Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы жедел хирургияда күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аурудың кең таралуына және асқынған түрлерінің жиі кездесуіне байланысты, операциядан кейінгі кезеңде де, асқынулар жиі кездеседі.
Ол адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты 20-40 жас аралығында жиі кездесіп, әйелдер еркектерге қарағанда 2 есе жиі ауырады. өлім 0,1-0,3% құрайды. Операциядан кейінгі асқыну 5-9% кездеседі.
Іштің ауырсынуы – жедел аппендициттің алғашқы сатысындағы тұрақты белгі. Ол науқасты дәрігерге қаралуға мәжбүр етеді. Кезбе жүйкесінің әсерінің жоғарлауына байланысты ауырсыну кешке, түнде немесе таңғы сағаттарда болады. өсінді оң мықын аймағында орналасқанның өзінде де, ауырсыну оң мықын аймағында басталуы өте сирек кездеседі.

Алғашқыда ауырсыну эпигастрий аймағында орналасады немесе кезбе сипатқа ие (белгілі бір аймақты көрсете алмайды, ауырсыну іштің барлық аймағында) болады. Бастапқы сатыда ауырсыну тұрақты тұйық, интенсивтілігі төмен болғанымен, кейде толғақ тәрізді болуы мүмкін. 2-3 сағат өткен соң ауырсыну күшейіп, оң мықын аймағына ауысады. Бұл – Кохер-Волкович белгісі деп аталады. Кейін ауырсыну оң мықын аймағында тұрақты болады.