Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс шеңберіндегі АКТ тренді
Қытайлық зертеушілер тез қуатталатын ұялы телефондардың тізімін жасады. Сарапшылар зерттеу кезінде смартфондардың жарты сағатта қанша пайыз қуат алатынын бақылап, аккумулятордың сыйымдылығын ескермеген. Алайда кейіндеу мұның зерттеу нәтижесіне еш әсерін тигізбейтіні белгілі болған. Мамандардың сөзінше, жарты сағатта 92 пайыз қуат алған Oppo R17 Pro смартфоны тізімде бірінші тұр. Ал 2-орынға 83 пайыз қуатталған Honor Magic. Тез қуатталатын смартфондардың тізімінде 3- орында 66 пайыз көрсеткішпен Meizu Pro7 Plus оның соңынан жарты сағатта 66 пайыз жинаған Oppo R11 мен Meizu 16th Plus тұр.Ал iPhone модельдерінен бұл тізімге тек iPhone 8 Plus смартфоны кірген. Ол жарты сағатта 40 пайыз қуат алған.
3D ТЕХНОЛОГИЯ
3D принтер компьютердегі үш өлшемдік суреті бар файлдарды қабылдап, пластик, смола, керамика, металл, тағы басқа материалдардың қабаттарын бір-бірінің үстіне жинап, одан тауар жасап шығарады.Инженерлер мен дизайнерлер автоматтандыру мен ғарыш саласында түпнұсқаны жасау үшін осы технологиягы ондаған жылдардан бері пайдаланып келеді. 3D принтер арқылы жасалған көптеген құрамалы бөлшектер ұшақтарда, адамсыз ұшатын аспаптарда және спутниктерде қолданылатын.Мамандар медицина саласында титаннан жамбас сүйектің көшірмесін және керамикадан тіс протездерін жасау үшін үш өлшемді кескінді қолданады.Компьютер дәуірінде 3D принтер технологиясы шапшаң дамып, құралдың бағасы да тез арзандап барады. Бір кездері жоғары өндірістің санаулы саласында шектеулі болған технология кеңінен таралып, қарапайым халықтың сатып алуына қолайлы бола түсті. Затты үш өлшемде дайындап беретін принтерлер қазір 1000 доллардың маңында сатылып жатыр.
Әлемде және Қазақстандағы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы
Қазақстанның алдыңғы қатарлы дүниежүзілік ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеу бағыттары: Когерентті оптикалық желілер, Параллельді есептеулер, алыс және жақын әрекеттің коммуникациялары, Әлеуметтік медиа, Контексттік есептеулер, «Ақылды» технологиялар, Әлеуметтік маркетинг, Тәртіптің мүддесін талдау, Әлеуметтік компьютинг, Өнеркәсіптік Интернет 4.0, 3D модельдеу және принтинг, Бағдарлаушының аналитикасы, жасанды ақыл-ой технологиясы, Қазіргі уақытта Қазақстанның АТ-нарығының лидер- компаниялары жылына 46,5 милрд теңгені жұмсауда.