Туризм және меймандостық университеті. БӨЖ Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы.
Қабылдаған: Асан Д.
Орындаған: Тұрсынәлі М.
Орындаған:Исмаилкызы Ж Кабылдаган:Асан Д
Жоспар:
Тұрақты даму концепциясының тарихы және мақсаты.
Рим клубының рөлі.
Адамзаттың жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.
Табиғатты қорғау және тұрақты даму.
Қорытынды.
Тұрақты даму концепциясы.
Тұрақты даму дегеніміз - қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, келесі ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтындай даму.
Г.Брундтландтың есебінде тұрақтылық идеясының негізі адам болып табылады, ал оның әлауқаттылығы экономикаға және қоршаған ортаны қорғау жағдайына байланысты болады. - бұл принцип Рио (2012) кездесуіндеде бекітілді.
Рим клубының рөлі.
Рим клубы адамзат болашағы мәселесі мазалаған қоғам қайраткерлері мен әр түрлі саладағы ғалымдарды біріктірген үкіметтік емес ұйым болып табылады.
Ұйым 1968 ж. Италияның қоғам қайраткері Аурелио Печчейдің бастауымен құрылған.
Экологиялық қауіпсіздіктің мәні.
Экологиялық қауіпсіздіктің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. .
Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала отырып, атқарылатын экологиялық қызметі мынандай түрлерге бөлінеді: Республикалық табиғат қорғау қорын құру және оның жұмсалу тәртібін белгілеу. Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық апат аймақтарын белгілеу. ҚР-ң мемлекеттік экологиялық бағдарламасын, облыстардың, қалалардың, аудандардың бағдарламаларын әзірлеп жүзеге асыру.
“Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң.
Яғни,қоршаған ортаны қорғау дегеніміз жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған.
Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, әлеуметтік негіздерін белгілейді, табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:
қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;
халықтың, қоғамдық органдардың қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;
Қорытынды;
Табиғат - адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып - төгіп пайдалануға болмайды. Жер шарының қай жерінде болмасын адамның өмірі, ұрпағының бүгіні мен ертеңі басатын жерге, демалатын ауаға, ішетін суға тікелей байланысты. Демек, адам баласы болашақты ойласа барды күтіп, аялап сақтаумен қоса қалпына келтіру, көркейтуге мән беру керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Д.Л. Байділдинов. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2005.
2. С.Т. Күлтелеев. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.
3. Стамкулов А.С. ҚР экологиялық құқығы. Оқу құралы. -Тараз, 2003.
4. Еркінбаева Л.К. ҚР жер құқығы. Оқу құралы. –Алматы, 2010.