4. Шаршау. Шаршаудың анықтамасы және физиологиялық маңызы. Шаршау механизмдері туралы қазіргі кездегі көзқарастар. Шаршау дегеніміз – мүшелердің немесе тұтас ағзаның жұмыс қабілеттілігінің уақытша төмендеп, демалудан кейін жоғалуымен сипатталады. Субъективтік жағынан шаршаудың алдында шалдығу пайда болады. Жергілікті физикалық жүктен шаршаудың пайда болуы-орталық жүйке қызметтің өзгеруіне, жүйке-бұлшық ет жылжуының бұзылуына, сонымен қатар бұлшық еттердің өздеріндегі ферменттер белсенділігінің азаюына және т.б. өзгерістерге байланысты.
Бұлшық ет қызметіндегі шаршау:
Қимыл актілерін реттейтін жүйелер орталығында;
Жүйке-бұлшық ет шеткі жүйелер мүшесінде;
Бұлшық ет қызметін қамтамасыз ететін жүйелерде арта түседі.
Жұмыс кезінде шаршаудың себептері жүйке орталық жүйесі қызметтерінің өзгеруімен дамиды. Жүйке жасушаларында энергиялық қорлар таусылады. Бұлшық етте энергия көздерінің ресинтезі бұзылып, зат алмасу өнімдері шоғырланады. Сонымен қатар ацетилхолен медиаторларының қоры таусылып, оттегінің қажеттілігі азаяды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық.