Қабылдау мен қызметтің дамуы
Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып, сонымен бірге өз дамуында осы қызметтің жағдайлары мен сипатына тәуелді. Ж. Пиаже айтқандай генезисті, перцептивті процестердің құрылымы мен функцияларын зерттеуде проблеманы “праксеологиялық” тәсілдемемен қараудың мәні маңызды.
Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы психологияда ұзақ уақыт еленбеді және де немесе қабылдау практикалық қызметтің сыртында (субъективті менталистік психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді, немесе қызмет қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер) қарастырылды.
Тек соңғы он жылдықта олардың арасындағы генетикалық және функционалдық байланыстар психологиялық зерттеу пәні бола бастады. Диалектикалық материализмнің қоршаған шындықты танудағы практиканың роліне қатысты белгілі философиялық ережелерге сүйене отырып отызыншы жылдардың басында кеңестік психологтар (Б.Г. Ананьев, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Б.М. Теплов және т.б.) қабылдаудың субъекті қызметінің сипатына байланыстылығын зерттеуге кірісті. Біздің қызметкерлермен бірге психология Институты мен ПҒА мектепке дейінгі тәрбие Институтында жүргізген қабылдауды онтогенетикалық зерттеулеріміз осы бағытта жүрді.
Балалардың практикалық қызметінің ерекшеліктері және оның жастық өзгерістері адам қабылдауы онтогенезіне айтарлықтай әсер ететін сияқты. Бүтіндей қызмет сияқты, сондай-ақ оның құрамына кіретін перцептивті процесстердің дамуы спонтанды емес жүреді. Ол өмір мен үйрету жағдайларымен анықталады, оның барысында Л.С. Выготский атап өткендей, бала бұдан. Бұрынғы буындармен жиналған қоғамдық тәжірибені игереді. Жекелеген жағдайда өзіндік ерекше адамдық сенсорлық оқыту перцептивті процесстерді тіршілік етудің жеке бастық жағдайларына бейімдеуді ғана емес, сондай-ақ қоғам жасаған сенсорлық эталондар жүйесін (олардың қатарына мысалы, жалпылай қабылданған музыкалық дыбыстар шкаласы, әр түрлі тілдердің фонемалар решеткасы, геометриялық формалар жүйесі, т.т. жатады) игеруді ойлайды. Жекелеген индивидтер игерілген этолондарды қабылданатын объекті зерттеу және оның қасиеттерін бағалау үшін пайдаланады. Мұндай эталондар қабылдаудың жедел бірліктері болады, оның практикалық қызметі құралмен жанама түрленсе, ал ойлау қызметі – сөзбен түрленген сияқты баланың персептивті іс әрекетін жанама түрлендіреді.
Біздің топшылауымызға сәйкес, перцептивті іс әрекеттер нақты жағдайды ғана бейнелеп қоймай, белгілі бір шамада практикалық іс әрекеттер нәтижесінде мүмкін болатын оның түрленулерін алдын ала біледі. Осында сенсорлық алдын ала білулерге (интеллектуальды алдын ала білуден айтарлықтай өзгешеленетін) бола перцептивті әрекеттер тәртіптің жақын болашағын анықтау және субъект алдында тұрған мәселелер мен жағдайларға сәйкес оны реттей алады.
Негізінен біз баланың көру және сезіну процесін зерттесекте, дегенмен анықталған заңдылықтар, біздің қызметкерлердің зерттеулері көрсеткендей, басқа да сенсорлық модальдықтарда (есту, кинестетикалық қабылдау және т.б. салаларда) жалпы мәнге ие болады және өзіндік көрініс береді.
Біз қабылдаудың қызмет сипатына тәуелділігін зерттедік:
a) Баланың онтогенетикалық дамуы тұрғысында
b) Функционалдық (қандай да бір перцептивті іс әрекеттердің сенсорлық оқыту әсерімен қалыптасу процессінде) даму барысында.
Достарыңызбен бөлісу: |