Қорытынды Қорыта келетін болсам фотосинтез - өте күрделі физиологиялық процесс. Ол қараңғыда да, жарықта да үздіксіз өтіп жатады және сыртқы орта факторларымен тығыз байланысты болады. Фотосинтездің қарқынды өтуі өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне де, ішкі жағдайларға да тәуелді.
Фотосинтезге әсер ететін сыртқы жағдайлардың ішінде ең маңыздысы жарық болып есептеледі. Жарық өте нашар, болар – болмас жағдайда да өсімдікте фотосинтез жүзеге аса береді. Мысалы, күн батар кездегі күн сәулесінің өзі – ақ жеткілікті деуге болады. А. С. Фаминцын 1880 жылы фотосинтез қарқындылығын жарықтың әр түрлі деңгеіінде анықтап, оның басталуы және жапырақта крахмалдың синтезделуі үші жермай шамының жарығы да жеткілікті болатынын дәлелдеген. Жарық деңгейі тал түстегі күн сәулесінің 1/3 – не жеткенше фотосинтез қарқындылығы арта береді. Жер бетіне түсетін күн сәулесі одан әрі күшейгенде фотосинтез қарқындылығы шамалы жоғарылайды да, сол қалпында тоқтап қалады. Осы кездегі жарық деңгейін фотосинтездің жарықтық қанығуы немесе қарқындылық шегі деп қаралады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ж. Қалекенұлы. «Өсімдіктер физиологиясы», Алматы, 2004 жыл, 125 - 133 бет.
2. Ж. Қалекенов. «Өсімдіктер физиологиясы» Алматы, 1994 жыл, 144 – 166 бет.
3. К.Кенесарина. «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» Алматы, 1982 жыл, 122 – 136 бет.
4. Ж.Жатқанбаев. «Өсімдіктер физиологиясы» Алматы, 1998жыл, 58 – 69 бет.