Перитонит - іш астарының жедел және созылмалы қабынуы, өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметінің бұзылуы, ағза ауруының жергілікті және жалпы белгілерімен бірге жүруі. Құрсақ қуысының қабырғаларын және ағзаларын астарлаған серозды қабат болып табылатын ішастардың қабынуы.
Маңыздылығы
Құрсақ қуысы ағзаларының хирургиялық ауруы кезінде 2/3 жағдайда өлімге алып келеді;
Құрсақ қуысы ағзаларының жедел аурулары 80-85% перитонитпен асқынады;
20-30%- өліммен аяқталады, жайылған іріңді перитонит кезінде 80-100% дейін жетеді.
Негізгі бөлім
Организмдегі қустарды - іш қуысы және құрсақ қуысы деп ажыратады. Іш қуысының ішкі жағынан endoabdominals фасциясы төселен.Ол үстіңгі жағынан - диафрагмамен, алдыңғы жағынан – алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттерімен, артқы жағынан - омыртқамен, бел және мықын бұлшықеттерімен шектелген. Іш қусының астыңғы жағы жамбас қуысына аусады.
Құрсақ қуысы ішперденің париеталдық бетімен шектелген. Құрсақ қусының артқы бөлігінде, endoabdominalis фасциясы мен ішперденін париеталдық беті арасында орналасқан бөлікті құрсақ арты кеңістік дейді.
Ішпердеге қатынас бойнша іш қуысының ағзалары интраішперделік, мезоішперделік және экстраішперделік болып орналасқан. Интра-және мезоішперделік орналасқан ағзалар құрсақ қуысында; ал тек экстраішперделік орналасқан ағзалар құрсақ арты қусының ағзаларына жатады.
Интраішперделік түрде асқазан, көк бауыр, жіңішке ішек, сигма тәрізді ішек, құрттәрізді өсінді орналасқан; олар барлық жағынан висцералдық түрде ішпердемен толық жабылған. Интраішперделік орналасқан ағзалар жылдам қозғалымға ие. Олардың жылжу дәрежесі шажырқайдың немесе байламдардың ұзындығы мен орналасуына байланысты.