Қабылдаған: Кишибаева Д. Орындаған: Хайитжан Г. Тобы



бет3/5
Дата13.05.2023
өлшемі37,88 Kb.
#92810
1   2   3   4   5
Іскерлік қарым-қатынас
Іскерлік қарым-қатынас белгілі бір нəтижеге жетуде, нақты мəселелерді шешуде, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыруда жəне іс-əрекет, ақпарат алмасуда көрінетін байланыстар мен іс-қимыл үдерісі. Іскерлік қатынасты шартты түрде тура жəне жанама деп бөліп қарастырады. Тура, яғни міндетті контакт. Оның жанама қатынасқа қарағанда эмоциялық əсер етуі жəне сендіруі нəтижелі болып келеді. Жанама қатынаста əлеуметтікпсихологиялық механиздер əрекет етеді. Сонымен қатар іскерлік қарымқатынас - алуан қызмет жүйесіндегі адамдар арасындағы байланыстар дамуының күрделі де сан қатпарлы үдерісі. Бұған қатысушылар ресми статуста сөйлей отырып, нақтылы міндеттерге негізделген межелі мақсатты нысаналайды. Бұл үдерістің басты ерекшелігі - уақытты мөлшерлі пайдалану. Сөйлеу сəтін мөлшерлі пайдалану - ұлттық мəдени дəстүрлермен, кəсіби этникалық қағидаттармен анықталатын бекітілген өлшемдерге бағыну деген сөз. Әрине, бізге ресми байланыс орнатудың алуан түрлі жағдаяттарына орайлас «жазылған» не «жазылмаған» тəртіптері мəлім. Қызмет барысында қабылданған тəртіп жүйесі, сəйкесінше бұл ретте орнымен кідіре, ауытқи, өзгерте білу формалары іскерлік этикет деп аталады. Оның басты функциясы - адамдар арасындағы өзара түсіністікке əкелетін ережелерді қалыптастыру. Бұл орайдағы маңызды функциялардың бірі - ыңғайлылықты ескеру, жинақылықты сақтау жəне тəжірибе негіздеріне сүйену.
Іскерлік этикет құрамына енетін қағидаларды төмендегідей екі топқа жіктеуге болды: - белгілі бір ұжымның өзара тең дəрежелі мүшелер арасындағы қарымқатынас жүйесінде жүзеге асатын нормалар; - ұжым басшысы мен оған бағыныштылар арасындағы байланыс қалпын анықтайтын нормалар. Іскерлік қарым-қатынас - адам өмірінің аса қажетті бөлігі, өзге адамдармен қарым-қатынас жасаудың маңызды түрі. Осы қарымқатынастың мəңгілік əрі басты қозғаушы тетіктерінің бірі ретінде этикалық нормаларды танимыз. Қоғам іскерлік этиканың мынадай қағидаттарын басшылыққа алады: - адалдық; - əділеттілік; - ақ ниеттілік; - ашықтық; - жауапкершілік; - сыйластық; - сенім; - ынтымақтастық.
Бұлар арқылы біз адамдар іс-əрекетіндегі жақсылық пен зұлымдық, əділдік пен əділетсіздік, дұрыстық пен бұрыстық туралы көзқарастарымызды, ой-пікірлерімізді аңғартамыз. Өзімізге бағынышты адамдармен, басшымызбен, не əріптестерімізбен іскерлік ынтымақтастықта қарымқатынас жасай отырып, əрқайсысымыз қалай болғанда да саналы, не стихиялы тұрғыда осы этикалық нормаларға арқа сүйейміз, оларды тірек етеміз. Десек те, адам атаулының моральдық нормаларды түсіну дəрежесіне қарай, оның мазмұнын қандай деңгейде түсінуіне қарай, қарым-қатынас кезінде оның қандай дəрежеде ескеруіне байланысты ол өзінің іскерлік деңгейдегі қарым-қатынасын жеңілдетпек. Оны мейлінше тиімді қолдана отырып, алға қойылған міндеттерді шешуде жəне мақсатқа жетуде бірден-бір жəрдемші ете аламыз. Сондай-ақ, этикалық нормаларды жөнімен тиімді қолдана, үйлестіре білмеушілік қарым-қатынасты қиындатып, оны мүлдем кереғар қалыпқа түсіруі əбден мүмкін. Демек, ортақ адами іскерлік этикалық нормаларды тиімді қолдана білмеу қарым-қатынасты күрделендіріп қиындата түспек. Мəселен, жас маман (басшы) өзінің əкесіндей кісімен қандай іскерлік 78 қарым-қатынаста болуы тиіс. Күле қарасаң көйлегіне жамау сұрайтындар да жетіп артылады. Бұл жағдайда қандай қағидат ұстану тиімдірек? Жас басшы өз замандас, құрбыларымен күліп-ойнап, əзілдесуді іштей жек көрмейді. Іскерлік қарым-қатынасқа сəйкес жас маман қай уақытта өзін қалай ұстауы тиіс?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет