Гипофиз гормондарының гипоталамустың реттеу арқылы пайда болуы.
Гипоталамус талшықтары (нейроны) нейросекрет өндіреді. Гипофиздің алдыңғы бөлігіне шеберлік деп атайды, ал тежеу кезіндегіні – статин деп атайды. Бұлар нейросекрет өнімдерінен өндіріледі. Осы өндірілген заттардың гипофиздің алдыңғы бөлікке түсу кезінде, қан тамырлары арқылы жүреді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі гормондар реттеу арқылы, қайта байланысу принципі бойынша жүреді. Гипофиздің алдыңғы бөлігі троптың функция мен периферикалық функцияның арасында екі жақты байланыс бар. Тропты гормондар перификалық қалқанша безін активтендіреді, және оның функциясы тропты гормондардың өнімдеріне әсер етеді. Екі жақты байланыс гипофиздің алдыңғы бөлігінде және жыныс бездерінде, қалқанша безінде және бүйрек асты бездерінде болады. Бұл байланысты «плюс – минус» деп атайды. Тропты гормондар перификалық бездерді стимулдайды, ал перификалық бездер гормоны гипофиздің алдыңғы бөлігін басады. Гипоталамус пен тропты гормондардың арасында қайта байланыс бар. Қанда концентрациясының мөлшерден тыс артуы гипофизді гипоталамустағы нейросекреттің тежелуіне әкеледі. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігі тропты гормондардың өндіруін арттырып, парасимпатикалық бөлімі қажиды.
Эпифиз немесе пинеальдық без омыртқалы жануарлардың барлық класында кездеседі. Ол тек қолтырауын (крокодил) мен кит тәрізділерде ғана болмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миының үстінде эпифиздік ұлпалар табылған.Салқын қанды жануарлар эпифизі фоторецепциялық аппарат болса, сүтқоректілерде ол эндокриндік без болып есептеледі. Мысалы, кесірткенің төбелік көз деп аталатын мүшесінде көз бұршағы мен көздің торлы қабығының элементеріне ұқсас құрылымдар табылған. Бұл құрылым жарық өзгерістерін қабылдап, жануардың сыртқы орта жарықтығының өзгерістеріне байланысты реакцияларын туындатып отырады.Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы екі төмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші қарыншасымен арнаулы сабақша арқылы жалғасады. Ол дәнекер ұлпалы қабықпен қапталғаны, көмескі бөлшектерге бөлінген тығыз құрылым. Оның бөлшектері пинеальдық және глиялық торшалардан құралады. Бұл торшалар фоторецепциялық қабілетін жоғалтып, бездік ұлпаға айналған.
Эпифиз серотонин және мелатонин деген биологиялық белсенді заттар бөледі. Безде күңдіз серотониннің, түңде мелатониннің мөлшері көбейіп отырады. Бұл заттар терінің пигменттік торшаларына әсер етеді.Эпифиз жыныс бездеріне тежеуші ықпал етіп, жыныстық жетілу процесін реттейді. Жастық (ювенильдік) кезеңде без мезгілсіз жыныстық жетілуден сақтайды, организмнің жалпы (физиологаялық) жетілуі мен жыныстық жетілуінің арасыңдағы үйлесімдікті қалыптастырады.
Эпифиз тимус гормондарының қалқанша маңы бар. Эпифиз төмпешектің жоғарғы бетінде орналасқан. Эпифиздің ұлпаларынан 2 байланыс ерекшеленген:
1) Мелатонин (пигментті алмасуға қатсады, жыныс бездерін және гонадотропты гормондардың үлкен адамдарда қызметін тежейді). Бұл тікелей мелатониннің гипоталамусқа әсері, онда люлиберин гипофиздің алдыңғы бөлігінде босатылады; мелатонин люлиберин қызметін азайтып, лютропинді босатады.
2) Гломерулотропин (альдостерон секрециясын стимулдайды). Тимус (вилочковая железа) – жұпты мүше, жоғары жақта орналасқан. Тимус бірнеше гормондар тудырады: тимозин, гомостатикалық тимусты гормон, тимопоэтин I, II, тимусты гуморальді фактор. Осы гормондар организмде өте маңызды рөль атқарады, олар иммунологиялық қорғаныш реакциясын атқара отырып, антидене пайда болуын стимулдайды. Тимус лимфоциттердің орналасуын және дамуын қадағалайды. Тимус гормоны секрецияны гипофиздің алдыңғы бөлігінде реттейді.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |