Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері
Пәні:Білім берудегі менеджмент
Қабылдаған: Кишибаева Д.
Орындаған: Хайитжан Г.
Тобы: ӨБС-011
Түркістан 2023
Жоспар: I.Кіріпе II.Негізгі бөлім 2.1. Педагогикалық қарым-қатынас стилі
2.2. Қарым-қатынастың функциялары
2.3. Іскерлік қарым-қатынас
2.4. Педагогикалық қарым-қатынас
Ш.Қорытынды Әдебиеттер тізімі
Кіріспе Сөз техникасы мен логикасы, оның мәнерлілігі мен эмоциалдығы жөніндегі жаттығулар. Бұл жаттығуларды арнайы шығарылған қолайлы құралдарда көрсетілгендей жолмен жасауға болады .
Қысқа диалог бойынша жаттығулар. Оқушылар жүпқа бөлінеді, оның біреуі — педагог, екіншісі — тәрбиеленуші. Оларға диалог үшін 5 минутқа тақырып беріледі, содан кейін олар ролін ауыстырады. Күрделенген варианты —диалогқа оқушы -педагогтардың импровизациялық комупикативтік ықпалына есептелген кіріспе тапсырма енгізіледі.
Кәсіптік-педагогикалық қарым — қатынас негіздерін қалыптастыру жөніндегі жаттығулар. Студенттер мектептегі, клубтағы бір-бірінің лекциясына қатысады да, сабақта оларды талдайды; студеттер оқытушымен бірге әр турлі шараларға, педагогтардың сабақтарына қатысып, жаттығу сұрақтары ретінде оларды талдайды. Мектепте студенттер сабақтың барлық турлеріне қатысып, тәжірибелі педагогтармен кездеседі.
Бірақ осы жоғарыда айтылған стильдер еш уақытта таза берілген күйінде қолданылмайды. Бір басшының бойында осы үш стиль де кездесуі мүмкін, дегенмен бір стильдің көрінісі басымдау болады. Басшы басқару стилін таңдауда көптеген факторларға байланысты таңдайды, мысалы, басшылардың жеке мінез-құлқы, бағынушының əлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Басқару стилі ұжымда көп нəрсені анықтайды. Ұжымдағы достық, бірлік, топтастық, бəрі басшыға байланысты. Егер ол үш стильдің біреуін ғана қолданса, онда ұйымда ресми емес көшбасшының рөлі жоғарылап кету қаупі бар. Егер ресми емес көшбасшы ұйымда жақсы орын алса, онда ұйымдағы жұмысшылар оның айтуын заң ретінде қабылдауы мүмкін. Ондай жағдайда ресми емес басшы ұйым мүшелерін қалай алып жүремін десе, сол тарапқа бұрып алады. Егер көшбасшының мақсаты ұйымды алға жылжыту болса, онда ол ресми басшыға көмекші, ал егер керісінше ойы ұйымды құлдырату болса, онда қарама-қайшылық үрдісі ұйымда орын алуы əбден мүмкін. Сол үшін де басқару стилін басшы нақты ойланып, дұрыс таңдауы керек. Өйткені қателік кетсе, жоғарыда айтылған қолайсыздық орын алуы мүмкін.