52. Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері. Қазақстанда және онымен шектес аумақтарда төрт казак әскері болды. Олар Жайық, Сібір, Орынбор және Жетісуказак әскерлері еді.
Ресей империясындағы казак әскери бөлімдерінің негізгі қызмет түрлері, біріншіден, Ресейге жаңа жерлерді қосып алуға белсене қатысу; екіншіден, көрші мемлекетәскерлерінің шекараға басып кіруінен қорғау; үшіншіден, Ресей империясы құрамындағы бұратана халықтардыңұлт-азаттық қозғалысын, орыс шаруалары мен жұмысшы табының көтерілістерін аяусыз басуға белсене қатысу болатын. Мәселен, казактар Польшадағыкөтерілісшілерді, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан халықтарының көтерілістерін аяусыз жазалауға белсене қатысты. Казактар 1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясын басып-жаншуда да ерекше көзге түсті. Төртіншіден, казактар орыс армиясының XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезіндегі шетелдерге жасаған жорықтарының барлығына да қатысты.
Казактар әскери қызмет атқарумен қатар әскери-инженерлік бекініс құрылыстарын, жолдар мен көпірлер салуға және оларды жөндеуден өткізіп тұруға міндеттіболды. Олардың міндетіне орманнан ағаш кесу және оны тасып жеткізу, пошта қатынасы көліктерін қорғауды қамтамасыз ету де кіретін.
Казактардың патша үкіметінің әкімшілігіне шын беріле адал қызмет етуі үшін оларға ең таңдаулы құнарлы жерлер бөлінді. Казактарға бөлінетін жер телімі Ресейден қоныс аударып келген шаруалардың жер телімінен әлдеқайда артық болды. Казактардың әрбір ер азаматынашаққандағы жер телімі орта есеппен 30 десятинадан келді. Офицерлерге бөлінетін жер телімі бұдан да көп болды. Мәселен, аға офицерлер 200-ден 600 десятинаға дейін, штаб офицерлері — 400-ден 1000 десятинаға дейін, ал генералдар - 1500-ден 3000 десятинаға дейін жер иеленді. Казактардың сонымен қатар түз кәсіпшіліктерін, ормандарды, өзендер мен көлдерді пайдалануға да ерекше құқықтары болды.
Казактар әскери қызметке өз қару-жарағымен, киім-кешегімен, азық-түлігімен, өз атымен шығатын. 1835жылға дейін казактар әскери қызметті өмір бойы жалдану тәртібімен атқаратын. Кейінірек Ресей империясындағы барлық казактар үшін әскери қызмет мерзімі 30 жыл болып белгіленді.
Казактардың әскери қабілеті жоғары болатын. Олар орыс армиясындағы атты әскерлердің едәуір бөлігін құрады. XIX ғасырдың орта кезіндегі соғыс уақыттарында Ресей казактары 160 мыңға дейін жауынгер жасақтай алатын.
Казактар қатары олардың табиғи өсуі есебінен ғана емес, сонымен қатар бұл топқа орыс шаруаларын қабылдау арқылы да арта түсті. Казактардың, әсіресе Сібір казактарының құрамы тұтқынға түскен швед, француз, поляктардың есебінен де толығып отырды.
Казактардың қатарына орыс емес халықтардың өкілдері - татар, башқұрт және қалмақтар да қабылданды.
Казактар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынас әр түрлі қалыптасты. Бір жағынан, олардың арасында тауаралмасу кеңінен өріс алды, тіл және мәдениет саласында жақындасу нығая түсті, ал екінші жағынан, өзара әсқери қақтығыстар жиі-жиі болып тұрды. Ондай шиеленісті оқиғалардың негізгі себебі жер дауына байланысты күрес еді. Бұл жағдай қазақтардың казактардың бекінісқамалдары мен станицаларына шабуыл жасап тұруына себеп болды. Өз кезегінде казактар да жазалау экспедициялары құрамында қазақ ауылдарына шабуыл жасап жүрді. Жайық, Орынбор, Сібір және Жетісуказактарының әскерлері қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерін аяусыз басып-жаншуға белсене қатысты.