Қабылдаған: Науанов Мирлан Сакенович. Жоспары: І. Кіріспе бөлім ІІ. Негізгі бөлім



бет1/6
Дата01.12.2022
өлшемі30,61 Kb.
#54057
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат октябрь


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Дене тәрбиесі кафедрасы
Реферат

Тақырыбы: Дене жаттығуларының әсерінен тұрақты жаттығулар процесінде адам ағзасында болатын өзгерістердің сипаттамасы.Дене жаттығуларын орындау әсері.

Орындаған: Ерсаинов Башир Капизұлы.
Тобы: 130, Жалпы медицина факультеті.
Қабылдаған: Науанов Мирлан Сакенович.

Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы.
Спорттық физиологияның дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы.
Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері.

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы.
Дене шынықтыру мен және спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру.
Денсаулықты күшейтудің, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті арттырудың физиологиялық механизмдері туралы ғылыми дүниетаным қалыптасады.
Тиімді дене шынықтыру құралдарымен әдістерімен қоршаған орта факторларымен дене жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын қалыптастыру негіздерінде, дене жүктемелеріне төтеп беру – машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру. Әртүрлі биоэнергетикалық дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлануға үйретіп, бұл білімдерін оқыту машықтандыру және дене шынықтыру сабақтарында оқыту. Бұл пәнді сапалы меңгеру үшін студенттер сіздер анатомия, спорттық морфология, биомеханика, дене жаттығулары және спорт биохимиясы, жалпы және жас ерекшеліктері физиологиясы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістері, гигиена сияқты пәндерден алған білімдерің жоғары болу керек. Осы пәнді оқу сендерге келешекте бапкерлік іс-тәжірибеден өту үшін қажет.
2. Спорттық физиологияның дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы.
Физиология спортының денсаулығын сақтай отырып, оның спорттық іс-әрекетінде үлкен нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретін білімнің негізін құрап, дене тәрбиесі мен спорт ілімінде маңызды орын алады. Спорт физиологиясы негізінен: қимыл әрекеттерін қалыптастыру механизмдерін; машыққандығы мен жұмыс қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді; машыққандығын дамытатын механизмдерді; спортшы ағзасының физиологиялық резервтерін зерттейді.
Келешек бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары спорт физиологиясынан мемлекеттік емтихан тапсырып, мамандығын жетілдіру факультетінің тыңдаушылары өз білімдерін жаңартуымен айқындалады. Бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары үшін спорттық әрекеттің физиологиялық заңдылықтарын білу мынадай мақсаттарда қажет:

  1. Машықтанушылардың денсаулығына нұқсан келтірмеу;

  2. Машықтану процесін сапалы құру \құрылысы бойынша қатаң емес\;

  3. Машықтану процесінде зорықтырмау, зорығу қалған жағдайда машықты тоқтату;

  4. Жауапты жарыстарға спортышыларды іріктеудің негізі;

  5. Машықтану процесін жетілдіру үшін спортшы ағзасында машықтану және жарыс кезіндегі қызметтік жағдайды түсіну;

  6. Адам ағзасында машықтану және жарыс кездерінде өтіп жатқан өзгерістерді өз шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, өзінің тапсырмалары мен ұсыныстарын дәлелдеу.

Спорт физиологиясының заңдылықтарын білу бапкерлермен дене тәрбиелеу оқытушыларының өзіндік іскерлігі мен жеке мақсаттардағы көзқарасын кеңейте түседі және ұжымда өзіндік бедел алады.

3: Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері. Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет