Елдің бәсекеге қабілетті болуы,меніңше сол елдің әрбір азаматының білімді болуымен қатар,өз бойындағы дарындылықты дарыта білуі керек деп түсінемін.Сауаттылық сананы игеру ғана емес,сонымен бірге,өз болмысыңды,қабілетің мен күшіңді көрсете білу. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бәсекелікке бастау болатын үш бағдарлама ұсынып,сол бағдарламалар арқылы жетістікке жетуге болатынын атап өткен болатын.Ол бағдарламалар: «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім».