4. Интеллектуалды құбылмалылық тесті (О.В. Козловская)
Тестті кәсіптік оқытуда табысты болжау, қызметтің жаңа түрін игеру және жұмыс тәжірибесінің сапасын бағалау мақсатында қолдану ұсынылады. Тест сынақтан өтушіден үлкен назар аударуды және әрекет ету жылдамдығын талап
етеді. Зерттеушілер қарапайым тапсырмаларды экспериментатор есептейтін шектеулі уақыт кезеңі (бірнеше секунд) бойынша жүргізуі керек. Зерттеу жеке түрде де, топта да жүзеге асырылуы мүмкін, таспа жазу құрылғысын пайдалануға болады. Әр сынақтан өтушіге арнайы бланкі беріледі.
Әдістемені өткізбес бұрын, экспериментатор тапсырмаларды мұқият оқып танысуы қажет және зерттеу процедурасы барысында келесі тапсырма орындалатын квадраттың санын анық айқындауға болады, өйткені нысандар саны мен нысандары бойынша квадраттар сәйкес келмейді.
Орындау нормасы:
0-4 қателер– жоғары құбылмалылық, жақсы оқу қабілеті; 5-9 қателер–орта құбылмалылық;
10-14 қателер – төмен құбылмалылық, қайта оқытудағы қиындықтар; 15 және одан да көп қателер – кез-келген қызметте төмен табыстылық.
Анықтаушы кезеңде диагностикалық қызмет үшін қажет коммуникатвиті, ұйымдастырушылық қабілеттер, диагностикалық құзыреттіліктер қалыптасқандығы деңгейінде бақылау және тәжіриебелік топтарда айтарлықтай айырмашылық бар екендігін дәлелдеу қажет болды. Бұл Студенттің t-критерийі қолданылды, ол екі таңдалған топ үшін орта параметрлер айырмашылығын бағалауға мүмкіндік берді. Тәжірибелік ықпал ету басталғанға дейінгі бақылау және тәжірибелік топ студенттеріндегі диагностикалық құзыреттілік қалыптасқандығы деңгейі көрсеткіштерін салыстырайық.
бөлімде атап өтілгендей студенттердің диагностикалық құзыреттіліктерін зерттеу мақсатында келесі: мотивациялық-білімдік, іс- әрекеттік, рефлексивті критерийлер (көрсеткіштер) бойынша диагностикалық құзыреттіліктер деңгейін бағалауға мүмкіндік беруші сәйкес әдістеме жасалынды.
Алдын-ала анықталған болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделіне сүйене отырып студенттердің диагностикалық құзыреттілігін зерттеу мақсатында «Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін зерттеу» әдістемесі жасалынды.
Мотивациялық-білімдік көрсеткіш немесе критерий когнитивті құзыреттіліктер бірлестігінде: білімдер мен түсініктер, іс-әрекеттік – функционалды құзыреттіліктер бірлестігінде: қолдану және талдау, ал рефлексивті – жүйелік құзыреттіліктер бірлестігінде: болашақ педагог- психолог бағасы мен синтезінде ұсынылған:
Құзыреттіліктер дамығандығы респонденттердің 1, 2, 3, 4 баллмен бағалай алатын өзін-өзі бағалауымен анықталды. Зерттеудің үлкен объективтілігі үшін мүмкін бағалардың қысқаша сипаттамасы құрылды.
Стьюденттің 1,01-2,0 орта ариметикалық өзіндік бағалауы мен бағасының маңызы болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі қалыптасқандығының интуитивті деңгейіне, 2,01-3,0 балы – репродуктивті деңгейге, 3,01-4,0 баллдағы маңызы – шығармашылық деңгейге сәйкес келді.
Диагностикалық құзыреттіліктің критерийлер (көрсеткіштер) бойынша ұсынылуын қарастырамыз.
Кесте 10 – Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дейінгі бақылау және тәжірибелік топтағы когнитивті құзыреттіліктердің орта мәні
№
|
Когнитивті құзыреттіліктер
|
Деңгейдің орта
мәні
|
Tэмп мәні
|
ТТ
|
БТ
| |
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық және әдіснамалық
негіздерін білу
|
1,86
|
1,81
|
0,69
|
2
|
Педагог-психологтың диагностикалық қызметінің мақсаты, міндеттері мен
функцияларын білу
|
1,88
|
1,97
|
1,12
|
3
|
Диагностикалық біліктерін сипаттамасын,
ерекшелігін, операциялық құрамын білу
|
1,76
|
1,84
|
0,91
|
4
|
Диагностикалық зерттеулердің түсініктері
мен алгоритмдерін білу
|
1,75
|
1,99
|
0,50
|
5
|
Психологиялық-педагогикалық диагноз
қоюдың алгоритмін білу
|
1,70
|
1,71
|
0,11
|
6
|
Диагностикалық зерттеулердің этикалық
принциптерін білу.
|
1,77
|
1,69
|
0,30
|
7
|
Қазіргі заманғы оқу үрдісінде психологиялық-
педагогикалық диагностиканың рөлін түсіну
|
1,85
|
1,90
|
0,62
|
8
|
Диагностикалық жұмыстарды әзірлеу мен
жүргізуде заманауи технологияларды білу
|
1,63
|
1,56
|
0,90
|
Бақылау және тәжірибелік топтарда Стьюденттің t – критерийімен когнитивті құзыреттіліктерді салыстыру tэмп < tкр (p ≤ 0,01), ( p ≤ 0,05) немесе (p ≤ 0,001) маңыздылығы деңгейінде екендігін анықтауға мүмкіндік берді.
p ≤ 2,009 үшін = tкр. p ≤ 2,676 үшін = tкр. p ≤ 3,396 үшін = tкр.
tэмп барлық көрсеткіштері бойынша елеусіз аймақта, демек тәжірибелік- эксперименттік ықпал етуге дейінгі ТТ және БТ арасындағы когнитивті құзыреттіліктер деңгейіндегі айырмашылық маңызды емес.
Кесте 11 – Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дейінгі бақылау және тәжірибелік топтағы функционалды құзыреттіліктердің орта мәні
№
|
Функционалды құзыреттіліктер
|
Деңгейдің орта мәні
|
tэмп
мәні
|
ТТ
|
БТ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Тәжірибелік қызметте психологиялық-
педагогикалық диагностика әдістерін қолдана білу
|
1,72
|
1,77
|
0,55
|
2
|
Психодиагностикалық зерттеуді жоспарлай,
ұйымдастыра және жүргізе білу
|
1,91
|
2,07
|
1,91
|
кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
3
|
Диагностикалық бағдарламаларды әзірлеу, бастапқы өңдеуді жүзеге асыру, диагностикалық әдістер мен әдістерді пайдалана отырып, нәтижелерді талдай және
түсіндіре білу
|
1,89
|
1,94
|
0,60
|
4
|
Диагностикалық зерттеуде психологиялық-
педагогикалық қорытынды жасайбілу
|
1,72
|
1,79
|
0,91
|
5
|
Қорытындылар мен тұжырымдарды құру
кезінде ғылыми дұрыстығын сақтай білу
|
1,77
|
1,94
|
2,01
|
6
|
Эмпирикалық деректерді жинауды
ұйымдастыру және зерттеу нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз ете білу
|
1,64
|
1,65
|
0,11
|
7
|
Психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша эмпирикалық және практикалық материалдар арасындағы айырмашылықтарды салыстыра және
анықтай білу
|
1,69
|
1,66
|
0,48
|
8
|
Диагностикалық зерттеулерде АКТ
қолданабілу
|
1,66
|
1,76
|
1,34
|
Бақылау және тәжірибелік топтарда Стьюденттің t - критерийімен когнитивті құзыреттіліктерді салыстыру tэмп < tкр (p ≤ 0,01), ( p ≤ 0,05) немесе (p ≤ 0,001) маңыздылығы деңгейінде екендігін анықтауға мүмкіндік берді.
p ≤ 2,009 үшін = tкр. p ≤ 2,676 үшін = tкр. p ≤ 3,396 үшін = tкр.
tэмп барлық көрсеткіштері бойынша елеусіз немесе анықталмаған аймақта. Демек тәжірибелік-эксперименттік ықпал етуге дейінгі тәжірибелік топ пен бақылау тобы арасындағы функционалды құзыреттіліктер деңгейіндегі айырмашылық маңызды емес.
Кесте 12 – Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дейінгі бақылау және тәжірибелік топтағы жүйелік құзыреттіліктердің орта мәні
№
|
Жүйелік құзыреттіліктер
|
Деңгейдің орта
мәні
|
tэмп мәні
|
ТТ
|
БТ
|
1
|
Білім беру субъектілерінің дамуы, қарым-қатынасы, қызметі туралы диагностикалық зерттеулердің
нәтижесі бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау
|
1,90
|
1,86
|
0,47
|
2
|
Диагностикалық зерттеудің дизайнын талдау
|
1,85
|
2,00
|
1,85
|
3
|
Белгілі бір кезеңде психологиялық-педагогикалық
диагностиканың нақты мәселелерін бағалау
|
1,96
|
1,91
|
0,24
|
кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
4
|
Диагностикалық бақылау картасын құру
|
1,92
|
1,90
|
0,15
|
5
|
Олардың қажеттілігі бойынша өз білімдерінің, диагностикалық дағдыларды қалыптастыру жеткіліктілігін бағалау және олардың
қажеттіліктеріне дәлелдеу
|
1,89
|
1,98
|
1,05
|
6
|
Диагностикалық ақпарат негізінде тұлғаның жеке дамуының психологиялық-педагогикалық болжамын
жасау
|
1,87
|
1,97
|
1,37
|
Бақылау және тәжірибелік топтарда Стьюденттің t - критерийімен жүйелік құзыреттіліктерді салыстыру tэмп < tкр (p ≤ 0,01), ( p ≤ 0,05) немесе (p ≤ 0,001) маңыздылығы деңгейінде екендігін анықтауға мүмкіндік берді.
p ≤ 2,009 үшін = tкр. p ≤ 2,676 үшін = tкр. p ≤ 3,396 үшін = tкр.
tэмп барлық көрсеткіштері бойынша маңызды емес аймақта. Демек тәжірибелік-эксперименттік ықпал етуге дейінгі тәжірибелік топ пен бақылау тобы арасындағы жүйелік құзыреттіліктер деңгейіндегі айырмашылық маңызды емес.
Болашақ диагностикалық іс-әрекеттерге студенттердің мотивациясын зерттеу О.И. Дорофеевамен құрастырылып, Д.И. Михайловамен бейімделген “Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық қызметінің мотивациялық доминанттарын талдау” сауалнамасы көмегімен жүргізілді [14, б.15]. Нәтижесінде болашақ педагог-психологтың диагностикалық қызметінің мотивациясының үш деңгейі анықталды: жоғары, орташа, төмен.
Қалыптастырушы тәжірибеде болашақ педагог-психологтың диагностикалық қызметке мотивациясын зерттеу мақсатындағы сауалнама жүргізу процедурасындағы алынған нәтижелер 12 кестеде көрсетілді.
Кесте 13 - Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дейінгі бақылау және тәжірибелік топтардағы болашақ педагог-психологтардың диагностикалық қызметіне мотивациялары көрсеткіштері
Мотивация деңгейлері
|
Бақылау тобы
|
Тәжірибелік топ
|
Жоғары
|
11 (22%)
|
13 (26%)
|
Орта
|
28 (56%)
|
29 (58%)
|
Төмен
|
11 (22%)
|
8 (16%)
|
кестеде көрсетілгендей тәжірибелік жұмыстарды жүргізгенге дейін бақылау және тәжірибелік топтардың параметрлері арасында айтарлықтай айырмашылық болмады.
Тек тәжірибелік топта диагностикалық қызметке көп ынталы студенттер болғанын, және одан да аз қызығушылық танытпағандар аз болғанын атап өтуге болады.
Коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер Б.А. Федоришиннің “КҰБ-Коммуникативтік ұйымдастырушылық бейімділік” әдістемесі көмегімен анықталды. Алынған нәтижелер 14-кестеде көрсетілді [160].
Кестеден көріп отырғанымыздай, бақылау тобы мен тәжірибелік топтағы респонденттерде елеулі өзгерістер болған жоқ. Тәжірибелік топта коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттердің орта, төмен денгейіндегі студенттер сәл көп болып шықты.
Кестеде келтірілген, болашақ педагог-психологтардағы диагностикалық іс- әрекетке интеллектуалды құбылмалылық көрсеткіштерін қарастырамыз.
Алынған нәтижелер бақылау және тәжірибелік топтарда интеллектуалдық құбылмалылық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай айырмашылықтар жоқ екенін көрсетеді. Тәжірибелік топта орта деңгейлі интеллектуалды құбылмалылық деңгейіндегі студенттер саны аздап жоғары болса, бақылау тобындағы студенттерде жоғары деңгейдегілер жоғарырақ (15 адам) болды.
Кесте 14 – болашақ педагог-психологтардың КҰБ деңгейі көрсеткіштері
Қабілеттер
|
Коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер
деңгейі
|
Төмен
|
Ортадан төмен
|
орта
|
жоғары
|
Өте жоғары
|
Коммуникативті (бақылау тобы)
|
0
|
13
|
20
|
12
|
5
|
Коммуникативті
(тәжірибелік топ)
|
2
|
10
|
23
|
12
|
3
|
Ұйымдастырушылық
(бақылау тобы)
|
0
|
15
|
20
|
10
|
5
|
Ұйымдастырушылық
(тәжірибелік топ)
|
0
|
15
|
22
|
8
|
5
|
Кесте 15 – Анықтаушы тәжірибеде болашақ педагог-психологтарда диагностикалық қызметке интеллектуалды құбылмалылығы көрсеткіштері
Аты
|
Бақылау тобы
|
Тәжірибелік топ
|
Интеллектуалды құбылмалылық
деңгейі
|
|
|
Жоғары
|
10 (20%)
|
10 (20%)
|
Орта
|
30 (60%)
|
28 (56%)
|
Төмен
|
10 (20%)
|
12 (24%)
|
Сурет 3 - Алынған нәтижелер
Осылайша, анықтаушы тәжірибе нәтижелері тәжірибелік ықпал етуге дейінгі ТТ және БТ болашақ педагог-психологтардың когнитивтік, функционалдық, жүйелік құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейіндегі айырмашылық маңызды болмағанын көрсетті.
Анықтаушы тәжірибенің материалдары диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың нақты жағдайын сипаттауға мүмкіндік берді. Осы сапаның нақты жағдайын көрсететін теориялық модельдің салыстырмалы талдауы келесі қорытындыға алып келді:
диагностикалық құзыреттіліктің бастапқы жағдайын өзгерту, идеалға жақындау үшін, тиісті әдіснама әзірлеу және оның тиімділігі мен әрекет ете алатындығын тәжірибеде тексеру қажет;
диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырушы әдістерді сынақтан өткізу зерттеудің қалыптастырушы кезеңі бұрышының басы болуы қажет;
бұл әдістеме нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады, оның барысында диагносткалық құзыреттіліктің негізгі компоненттері өзгертіледі.
Анықтаушы тәжірибе барысында алынған қорытындылар диагностикалық құзыреттіліктің шынайы жағдайының оң өзгерісі үшін келесідей міндеттерді шешу қажеттігін көрсетті:
студенттерде қалыптастырудағы дидактикалық мазмұнды жүзеге асыру арқылы диагностикалық іс-әрекетті орындауда жоғары мотивацияны дамыту;
болашақ педагог-психологтардың теориялық-әдіснамалық даярлығын жоғарылату;
диагностикалық біліктерді жетілдіру;
диагностикалық құзыреттіліктің қалыптасқандығы динамикасы мен оның үздіксіз тәжірибе барысындағы көрінісін қадағалап отыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |