Қабылдаған: Кишибаева Д. Орындаған: Хайитжан Г. Тобы



бет5/5
Дата13.05.2023
өлшемі37,88 Kb.
#92810
1   2   3   4   5
Байланысты:
БӨЖ менеджмент

Қорытынды
Әрбір адам əлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат алмасады, тəжірибесімен бөліседі, бірігіп, ынтымақтастық қарымқатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі əлеуметтік, ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның əлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге болады. Олай болса, қарым-қатынас - айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы. Жайлап қарасақ, қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде көп жетістіктерге жете алады, жұмысында да, беделі, абыройы жоғары болып қоршаған адамдардың сый құрметіне бөленеді. Шығыстың Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары қарым-қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара əрекетке аса зор мəн берген. Жүсіп Баласағұнның тəлім-тəрбиелік ойларға толы «Құтадғу білік» (құтты білік) атты дастанында адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте əсерлі баяндалған. Мысалы, осы дастанда жазылған: «Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз», «Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», «Қадірлісі - тіліне ұят сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің тəрбиелік мəні қандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына сіңімді екені анық.
Педагогикалық ғылымдар саласында қарым-қатынас мəселелері А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодальевтің А.В.Мудриктің, В.А.Кан-Каликтің, Н.Е.Щуркованың, А.И.Щербакованың В.А.Сухомлинскийдің, Ш.А.Амонашвилидің, С.Л.Соловейчиктің, А.Б.Добровичтің, И.А.Зимняяның, Я.Л.Коломинскийдің, А.А.Реанның т.б. ғалым еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Педагог маманығына байланысты кəсіби-педагогикалық қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ала көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды. Іскерлі

Әдебиеттер тізімі
1. Аристотель. Үлкен этика.- Москва, 2004.
2. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Психология. Адамзат ақылойының қазынасы. 10 томдық: Қазақтың психологиялық ой-пікірлері.
10 том/ Жетекшісі - акад. Ә.Н. Нысанбаев. - Алматы: «Таймас» баспа
үйі, 2006.
3. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. - Алматы, 2007.
4. Алдамергенова Г.Т. Моральдық-этикалық тəрбие беру негіздері: оқу
құралы. -Алматы: Эверо, 2014.5. Арын Е. Орысша-қазақша түсіндірме
сөздік: Педагогика - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006.
5. Фалей М. В. Педагогическое общение. - СахГУ Южно-Сахалинск, 2014.
6. Педагогикалық əдеп қағидалары. Қазақстан Республикасы Білім жəне
ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы.
7. Омарова А.С. Болашақ педагогтардың педагогикалық шеберлігін
қалыптастырудың кейбір мəселелері // Білім журналы, 2006, -№4.- 65б.
8. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В. Введение в педагогическую
деятельность: Теория и практика учеб.пособие. -Москва.: «Академия»,
2008.
9. Каримов А.Н. Педагогкалық қызмет жəне педагогикалық шеберлік
негіздері: оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2010.
10. Жусупова Ж.А. Педагогикалық шеберлік: Оқулық. Алматы, 2011

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет