Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру



бет14/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Диагностика мақсаттылығы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін едәуір арттыру аясында кәсіби мұғалімдердің өтініштерін түпкі мақсаты- қанағаттандырумен оны іске асырудың ұйымдастыру түрлерін, құралдарын және әдістерін сәйкестендіру қажеттілігінде өрнектеледі. Диагностиканың

атаулылығы оның нысандарын саралау дәрежесімен және мазмұнымен жыныс ерекшеліктері, лауазымдық мәртебесі, заттық және әлеуметтік бағыты, білім деңгейі және тағы басқамен шартталған мұғалімдердің жеке немесе топтық ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Педагогикалық диагностика мақсатқа айналуы мүмкін емес, оның нәтижелері мұқият талдауға ұшырауы тиіс және мұғалімнің тұлғасы мен іс-әрекетін түзетуі және өзіндік түзетуі бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қызмет етуі қажет. Сондықтан мұғалім еңбегін ұйымдастыруда диагностика нәтижелерін есепке алуды талап ету маңызды.

Диагностикалық рәсімдердің сенімділігі мен дұрыстығы қолданылатын әдістері мен құралдарынан көрінеді. Мұғалім еңбегінің заманауи тәжірибесіне сәйкес келмейтін әдістемелерді қолданған жағдайда, педагогикалық қызметті жақсы жаққа өзгертуге қабілетті шынайы деректердің пайда болуын күту қажеттілігі екіталай. Оның үстіне, қате диагностика жасау оқу-тәрбие қызметін түзету жалғандығына, мұғалімге психологиялық жарақат әкелуіне, онда кәсіби олқылықтың кешенін туындатып, немесе, керісінше, негізсіз оптимизм мен жайбарақаттық тудыруға негіз салуы мүмкін. Сондықтан диагностикалық рәсімдердің қазіргі заманғы ғылым және тәжірибе жетістіктеріне сәйкестігі педагогикалық диагностика қағидасы ретінде анықталған.
Соңғы қағида – мұғалімді зерделеудің жүйелілігі мен үздіксіздігі педагогикалық іс-әрекеттің түрлі жағын қоса алғанда, жан-жақты диагностикалау қажеттігін көрсетеді, мұғалімдердің білімі мен ептілігі тұлғаның кәсіптік және әлеуметтік маңызды сапалары болып табылады [137].
Болашақ педагогтарды диагностикалық зерттеуді дамыту К.С. Ахметкаримованың 2004 жылы қорғалған диссертациясында зерттелген. ЖОО- дакәсіби даярлауды зерттеу барысында автор «педагогикалық диагностика»,
«педагогикалық диагноз» және т.б. ұғымдардың мәнін ашудан басқа диагностикалық қызметті болашақ педагогтың педагогикалық қызметіндегі біріктіруші компоненті ретінде анықтайды. Бұл ретте бұл қызмет зерттеушінің көзқарасымен қызмет нысанының жағдайы туралы ақпарат алудың ғылыми- ұйымдастырылған үрдісі және осы ақпаратты арнайы өндеуді көздейді [34, б. 87].
Оқушылардың жаттыққандығын тарихи пәндер негізінде педагогикалық диагностикалау оқыту білім беру ұйымдарында эволюциялы пайда болған бақылау әдісі ретінде диагностикалық зерттеуді жүзеге асырудың қажеттілігін П.Ш. Маханова зерттеді. Автор педагогикалық диагностиканың іс жүргізу моделі, мектеп оқушыларының оқығандығының критерийлері мен көрсеткіштерін ғана емес, оқушылардың тарихи пәндер бойынша оқығандығын анықтау үшін мәтіндік және деңгейлік тапсырмаларды анықтаған [45, б.21].
Педагогикалық диагностика бүгінгі күнде қалыптасқан ғылыми пән ретінде емес, әлі де даулы және анықталмаған бағдарлама болып табылады. Сондықтан педагогикалық диагностиканың әр түрлі анықтамалары болатындығы таң қалдырмайды.
Шетелдік авторлар В. Ройлеке, Б. Роллет педагогикалық диагностиканы мақсаты оқу барысын оңтайландыру болып келетін оқу үдерісін және таным үдерісін жоспарлау және бақылаумен байланыстырады [6, б. 102].
Л. Мауерман диагностиканың бұл түрін оқу үлгерімі мен оқудың алғышарттары арасында байланыс орнату, оқу мақсаттарын немесе оқу- ұйымдастырушылық шараларды оқу үрдісі өтетін шарттарды анықтау негізінде анықтайды [7, б. 89].
К. Дж. Клауэр педагогикалық диагностиканы өзекті педагогикалық шешімдер қабылдау үшін қызмет ететін танымдық күш-жігер жиынтығымен байланыстырады [8, б.65].
Психологиялық-педагогикалық диагностика педагогикалық және психологиялық зерттеулерді оның белгілі бір мәселелерге қосымша аспектіде әдістер интеграциясы ретінде пайда болды: балалардың дамуының бұзылуы, мектепте диагностикалаудың кешенді жүйесін жасау мәселелері дамыту проблемалары және т.б. [56, б.124 ].
«Психологиялық диагностика» терминін Г. Роршах 1921 жылы ұсынды – осылайшаөзі жасаған диагностикалық тест көмегімен зерттеу аталды. Осы ұғымның мазмұны көп ұзамай айтарлықтай кеңейеді, және психологиялық диагностика деп жеке психологиялық айырмашылықтарды өлшеумен байланыстының барлығын түсіне бастайды. 1930 - 40 жылдары тұлғаның жобалық жеке психологиясының пайда болуына және Роршах тестін жобалық әдістемелерге жатқызуға байланысты, психологиялық диагностика ұғымымен дәстүрлі психометриялық әдістердің белгілі бір мағынада антиподтары болып табылатын, бұл әдістемелердің теориясымен және тәжірибесімен байланысты зерттеулердің ана ғұрлым шектелген облысы бекітіледі [9, б.102].
"Психологиялық диагностика" атауын алғаш зерттеу бағыты 1960 ж. соңында көбінесе Б.Г. Ананьев күш салуының арқасында пайда болды [138].
К.М. Гуревич "Психологиялық диагностикалауды адамдарды психологиялық және психофизиологиялық белгілерімен саралау жіктеу әдістері туралы пән ретінде сипаттауға болады" - деп есептейді. Бұл саралауды жіктеудің әдістеріне келтіретін психодиагностиканың тар қолданбалы бағытын көрсетеді, сонымен де психологияның осы саласында жаңа білім алу мүмкіндігі шектеледі деп санайды [139].
А.В. Петровский, М.Г. Ярошевский "Психологиялық диагностика - бұл тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтау және өлшеу әдістерін жасайтын психологиялық ғылымның саласы" деп есептейді. Психологиялық диагнозды авторлар "тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін олардың өзекті жай-күйін бағалау, психодиагностикалық зерттеу міндеттерімен анықталатын ұсыныстарды одан әрі дамуын және әзірлеуді болжау мақсатында сипаттауға және мәнін анықтауға бағытталған психолог қызметінің түпкі нәтижесі" деп қарастырады [140].
А.Г. Шмелев редакциясындағы "Психодиагностика негіздерінде" осы ғылымның" Адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін танудың әр түрлі
әдістерін әзірлеумен және пайдаланумен" байланысына баса назар аударылған психодиагностика пәнін анықтауды кездестіреміз [49, б.27].
М.К. Акимованың есептеуінше, психодиагностика білім беру және тәрбиелеу саласында қолданылады. Психологиялық диагностика білім беру мекемелерінде туындайтын көптеген тәжірибелік міндеттерді шешудің міндетті кезеңі және құралы ретінде қабылданады. Олардың арасында мынадай міндеттер ерекшеленеді:
-оқушылардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бақылау жасау;
-мектеп жасын бағалау;
-үлгермеу себептерін анықтау;
-белгілі пәндерді тереңдетіп оқыту мектеп және сыныптарына іріктеу (бейінді оқыту);
-ауытқыған, девиантты, жанжалдық, агрессивті және т.б. мінез-құлықты оқушылардың мәселелерін шешу;
-дарынды балаларды анықтау;
-кәсіби бағдар және т.б. [66, б.104].
Тұлғаның жеке ерекшеліктерін анықтау әдістерін әзірлеуге нұсқау – адамдарды жіктеу және саралаумен салыстырғанда алға қарай қадам болып келеді.
Г.Ж. Лекерова тұлғаны, оның ерекшеліктерін зерттеуде психологиялық диагностиканың маңыздылығын атап өте келе, диагностиканың жалпы негіздері, рәсімдеріне назар аударады, сондай-ақ, "Психология" мамандығының студенттері пайдалану үшін авторлық диагностикалық схемасын ұсынады [41, б.78].
Г.Ж. Лекерова, Ж.У. Керимбекова, С.М. Бектурганова авторлары қазіргі заманғы психодиагностикада мектептегі даму диагностикасының үш негізгі диагностикалық сұлбасын атап өтеді: диагностикалық минимум, ақыл-ой дамуының нысаны мен патологиясының алғашқы саралауы және тереңдетілген психодиагностикалық тексеру. Автордың пікірінше, әрбір сұлба сүйемелдеудің өз міндеттерін шешуге бағытталған, өз "шешуші" қабілетіне ие. Сонымен қатар, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты және нақты мектеп практикасында белгілі бір жүйеде, кезектілікпен қолданылады. бірізділік [141].
А.И. Гарбер, М.В. Демиденко, С.Қ. Бердібаева пайымдауынша мамандарды кәсіби даярлаудағы ең маңыздысы - олардың диагностикалық дайындығы деп есептейді. Олар оқу іс-әрекетінің уәждемелік, эмоциялық және тұлғалық компоненттерін, педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі компоненттерінің ұйымдастырылуы деңгейін, оқу үдерісіндегі педагог пен оқушының өзара әрекеттесу сипатын, сонымен қатар мектептің жалпы білім беру ортасының сараптамасын зерттеуге бағытталған диагностикалық әдістерге аса мән береді [142].
Біздің қызығушылығымызды тудырған К.С. Ахметкаримованың диагностикалық әрекетті сипаттауы. Оның түсінігінде, диагностикалық әрекет дегеніміз әрекет объектісінің күйі жайындағы ақпаратты алу, бұл ақпаратты, диагнозды қою мен тексеру, алдына қойған мақсатына жету үшін оған түзетуші
шаралар қолдану арқылы арнайы өңдеуден өткізуге бағытталған ғылыми- ұйымдастырылған үрдіс [34, б.104].
А.А. Ашимов, С.А. Ақназаров, М.Т. Мергенбаева психодиагностиканы психологиялық практиканың маңызды формасы ретінде қарастырады [143].
Басқа зерттеушілер И.Ф. Дьяконова және Б.Ф. Овчинникова психодиагностиканы жалпы және қолданбалы психологияны байланыстырушы буын ретінде, олардың ойынша, оның психодиагностикалық әдістерге қатысты тәжірибелік қолданылауының барлық салаларын біріктіруші жалпы негізі ретінде шығады деп қарастырады [144].
Осылайша, зерттеушілердің көбісі, психодиагностиканы адамның жеке- психологиялық ерекшеліктерін тану әдістерін жасауға бағытталған психологиялық білімнің саласы ретінде таниды.
Психологтық-педагогикалық диагностика жеке деңгейді талдаудағы психологиялық әдістерді қолдану және балалар мен жасөспірімдердің, анықталған жас топтарының бағдарламаларында белгіленген қоғамдық талаптар мен нормаларға сәйкес дамуы деңгейінің теориялық негіздерін жасауға бағытталған [145].
М.М. Дудинаның пайымдауынша, психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл педагогтардың кәсіби әрекетінің күрделі және жаңа саласы, психологияда да, педагогикада да жинақталған диагностикалық әдістерді біріктіреді. Ол психологиялық-педагогикалық біліктілікті, кәсіби шеберлікті талап етеді, себебі педагогикалық процеске қатысушылары – оқушылар мен педагогтардың маңызды мінездемесін, олардың тәртібіне, іс-әрекетіне, эмоционалды реакциясына әсер етеді. Оқытушылардың психологиялық- педагогикалық диагностиканы қолдануы оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын жетілдіру мен саналы жасауға, өзіндік жетілуге мүмкіндік береді [58, б.85].
Педагогикалық, психологиялық диагностиканың негіздемесін сипаттауды қорытындылай келе, айта кететіні, оқушының тұлғасын зерттеудегі педагог- психологтың маңызды аспабы ретінде диагностика қолданылады. Дау тудыратын мәселе оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезінде педагог- психологтың диагностиканың қай түріне көңіл бөлетіні болып табылады.
Біздің ойымызша, психолого-педагогикалық диагностиканы таңдау дұрыс деп білеміз, себебі ол педагогикалық әсер етілетін объектінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау және қолданбалы сипаттағы диагнозды қоюға мүмкіндік береді. Бірақ, педагог-психологтар өз әрекетінде жоғарыда аталғанды жүзеге асыру үшін, университеттік білім жүйесінде кәсіби біліктілікті қалыптастыру қажет. Өз ойымызша, оның жүйесін қалыптастырушы түрлерінің бірі ретінде диагностикалық біліктілік болып табылады.
Біз 1.2 тарауда атап өткендей, «Психологиялық-педагогикалық диагностика» курсының мазмұнын жаңартуда диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыруға тікелей ықпал ететін «050103 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша №254 жылғы 22.06.2008. хаттамамен бекітілген
«Психологиялық-педагогикалық диагностика» пәнінің типтік оқу
бағдарламасына сай ҚР БЖҒМ, Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде мынадай қорытындыға келді: осы курстың мазмұны ғылыми, теориялық тұрғыдан негізделген педагог- психологтың диагностикалық қызметінің жалпы түсінігін береді. Сондықтан осы курстың мазмұнын жаңартып, кәсіби қызметте тікелей қажет ететін диагностикалық дағдыларды қалыптастыруға, яғни жұмысқа қажетті біліктерді меңгеріп практикалық іс әрекетінде пайдалана алуға бағыттау болып табылады.
Мамандықтың сипаттамасында педагог-психологтың алдында тұрған міндет білім беру үрдісінде тұлғаны, сондай-ақ оның жекелеген даму деңгейін зерделеу, жеке тұлғаны зерттеу міндеті; психологиялық қасиеттерді, жеке сипаттамаларын, қасиеттерін зерттеу, яғни, студенттердің (оқушылардың) қабілеттерін, мүдделерін және бейімділігін зерттеу; мінез-құлық ерекшеліктерін зерделеу, білім беру үдерісіндегі басқа қатысушылармен қарым-қатынас жасау, топтардағы (сыныптардағы) қарым-қатынас пен психологиялық климат; даму, білім беру және оқыту саласындағы бұзушылықтардың себептерін анықтау деп белгіленген [146].
Осыған орай жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін оның диагностикалық құзыреттілігі болу керек. Осы тұста педагог – психологтарды даярлаудың бүгінгі күнгі мазмұнына да теориялық талдау жасауды жөн кқрдік. Төмендегі кестеде аталған мамандықтың оқу жоспарындағы «Психологиялық- педагогикалық диагностика» курсының мазмұнына жасал талдау келтіріледі.

Кесте 5 - «Психологиялық-педагогикалық диагностика» курсының мазмұнын теориялық талдау.


Типтік оқу бағдарламасы


бойынша сабақ тақырыбы



Жаңа сабақ тақырыбы

1

2

3

Психологиялық және педагогикалық диагностиканың сипаттамаларын шолу

1

Кәсіби педагогикалық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың даму тарихы.

Психодиагностиканың пайда болу тарихы


2

Психологиялық-педагогикалық диагностиканың негізгі ұғымдары. Мектептегі психологиялық-
педагогикалық диагностиканың құрылу және ұйымдастыру принциптері.


Революцияға дейінгі Ресей мен КСРО-дағы психодиагностика


3

Диагностикалық қызметтің мазмұны мектептегі педагог-психолог: жұмысының негізгі түрлері мен түрлері

Психодиагностиканың қазіргі жағдайы


4

Психодиагностиканың әдістері мен әдістерін жіктеу. Диагностикалық қызметтің негізгі әдісі.

Психодиагностикалық құралдарды жіктеу


5

Психологиялық-педагогикалық диагностиканы компьютерлендіру құралдары

5 – кестенің жалғасы


1

2

3

Тесттерді жасау және бейімдеу технологиясы.

6

Жалпы орта білім беру жүйесінде психологиялық- педагогикалық диагностикалық қызметке қойылатын
талаптар

Психологиялық тесттердің сенімділігі мен негізділігі


7

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау

Психологиялық тесттердің сенімділігі мен негізділігі


8

Педагог - психолог диагностың этикалық қағидалары және этикалық мәдениеті

Жалпы және арнайы қабілеттердің


психодиагностикасы


9

Мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі педагог- психологтың диагностикалық-талдамалық қызметі (5-
7 жастағы мектепке дейінгі жастағы)


Зияткерлік дамудың психологиялық- педагогикалық


диагностикасы


10

Бастауыш білім беру деңгейіндегі педагог- психологтың диагностикалық-талдамалық қызметі (7- 11 сынып оқушылары)

Психологиялық- педагогикалық


диагностиканың психометриялық негіздері


11

Негізгі жалпы білім деңгейінде педагог-психологтың қызметі (жасөспірім, 11-15 жас)

Педагогикалық практиканың әр түрлі салаларында психологиялық-


педагогикалық диагностика


12

Негізгі жалпы білім деңгейінде педагог-психологтың қызметі (жасөспірім, 15-17)

Мектепке дейінгі жастағы балалардың


психодиагностикасы


13

Педагог-психологтың педагогикалық ұжымымен диагностикалық қызметі

Кәсіби салада әлеуметтік-


психологиялық диагноз


14

Балалармен жұмыс істеуде диагностиканы жүргізу
кезінде ауызша емес қарым-қатынастың рөлі


Психодиагностиканың


кәсіби-этикалық нормалары.


15

Диагностикалық зерттеудегі жұмыс бөлмесінің және
бейресми жабдықтардың рөлі



  1. кестеден көріп отырғанымыздай, «Психологиялық-педагогикалық диагностика» пәні студенттерді психологиялық дайындықты нығайтуға, психодиагностиканың ғылыми-теориялық негіздерін тереңдетуге, психологиялық көмек көрсету бойынша жұмысқа дайындықты жетілдіруге арналған практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін теориялық білімдерді қамтамасыз етуге бағытталған. Силлабустың мазмұны болашақ педагог-психологтың тәжірибелік қызметін көрсетпейтін ғылыми негізге негізделген.


Жоғарыда ұсынған «Психологиялық-педагогикалық диагностика» курсының жаңартылған мазмұны болашақ педагог-психологтың мектептегі психологиялық-педагогикалық жұмысының логикасына төзеді және диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған авторлық әдіснама арқылы жүзеге асырылады және әзірленеді.


5В010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша осы пәннен басқа «Психологиялық-педагогикалық мамандыққа кіріспе»,
«Психология және адам дамуы», «Психологиялық-педагогикалық зерттеулер әдістемесі мен әдістемесі» және педагогикалық тәжірибе де педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Олардың бұл бағыттағы мүмкіндіктеріне тоқтала кетеміз.
Мысалы: бірінші курстың бірінші семестрінде «Психологиялық- педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсы өтеді. Бұл курстың мақсаты мұғалім-психологтың кәсіби қызметі туралы идеяларды қалыптастыру, психологиялық-педагогикалық қызметтің теориялық негіздерін меңгерту және кәсіби тапсырмаларды шығармашылық шешуге дайындығын дайындау болып табылады. Осылайша бұл пән болашақ педагог-психолог диагностикалық іс- шаралар қызметінің негізгі түрі болып табылатын кәсіптік қызметтің мазмұны мен нысандарымен таныстырады және біз қарастырып отырған сапаның жетілуіне себебін тигізеді.
«Психология және адам даму» пәні жалпы және жас психологияның негізгі бөлімдерін, психологиялық ғылым әдістерін түсінуді қалыптастыруға бағытталған; ақыл-ой дамуының мәселелері, оның құрылымы, факторлары мен тетіктері; онтогенездің барлық кезеңдерінде жеке тұлғаның, қызметтің және психикалық функциялардың даму ерекшеліктері;онтогенетикалық дамудың психологиялық фактілерін талдау дағдыларын дамыту, психикалық дамуды диагностикалау және диагностикалау үшін болашақ педагог-психологты білу, түсіну және ескерудің маңыздылығын қарастырады. Бұл пән арқылы студенттер алатын білімдер мен білік дағдылар да олардың диагностикалық құзыреттілігінің қалыптасуына негіз болады.
Келесі пән – «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері». Пәнді игеру барысында білім алушылар пәндерден алған диагностикаға қатысты білімдерін тәжірибе жүргізуде пайдаланады.
Диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың келесі кезеңі деп біз педагогикалық практиканы (тәжірибе) анықтадық.
Біздің түсінігіміздегі педагогикалық тәжірибе біртұтас оқу үрдісінің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады, себебі ол болашақ педагогтар мен психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың практикалық компоненттеріне жауап береді.
Педагогикалық тәжірибе жүйе ретінде негізгі үш компоненттен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет