қағидалар жүйесі және тәжірибелік теориялық іс-әрекетті ұйымдастыру және құру тәсілдері, ғылыми таным әдістері туралы білім; қандай да бір ғылымда қолданатын әдістердің жиынтығы дегенді білдіреді делінген [112].
Ғылымтану әдебиеттерінде «әдіснама» үш аспектіде қарастырылады: әдістер жайлы ғылым, зерттеу жүргізудегі бірізділік, әдістер жиынтығы. Белгілі авторлардың бірнеше анықтамасын мысал ретінде келтіреміз.
М.А. Данилов педагогика әдіснамасы деп педагогикалық теорияның бастапқы жағдайлары, негізі мен құрылысы, дамымалы қоғам жағдайында үздіксіз өзгеріп тұратын педагогикалық ақиқатты дұрыс көрсететін көзқарастар ұстанымдары мен білімді табу тәсілдері туралы білім жүйесін атайды. Бұл түсіндірмеде ғылымның екі пәні аталған: 1) педагогикалық теория туралы білім жүйесі; 2) көзқарастар ұстанымдары мен білімді табу тәсілдері. Бұл ғалымның педагогиканың дамуына қосқан үлесі өте зор екенін атап өте отырып, оның педагогика әдіснамасы бойынша еңбектері алғашқылардың бірі болғандығына тоқталамыз [113].
Педагогика әдіснамасы туралы еңбектердің ішіндегі аса танымал авторлардың бірі В.В. Краевский. Ол жоғарыда айтылған М.А. Даниловтың әдіснамаға берген анықтамасына толықтай қосылып, педагогика әдіснамасының пәні педагогикалық шынайылық пен оның педагогикалық ғылымдағы көрінісі арасындағы арақатынасы болып табылатындығына назар аударады. Оның құрамына: педагогикалық білім түрлері, оның басқа ғылымдармен байланысы, бірінші кезекте психологиямен байланысы туралы, дидактикалық білімді мектеп тәжірибесінде қолдану туралы педагогика теориясының мәселелерін де қосып, әдіснама пәнін бірнеше тармаққа таратады [114].
Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл танымның ұстанымдары, әдістері, формалары мен үдерістері және педагогикалық шынайылықты қайта құру жайлы ілім. Оны зерттеушілер В.И. Загвязинский, Р. Атаханов біріншіден, теориялық және тәжірибелік қызметті ұйымдастыру және құру әдістері мен принциптері жүйесі ретінде; екіншіден, танымның ғылыми әдісі ретінде; үшіншіден, ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы ретінде ұсынады [115].
Әдіснама бұл ғылыми зерттеуді ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жалпы жүйесі секілді теориялық білімнің құрылуы мен қол жеткізілу әдістерін, сонымен қатар тәжірибелік қызметті ұйымдастыру әдістерінде анықтайды. Бұл ғылымның пәніне орай ол нақты-ғылыми әдістемеге айналатындығын авторлар А.А. Реан, Н.В. Бордовская және С.М. Розум қарастырған [116].
Н.В.Бордовская ұсынған педагогикалық зерттеу методологиясының анықтамасына тоқталамыз, автор педагогикалық зерттеу әдіснамасы деп педагогикалық зерттеу идеяларын, ұстанымдарын, әдістерін, логикасы мен ұйымдастыру және жүзеге асыру технологиясын, оның сапасын бағалау критерийлерінашатын педагогика әдістемесінің бағытын түсіндіреді [117].
Зерттеуші Ш.Т. Таубаева атап өткендей, әдіснама объективті шынайылықты тану мен қайта құрудың жалпы принциптері, ғылыми үдеріс жолдары, әдістері жайлы ғылым деп анықтайды. Автор педагогикалық құбылыстарды диалектика тұрғысынан зерттеу оның сапалы ерекшелігін, басқа құбылыстармен және үдерістермен байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндігін дәлелдейді және әдістеме дайын жауап бермейтінін, жаңа және іргелі білім алу әдістерімен қаруландыратынына басымдық береді. Өз кезегінде іргелі зерттеулер құбылыстың мәнін ашады, ал қолданбалы – нәтижелерді таным тәжірибесіне енгізу жолдарын ұсынады. Заманауи, сонымен қатар педагогикалық зерттеу моделі өзінде барлық осы қызметтерді қиыстырады [118].
Нақ осындай түсіндірме бізге келесідей қорытындыға келуге мүмкіндік береді, көптеген авторлардың пікірінше, әдіснама – сол немесе басқа ғылым мен тәжірибе саласында зерттеу жүргізу үшін ұсынылған әдістер, әдістемелер мен модельдер жиынтығы. Одан басқа, түрлі авторлардың әдістемеге берген анықтамасын талдай отырып, біз бұл түсінік «әдіс», «әдістеме» ұғымдарымен өзара терең байланысты екендігіне көз жеткіздік. «Әдіснама», «әдіс» және
«әдістеме» ұғымдары біздің зерттеу үдерісімізде де өзара тығыз байланысты, сонымен қатар олар бүтін және бөліктер ретінде де арақатынаста болады, яғни әдіснама университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеудің негізін құрайды. Әдіснамалық тәсілдерді қолдану зерттелуші психологиялық-педагогикалық құбылыс пен үдерісті ғылыми талдаудың негізі болып табылады.
Жалпы ғылыми түсінікте «тұғыр» сөзі әлдекімге ықпал ету немесе бірнәрсені зерттеу, істі жүргізу үшін қолданылатын әдістер, тәсілдер жиынтығы деген мағына білдіреді. Зерттеушілік тәсіл зерттеушінің негізгі ұстанымы, бастапқы позициясы ретінде анықталады [119].
Университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің әдіснамалық негізі ретінде келесідей тәсілдер ұсынылады: жүйелілік, тұлғалық-әрекеттік, құзыреттілік және орта.
Жұмысымызда бұдан әрі қарай жоғарыда аталған тұғырлардың мәні мен өзара байланысының ерекшелігін толығырақ қарастырып өтеміз. Біздің зерттеу
жұмысымыз мәселесінің ерекшелігіболашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі университеттік білім беру жүйесінде қарастырылатындығында. Университеттік білім беру жүйесі өскелең ұрпақпен жұмыс жасайтын, жалпы педагогикалық үдерісте тұлғаны тәрбиелейтін және оқытатын маман даярлайды.
Жалпы алғанда, жүйелік тұғыр ғылым таным әдіснамасының бағыты ретінде анықталады, оның негізінде нысанды жүйе ретінде қарастыру жатыр: өзара байланысты элементтердің бүтін кешені; өзара әрекет ететін объектілердің жиынтығы; мәндер мен қатынастардың жиынтығы.
Авторлар И.В. Блауберг, В.Н. Садовский, Э.Г. Юдин жүйелік тұғырды негізінде нысанды жүйе ретінде қарастыратын ғылыми таным әдіснамасының бағыты ретінде түсіндіреді: өзара байланысты элементтердің бүтін кешені [71, б. 12].
Жүйелік тұғыр теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге қажетті жалпы ғылыми әдіс болып табылатындығына дәлел ретінде Н.Д. Хмель және оның жетекшілігімен даярланған зерттеушілер тобы, болашақ мұғалімдерді толық педагогикалық үдерісті басқаруға даярлаудың теориялық және әдіснамалық негізін зерттей отырып, педагогиканың бұл саласында жүйелік- құрылымдық зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеді [72, б. 25].
Сол мектептің өкілі Ш.Т. Таубаеваның пікірінше, жүйелілік тұғыр педагогикаға – элементтері өзара тығыз байланысқан және жиынтығы жақсы құрылымданған жүйе ретінде қатынас жасауды қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл, дәстүрлі пәндік тәсілге қарағанда сапалырақ және заманауи деп белгілейді [40, б.110].
В.П. Давыдов бойынша, «жүйелік тәсіл –бұл нысанның жалпы ортақ сипатын ашу тәсілі: жүйелері, құрылымы, қызметтері» [73, б. 41]. Бұл анықтамалардан аталмыш әдіснамалық тұғыр оқу – тәрбие үрдісін тұтастықта қарастыру соған ықпал ететін кешенді жағдайларды таңдауды міндеттейді.
Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-писхологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіне жүйелік тұғыр тұрғысынан келу болашақ педагог-психологты кәсіби даярлаудың бүтін, өзара байланысты үдерісі ретінде жүзеге асырылады, оның барлық элементтері маманның диагностикалық құзыреттілігінің қалыптасуына барынша ықпал етуі қажет. Бұл позиция тұрғысында диагностикалық құзыреттілік – компоненттерден, деңгейлерден, көрсеткіштерден, жүйе құрайтын факторлар мен олардың арасындағы өзара қатынастан, жиынтықтарды бір бүтінге топтастыратын жүйе ретінде қарастырылады.
Жүйелілік тұғыр тұрғысында диагностикалық құзыреттілік белгілері келесідей болып саналады: өзіндік даму мақсатымен түрлі диагностикалық құзыреттіліктің болуы; әрекеттерді вариативтік басқару; нәтижелерді өзіндік бақылау және өзіндік бағалау.
Университеттік білім беру жүйесіндегі педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын анықтау үшін, біз, жүйелік тұғыр жағдайынан келіп шығып, болашақ
педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін кәсіби қызмет құрылымында қалыптастыруды қарастырдық, мұнда диагностикалық құзыреттілік жүйе құраушы элемент рөлінде болады, себебі ол кәсіби қызмет жүйесі ішінде ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді.
Университеттік білім беру жүйесіндегі педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің теориялық құраушылары мынадай параметрлермен анықталады: психологиялық- педагогикалық диагностиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін; диагностикалық қызмет ерекшеліктерін, құрылымы мен құру моделін білу; психодиагностикалық әдістер мен заманауи тәсілдерді қолдана алу; психологиялық-педагогикалық диагностиканың негізгі ұйымдастыру формаларын, технологиялары мен әдістерін білу; негізгі арнайы және кәсіби ұғымдарды, құбылыстар арасындағы түсіну; оларды өзіндік тәжірибелік жұмыс жағдайында құбылысты талдау үшін қолдану. Сонымен қатар университеттік білім беру жүйесіндегі педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің теориялық құраушысы болып ғылыми білімдер жүйесін, кәсіби-тұлғалық сапа мен жалпы мәдени сауаттылық қалыптастыру табылады.
Университеттік білім беру жүйесіндегі педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің тәжірибелік құраушысы білімнің барлық кешенін өзектендіреді және жүзеге асуына ықпал етеді, сонымен қатар келесідей біліктер қалыптастырады: психодиагностикалық ақпаратты талдау, білім беру үдерісін диагностикалау нәтижелеру, психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша эмпирикалық және тәжірибелік материалдарды талдау және анықтау, диагостиканың адекватты формаларын, әдістерімен құралдарын қолдануда мақсатты шешімдер қабылдау және т.б.
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру өзіндік күрделі ұйымдастырылған үдеріс екендігін түсіну, бізге зерттеу жұмысымызда жүйелік тәсілді қолданудың қажеттілігі жайлы төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Жүйелік тұғырды қолдану бізге сол үдерістің жүйелік ерекшеліктерін, және оның мазмұндық өзгешелігінесепке ала отырып, университеттік білім беру жүйесіндегі педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін анықтауға мүмкіндік берді. Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін зерттеуде жүйелік тұғыр ғылыми танымның жалпы бағытын қамтамасыз етеді.
Келесі кезекте тұлғалық-әрекеттік тұғырды талдауға тоқталамыз.
Тұлғалық-әрекеттік тұғыроқыту түрлерін әрекеттің кейбір элементі ретінде қарастырады, қандай да бір материалдық немесе басқа да нәтижелер алуға ғана емес, білім алушылардың өзгеруіне және олардың дамуына бағдарланған. Тұлғалық-әрекеттік тұғырбілім алушы тұлғасын, оның әрекет барысындағы жеке қабілеттерінің дамуын білім беру жүйесінің орталығына
қояды. Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіндегі тұлғалық-әрекеттік тұғыр қызметіне кіреді:

  1. болашақ педагог-психологтарды психологиялық-педагогикалық диагостиканың пайда болу тарихы жайлы, диагностикалық процедуралар мақсатымен, оларды өзіндік даму мақсатында қолдану мүмкіндіктерімен, диагностикалық зерттеуді құрастыру мен жүргізудің этикалық принциптерімен, мектептің және т.б. оқу тәрбие үдерістерінде диагностика жасаудың әдістері жайлы ақпараттар кешенімен қамтамасыз ету;


  2. диагностикалық қызметке қатысты құндылықтық қатынас қалыптастыру;


  3. диагностика нәтижелерін адекватты қабылдау және бағалауды, өз уақытында шешім қабылдауды қамтамасыз ететін интеллектуалды мүмкіндіктер кешенін дамыту;


  4. оқытуды ұйымдастыруда болашақ педагог-психологтарды өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі көрсете білуіне бағыттау;


  5. оқыту барысында қажетті диагностикалық құзыреттіліктерді меңгеруге ықпал ететін жоғары оқу орнының ақпараттық-білімдік ортасының мүмкіндіктерін қолдану.


Тұлғалық-әрекеттік тұғыр: біріншіден, оқытудың барлық жағдайларында білім алушылардың тұлғалық көрінісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның тұлғалық өзін-өзі жетілдіруі мен тұлғалық өсуіне жағдай жасауды ұсынады. Екіншіден, бұл тұғыр студенттің өзінің белсенділігін, оның оқу әрекетіне дегендаярлығын, педагогпен серіктестік, сенімді субъект-субъектілік қатынастар есебінен диагностикалық міндеттерді шешуге дайындығын қалыптастырады. Үшіншіден, тұлғалық-әрекеттік тұғыр оқытуға студент позициясы тұрғысынан ішкі және сыртқы мотивтердің бірлігін болжайды: сыртқы мотив жетістік болып табылады, ал ішкі мотив – танымдық мотив. Төртіншіден, бұл тұғыр білім алушылардың оқу міндеттерін қабылдауын және оны басқа білім алушылармен серіктестікте шешуден қанағаттануын білдіреді.


И.А. Зимняя бойынша, білім алушы тұрғысынан оқытудың тұлғалық- әрекеттік тұғыр өзекті жағдайларда әлеуметтік-кәсіби-коммуникативті қызметтердің жаңа формалары, ережелері, әдістері мен құралдарының интернационализациясы болатындығын білдіреді, яғни тек оқушының кәсіби құзыреттілігі ғана емес, оның толық тұлғасының дамуы. Бұл, әдетте, сыртқы мотивтен ішкісіне ауысу негізінде оқушыда, студентте мақсатты бағытталған және тиімді өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау т.б. қалыптасады дегенді білдіреді [88].
Оқытудағы тұлғалық-әрекеттік тұғыры жалпы алғанда, бұл үдерісте білім берудің негізгі міндеттері қойылады және шешіледі дегенді білдіреді: ішкі қорды белсендіру арқылы үйлесімді, адамгершілік кемелденген, әлеуметтік белсенді, кәсіби құзыретті және өзін-өзі жетілдіретін тұлға қалыптасуына жағдай жасау. Бұл тұғыр «тұлғалық» компоненті барлық білім беру оқушының өткен тәжірибесін, оның субъекті-субъектілік өзара қатынастағы тұлғалық ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылады дегенді білдіреді. Оқыту білім алушының тұлғасына, оның мотивтері, құндылықтық бағдары, мақсаттары,
қызығушылықтары, болашағы және т.б. орай «өзгереді»; оның барлығын қабылдай отырып онымен бірге салыстырылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде бұл тұғыр жүзеге асырылуы қажет:
  • жеке өзіндік білім алу маршрутын анықтау үшін жағдай жасау;


  • оқушылардың жеке ерекшеліктеріне бағдарлану;


  • студенттердің танымдық қызметін белсендіретін оқытудың әдістерін, формалары мен құралдарын қолдану.


Бұл тұғыр білім беру үдерісін кезең-кезеңімен ұйымдастыруды жүзеге асыру мүмкіндігін береді, ол оқытудың берік мотивациясы негізінде әрбір студенттің табысқа және жоғары нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді, диагностикалық қызметтің тиімді қалыптасуына ықпал етеді.


Жұмысымызда тұлғалық-әрекеттік тұғыр қолданудың мақсаты өзін-өзі жүзеге асыруына болашақ педагог-психологтардың ддиагностикалық құзыреттілігін қосу. Дегенмен әрекеттерді және оған кіретін операцияларды анықтау, педагог-психологтың диагностикалық қызметті жүзеге асыруына мүмкіндік береді, бірақ диагностикалық қызметті құзыреттілік деңгейінде меңгеруді қамтамасыз етпейді, ол үшін құзыреттілік тұғыр қолданылады.
Құзыреттілік тұғыр «Европалық білім беру жобасында» (1996 ж.) негізі қаланып, еліміздегі білім беруді ұйымдастыруға қатысты барлық құжаттардың басты парадигмалық идеясы ретінде басшылыққа алынады.
Құзыреттілік тұғыр– жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарын жасаудағы жетекші әдіснамалық тәсілі, ол білім беруді мемлекет пен қоғамның дамуындағы стратегиялық ресурс ретінде қарастырады және жоғары педагогикалық білім берудің мазмұндық және процессуалды тараптарын ұйымдастыруда принципалды жаңа әдіснамалық тәсілдерді қолдануды ұсынады. Бұл жоғары мектептің білім беру мазмұн анықтау, таңдау және құрылымдау бойынша барлық жұмыс оқытудың құзыреттілік тұғыр идеяларына негізделген дегенді білдіреді.
В.А. Бодров құзыреттілік тұғырды оқытудың жаңа әдістері мен тенхологияларын анықтайтын заманауи білім беру модернизациясының әдіснамалық бағдары ретінде сипаттайды, білім алушылардың өзіндік, бастамашылық, шығармашылық мүмкіндіктері, сыни ойлауының дамуына ықпал етеді және оларды нақты тиімді нәтижеге бағдарлайды [76].
Зерттеушілер В.А. Болотов және В.В. Сериков маманның кәсіби біліміне деген құзыреттілік тұғырды білім алу жағдайын бақылаумен, берілген үлгі бойынша білім беру өнімін жасаумен байланыстырады. Авторлар бұл тұғырбойынша келесідей компоненттерден түзіледі: қызметтің пәні және ерекшеліктері; түсініктік білімі; қызметтің апробацияланған әдістерінің жиыны; белгілі қиындықтар болғанда танымдық және басқа да қызметті орындау тәжірибесі; рефлексивті қызметі.
Білімге негізделетін дәстүрлі тұғырдан өзгеше, құзыреттілік тұғыр: түрлі міндеттерді шешудің жалпы тәжірибесінің болуы; кілттік функцияларды
орындау дағдыларын игеруді; тұлғаның әлеуметтенуін, құзыреттіліктерді меңгеруін ұсынады. Сонымен қоса білім құзыреттіліктің компоненттерінің бірі ретінде көрінеді. «Біз білімнен мәдени пән ретінде бас тартпадық, білімнің белгілі бір формасынан бас тарттық («кейбір жағдайға орай» білімдер, яғни мәлімдемеден)» [77].
Құзыреттілік білімдер Қазақстандық білім беру жүйесіне заңнамалық деңгейде енгеніне және құзыреттілік тәсіл мәселесі бойынша ірі ғылыми- теориялық бірқатар зерттеулердің барына қарамастан, оның кілттік түсінігінің мәнін сипаттайтын түсініктік аппараты әлі толық тұрақталмаған.
Зерттеушілер Ш.Т. Таубаева, К.М. Арынгазин еңбектерінде білім беру моделі құзыреттілігінің дәстүрліден (білімдік) ерекшелігіне негізгі басымдық беріледі, оны үлкен прагматикалық бағыттылығы мен тәжірибеге бағдарланғандығымен, кәсіби қызметтің түрлі, стандартты емес жағдайларында оларды жедел қолдана білу қабілеті және дайындығына қажетті мақсат тұжырымдаудан бастап пәндік білім, білік, дағдыны жинақтаумен қорытындылайды [40], [120].
А.Л. Андреев байқағандай, жергілікті педагогикалық теориядан қоғамдық мәнді құбылысқа ауысу барысында, құзыреттілік тәсіл бірте-бірте заманауи білім беруде мемлекетпен және түрлі халықаралық ұйымдармен, мысалы, Еуропалық одақпен, жүзеге асырылатын концептуалды саясат рөліне талаптанады [78].
А.С. Зуева атап өткендей, көптеген педагогикалық мақалаларда
«құзыреттілік тәсіл» сөз тіркесінің мазмұны замануи педагогикалық болмыстарға қарама-қайшы қойылуы арқылы ашылады [79].
О.Е. Лебедевтың құзыреттілік тұғырға берген мына анықтамасы «білім беру мақсаттарын анықтаудың жалпы принциптерінің, білім беру мазмұнын саралаудың, білім беру үдерісін ұйымдастыру мен білім беру нәтижелерін бағалаудың жиынтығы» бізде қызығушылық тудырады [80].
Ю.Г. Татурдың пікірінше, жоғары білімі бар маман үшін базалық немесе кілттік құзыреттіліктерді бөлу, заманауи маманның өкілеттік шеңберін (қызметтері, міндеттері) құру критериінен келіп шығады. Ең алдымен, оның кәсіби қызметтері жайлы, сосын ізінше, кәсіби саладағы құзыреттілігі жайды сөз болады. Дәл осы сала бойынша одан «табысты қызметтер» күтеді. [81].
Сонымен, құзыреттілік тұғыр тұрғысынан білім беру нәтижесі оқушының меңгерген ақпараттарының көлемі емес, түлектің өз тәжірибесіндегі оқу үдерісінде игергендері негізінде қызметтің түрлі салаларында өз бетінше тиімді әрекет ету қабілеті.
Біздің зерттеуімізге сәйкес құзыреттілік тұғыр диагностикалық және кәсіби компоненттердің бірілігі ретінде қарастырылады. Диагностикалық компонент дегеніміз диагностикалық қызметке даярлық, психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша білімін толықтыру қажеттілігі, диагностикалық қызметке деген қатынас, психологиялық-педагогикалық диагностика негізін білу, тәжірибелік міндеттерді шешуде білімдерді өзектендіру, диагностикалау мақсаттарын анықтау, өзіндік тәрбие жұмыстарының нәтижелерін талдай білу
және т.б. Кәсіби компонент деп жалпы педагогикалық бағыттың білімдері мен біліктерінің жиынтығын, бұл білімдерді кәсіби қызметте қолдана білу қабілеті деп түсіндіріледі.
Болашақ педагог-психологтарды диагностикалық қызметке даярлауда құзыреттілік тұғыр тәжірибелік-бағдарлық негіздерді бейнелейді. Болжанған әдіснамалық тұғыр ерекшелігі сол – оқытудың нәтижелеріне сүйене отырып, білім берудің жаңа моделін жасауда оқушылардың және білім берудің барлық жүйесінің өзіндік дамуын реттейді.
Диагностикалық қызметті ұйымдастырудың заманауи көзқарастары тұрғысынан құзыретті маманды диагностикалық қызметті орындауға деген жоғары мотивациясы, ниеті және диагностикалық гипотезалар ұсына білуі, міндеттер қоя алуы, олардың шешілу барысын және нәтижесін талдай білуі, ақпаратпен жұмыс істей алуы ерекшелеп тұруы қажет. Университеттік білім беру жағдайындағы болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде құзыреттілік тұғыр жүзеге асыру арқылы болашақ түлекті даярлау сапасы мәселесіне жаңаша келуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық зерттеулерде басшылыққа алынатын орта тәсілдемесі біз жүргізген зерттеу аспектісінде әдіснамалық негіз болып табылады. Бұл ең алдымен болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіндегі мүмкіндіктер жүйесі ретінде университеттің білім беру ортасы ерекшеліктерін анықтауда көрінеді. Ю.С. Мануйловтың пікірінше, қоршаған орта тұғыры тұлғаны дамыту мен қалыптастыру үдерісімен байланысты, яғни оны қоршаған орта жағдайы мен адам өміріне ықпал етуші негізгі факторлар [121].
Бұл көзқарасты нақтылауда А.И. Артюхина қоршаған орта тұғырының әдіснамалық қызметіне баса назар аударады, ол тұлғаны дамыту секілді оларды басқару мен алдын-ала реттеу мүмкіндіктері шегіне кіретін және шынайы құралдары ретінде берілген, қалыптасушы тұлғаның өзімен таңдалған және педагогикалық “орта арқылы басқару” ортасындағы жағдайлардағы педагогикалық мақсаттарды қолдану мен зерттеуде тұр [97, б. 102].
Жоғарыда талданған еңбектерде ортаның әрбір факторының өзіндік тәрбиелік мүмкіндіктері бар екендігі сипатталады. Орта педагогикасы адамның түрлі жастағы дамуы мен тәрбиесіне тікелей және жанама ықпал ететін ортаның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін зерттейді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макроорта бұл - адамға қажетті әлеуметтік- экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта бұл — адамның ең жақын қарым- қатынас ортасы, оның әрдайым қоршайтын және дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Білімдік орта ол нақты білім беру үшін қызмет ететін мекеме мен ондағы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін шарттар, материалдық факторлар, ақпараттық - әдістемелік және білім алушылар мен оқытушылардан, олардың өзара қарым - қатынасынан тұратын жүйе.
Соңғы онжылдықтарда қоршаған ортаны қоғам дамуының призмасы арқылы көруге болады, жаһандық әлеуметтік үдерістер түрлі әлеуметтік мекемелерге, оның ішінде білім беру қызметіне қатысты айтарлықтай әсер етеді. Қоршаған орта тұғыры білім беру ортасындағы ағымдық және ықтимал өзгерістерге уақытылы әсер ету, қорғау механизмдерін жасау немесе оны жаңа жағдайларға бейімдеу мен талдауға мүмкіндік береді.
Білім беру ортасының құрамында маңызды элемент - тұлға (субъект) және оның іс-әрекеті болып табылады, әлеуметтік мәртебеге байланысты, субъект білім беру ортасына әсер етеді және сол уақытта өзінің ықпалында болады. Басқару құрылымдары мен оқытушы-профессорлық құрам білім беру ортасының негізгі құраушылары болып табылатындығын ешқандай да әсірелеушіліксіз айтуға болады, себебі олар ондағы болып жатқан үдерістерді басқару, оның жұмыс істеуі үшін материалдық және материалдық емес жағдайлар жасау, оның тиімділігін арттыру жолдарын іздеушілер.
Біздің зерттеуіміздің аясында орта тұғыры болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру барысында білім беру ортасының орнын анықтауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, қоршаған орта тұғырын біз, нәтижесінде университеттің білім беру ортасы диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру құралы болып табылатын операциялардың және іс-қимылдардың жүйесі ретінде қарастырамыз.
Сонымен, зерттелген мәселе бойынша теориялық-әдіснамалық тұғырларды талдау, бізге университеттік білім беру жағдайында болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің шешімін іздеу: жүйелік, тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік сияқты тұғырлары жиынтығын қолданғанда тиімдірек болатындығына сенуге мүмкіндік берді.

  1. тарау бойынша тұжырым


Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге жасалған теориялық- әдістемелік шолу айғақтағандай, университеттік білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады және оның шешімі психологиялық- педагогикалық білімді кеңінен қолдануды талап етеді.


Алғашқы тарауда университеттік білім беру жағдайында болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеудің ғылыми-тәжірибелік алғышарттарын талдау нәтижелері келтіріледі. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі білім беру саласы мамандарының диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің зерделену деңгейі анықталды. Зерттеудің бірінші міндеті жүзеге асырылды: болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігінің мәні, мазмұны
және құрылымы ашылды, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіндегі білім беру ортасының орны нақтыланды.
Зерттеу барысында түрлі авторлардың пікірін қарастыра отырып, біз болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды жоғары оқу орнының оқу-білім беру үдерісінде кіріктірілген жүйелі сапалары, тұлғаның өзіндік іс-әрекетті орындауға, диагностикалық әдістермен жұмыс жасау үшін білік, ниет және білім, міндеттер қоюға, олардың шешімдері барысы мен нәтижелерін талдауға, өз іс-әрекетіне үнемі мақсатты түрде түзетулер енгізіп отыруға түрткі болатын үдеріс деп танимыз. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін университеттік білім беру жағдайында қалыптастырудың: жүйелік, тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік тұғырларының жиынтығын қолданғанда өнімдірек болатындығы негізелді.
Сонымен, педагог-психологтың кәсіби қызмет мамзұнын талдау қазіргі таңда оның кәсіби қызметінің жеткілікті нақты саласы қалыптасқан – ҚР білім беру жүйесі, университеттік білім беру жағдайында болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқыту үдерісінде барлық алғышарттар бардеген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет