Қабылдаған: Садуова ж орындаған:Әшірбай А., Туршабаева М. Тобы: тта-911



Дата31.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#21268
Байланысты:
критериалды бағалау 2 апта


Қ.Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті

ОББӨЖ

Тақырыбы: Заманауи білім берудегі оқушының субъектілігін критериалды бағалау.



Қабылдаған: Садуова Ж Орындаған:Әшірбай А., Туршабаева М.

Тобы: ТТА-911
  • Критериалды бағалау деген не?
  • Критериалды бағалаудың қоғамдағы маңыздылығы
  • Критериалды бағалаудың түрлері.
  • Пайдаланған әдебиеттер



Жоспар;

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау .

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.  

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Оқыту үдерісін басқарудың алтын кілті бағалауда деп айтуға болады. Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі.  Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. Бағалау критерийі – білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. 

Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру



Пайдаланған  әдебиеттер:

1. Бастауыш сынып    мұғалімдеріне  арналған  критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Астана 2016, оқу-әдістемелік құрал



2. К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»

3. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет