Қабылдауды диагностикалауға арналған әдістеме. Әдістеме «Мына суретте не жетіспейді?»



бет19/19
Дата07.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#19361
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
19.Әдістеме «Топқа бөл»


Суретте берілген геометриялық фигураларды атау және оларды топтастырып санау.Тапсырманы орындауға 3 мин. уақыт беріледі.



Қорытынды нәтежесі

10 балл — бала 2 мин. аралығында барлық геометриялық фигураларды дұрыс атап, келесідей топтастыру керек.Олар төртбұрыш, шеңбер,үшбұрыш, ромб, қызыл фигуралар олар қара түсте берілген, көк фигуралар ұзын сызық болып берілген, жасыл фигуралар торкөз болып сызылған, үлкен-кіші фигуралар.


8-9 балл— 2,0 - 2,5 мин. аралығы.

6-7 балл — 2,5 - 3,0 мин. аралығы.

4-5 балл — 3 мин аралығында тек 4 фигураны атап берген жағдайда қойылады.

2-3 балл — 2 - 3 групп фигураны атап берген жағдайда қойылады.

0-1 балл — бала ешқандай фигураны атап бере алмаған жағдайда қойылады.

20.Әдістеме « Лабиринт»
Балаға неғұрлым жылдам, лабиринттің қабырғаларына жақындамай лабириттен өту керек.Тапсырма деңгейлеп беріледі.



Қорытынды нәтежесі

10 балл— тапсырманы 45 сек. аралығында және лабиринттің қабырғаларына тимей орындаған жағдайда қойылады.

8-9 балл— 45 - 60 сек, және бала 1-2 рет лабиринттің қабырғаларына тиіп кеткен жатқан жағдайда қойылады.

6-7 балл — тапсырманы орындауға 60 - 80 сек уақыт және лабиринтті өту кезінде бала 3-4 рет қабығаны қолында берілген таяқшамен қабырғаларына тиіп кеткен жағдайда қойылады.

4-5 балл — тапсырманы орындауға 80 - 100 сек, лабиринтті өту кезінде бала 5-6 рет қабырғасынна тиіп кеткен жағдайда қойылады.

2-3 балл — тапсырманы орындау кезінде 100 - 120 сек, лабиринтті өту кезінде бала лабиринт қабырғасын 7-9 рет тиіп кеткен жағдайда қойылады.

0-1 балл — тапсырманы орындауға 120 сек уақыт жұмсаса немесе мүлдем лабиринттен шыға алмаған жағдайда қойылады.


21.Әдістеме «Суретті толықтыр»
Бұл әдістемеде суреттің жартысы беріледі,бала оның екінші жартысын салып суретті толықтыру керек.Сурет өте анық және дәл салыну керек.Тапсырманы орындауға 5 мин. уақыт беріледі.

Қорытынды нәтежесі
10 балл— берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын дәл сол қалпы анық, өте ұқыпты және ешқандай детальдарын ұмыт қалдырмай салған жағдайда қойылады.

8-9 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын дәл, өте ұқыпты және бір-екі детальдарын ұмыт қалдырған жағдайда және 1 мм айырмашылық болған жағдайда қойылады.

5-7 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын ұқыпты, бірақ әрбір суретте 3-4 детальдарын ұмыт қалдырған жағдайда және 1,5 мм айырмашылық болған жағдайда қойылады.


4-6 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын салу кезінде әрбір суретте 4-5 және детальдарын ұмыт қалдырған жағдайда қойылады және 2 мм айырмашылық болса.


2-3 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын салу кезінде тек 2-3 детальдарын ғана салып, көп бөлігін ұмыт қалдырған жағдайда және оның түп нұсқасынан үлкен болған жағдайда қойылады.

0-1 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын салу кезінде 1-2 детальдарын ғана салып, көп бөлігін ұмыт қалдырған жағдайда және түп нұсқадан 3 мм үлкен болған жағдайда қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет