Суретке қарап қандай жыл мезгілі екенін дұрыс тауып, ажыратып және неге олай ойлайтынын, жыл мезгілдерінің көріністерін сипаттап беруге 2 мин уақыт беріледі.Бала баланың жас ерекшелігіне қарай беріледі.Бұл сурет 5-6 жастағы балаларға арналған әдістеме.Тапсырма баланың деңгейіне қарай беріледі.
10 балл — бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерін дұрыс ажыратып, әр мезгілге байланысты 8 табиғат ерекшелігін дұрыс айтқан жағдайда қойылады.
8-9 балл — бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерін дұрыс ажыратып, әр мезгілге байланысты 7-8 табиғат ерекшелігін дұрыс айтқан жағдайда қойылады.
6-7 балл — бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерін дұрыс ажыратып, әр мезгілге байланысты 3-4 табиғат ерекшелігін дұрыс айтқан жағдайда қойылады.
4-5 балл —— бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерінің тек 1-2-ін дұрыс айтқан жағдайда және әр мезгілге байланысты жалпы 1-2 табиғат ерекшелігін дұрыс айтқан жағдайда қойылады.
0-3 балл — бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерін дұрыс ажырата алмай, әр мезгілге байланысты ешқандай табиғат ерекшелігін дұрыс айта алмаған жағдайда қойылады.
17.Әдістеме «Төртіншісі артық?»
Балаға суретке қарап артық затты тауып,не үшін оның артық екенін табу керек. Бұл тапсырма деңгейлеп беріледі.Бұл 5-6 жастағы балалардың ойлау қабілетін анықтауға арналған.Тапсырманы орындауға 3 мин. уақыт беріледі. Тапсырма бала деңгейіне қарай орындалады.