Қабылдаған: Медеуова Ғалия Жұмаханқызы Алматы 2023 Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет5/7
Дата03.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#78861
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СӨЖ-2 (копия)

Пигменттердің хлоропластағы күйі. Пигменттердің фотосинтез процесіне қатысу тетіктерін түсіну үшін олардың клеткадағы, хлоропластағы күйлерін білу қажет. Тірі клеткадағы пигменттердің физикалық күйі ерітіндідегіге қарағанда өзгеше болады. Мысалы, жапырақтағы хлорофилл а спектрдің қызыл аймағындағы 680 нм – лік сәулені сіңіреді де, этил эфиріндегі ерітіндісі 660 нм, ал ацетондағы ерітіндісі 663 нм – лік сәулені сіңіреді. Бұндай өзгешелікті 1921 жылы В.Н.Любименко клеткадағы хлорофилл молекулаларының белок молекулаларымен ерекше байланысқан күйде болатындығында деп түсіндірді. Кейбір тәжірибелерде хлорофилл а – ның хлоропласта бірнеше түрде болатындығы анықталды.
Балдырлар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің көптеген түрлерінде хлорофилл в – ның екі түрі, хлорофилл а – ның төрт негізгі түрі кездеседі. Бактериохлорофилдің 800, 850 және 890 нм – лік сәулелерді сіңіретін үш түрі бар екендігі белгілі болды. Осы пигменттің метил спиртіндегі ерітіндісі 770 нм – лік сәулені сіңіреді. Соңғы кездердегі зерттеулердің нәтижесінде хлорофилл а – ның негізгі түрлерінен басқа 600 – 720 нм аралығындағы сәулелерді сіңіретін түрлері де бар екендігі дәлелденді. Хлорофилдің кішкене ғана мөлшерін бір тамшы эфирмен бірге суға тамызса, осындай үлгінің басқа түрі – мономолекулалық қабыршақ пайда болады. Эфир буланғаннан кейін судың бетінде бір молекуласының ауданы шамамен 100 А – ге тең хлорофилдің жалаң қабат кілегейі оны тығыздап, молекула ауданын 70 П – ге дейін кішірейкенде қос қабатты кілегей пайда болады. Осы кілегейлердің алғашқысының ең жоғары сіңіру аймағы 675 нм, қалыңдауының сіңіру аймағы 735 нм – лік сәулеге тура келеді. Хлоропластың жекеленген бөліктері арқылы жүзеге асатын негізгі фотоситездік процестерге Хилл реакциясы, айналымды, жалған айналымды және айналымсыз фотосинтездік фосфорлану, қоршаған ортадан енген көміртегі қос тотығының фотосинтездік тотықсыздануы жатады. Клеткадан бөлініп алынған хлоропластардың осы реакцияларды жүзеге асыру қабілеттілігі біраз уақытқа сақталатындығы анықталған.
Температураның фотосинтезге әсері өте үлкен. Егер ассимиляция тек қана фотохимиялық реакция болса онда температура фотоцинтезге ешқандай әсер етпеген болар еді. Вант – Гоффтың заңына сүйенсек, онда химиялық реакция температура өскен сайын 2 – 3 есе жоғарылауы тиіс. Сондықтан температуралық коэффициент 2 – 3 шамасына тең болады. Фотоцинтездің температуралық коэффициенті 1,2 – 1,3 шамасына тең. Жоғарыда аталғандай, фотоцинтез тек қана фотохимиялық реакция емес. Сонымен бірге ол қараңғыда да өтеді. Температураның өзгеруі фотоцинтезге өте үлкен әсер етеді. Көптеген ауылшаруашылық дақылдарында фотоцинтез процесі 20 градус – 28 градус температура кезінде қарқынды өтеді. Ал кейбір өсімдіктердің фотоцинтезі 30 градус – 35 градус температурада жақсы жүреді. Төменгі сатыдағы өсімдіктер (балдырлар) фотосинтез процесін төменгі 7 градус – 8 градус температурада өткізеді. Бұл – эволюция нәтижесінде оларда пайда болған бейімделу. Ондай балдырлар терістік теңіздерде де өсіп дамиды. Өйткені онда су температурасы төмен болады. Фотосинтез процесі компенсация нүктесімен шектеледі. Компенсация нүктесі дегеніміз – фотосинтез бен тыныс алудың ара қатынасы. Тыныс алғанда әр уақытта фотосинтез қарқынды түрде жүреді. Ал кейде олар өзара тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет