Қазіргі кезде әлемде ақпараттық коммуникациялық технологиялар күннен-күнге дамуда. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың орнын ештеңе мен алмастыра алмаймыз. Жаһандану қоғамында ақпараттың тасымалдануы әлеуметтік үдерістердің динамикасына мәнді әсер етеді. Бұл тұтастай әлеуметтік тәжірибені тасымалдауға және алатын жаңа тәсілдердің көріністерін бекітуге көмектеседі. Тұлғаға ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың позитивті және негативті әсерін ажыратып көрсететін зерттеулер қатары көбеюде. Әсіресе қазіргі кезеңде қоғамның дамуы құндылық бағдарлар аймағында болып жатқан өзгерістермен өзекті болып отыр. Себебі осы құндылық бағдарлар әлеуметтік өзгерістердің жылдамдығы мен бағыттылығын анықтайды. Қорытындылай келе, бүгінгі таңдағы ақпарат заманында оны қабылдау, өңдеу және тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне қол жеткізетін ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлін негіздеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.