Қабілеті жоғары баланың өзіндік ерекшеліктері мен икемділіктері жан-жақты зерттеледі, ол үшін әртүрлі тесттер мен әдістер, анкеталар тиімді пайдаланылады;
Пән сабағында шығармашылық сипаттағы тапсырмалар іріктеледі, орындалады, талдау жұмыстары жүйелі жүргізіледі;
Қабілеті жоғары оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткіші арнаулы әдістер бойынша жүйелі түрде тексеріліп отырады;
Сабақтан тыс жұмыстар жыл бойы жоспарлы жүргізіледі.
1. Қабілеті жоғары бала өзгеше және шапшаң ойлайды;
2.Қабілеті жоғары оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше болады;
3. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.
Дарындылық 3 параметрмен анықталады:
1. Танымдық жеке дамуы;
2 . Психологиялық дамуы;
3. Физикалық дамуы.
Дарындылықты анықтауда төменгі факторларды ескеру керек:
1. Жас ерекшелігін;
2. Тұлғалық ерекшелігін.
Қабілеті жоғары оқушыларды таңдау барысындағы назар аударатын ерекшеліктер:
Қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс 1. Көптеген ақпараттарға ие;
2. Сөздік қоры бай;
3. Жаңа кез келген тапсырманы орындай алады;
4.Өз бетінше қорытынды жасай алады;
5. Берілген тапсырмаларды талдап, бөлшектей алады;
6. Күнделікті тапсырмаларды орындай алады;
7. Ақпаратқа шешім қабылдайды;
8. Қарсыласына сезімтал;
9. Әрекет етуден бұрын жағдайға талдау жасайды;
10. Қызығушылығы өте жоғары;
11. Тапқыр, зерек;
12. Жаңа нәрсені ойлап табуға икемді;
13. Басқа адамдарға құрметпен қарайды;
14. Оқуда, жұмыста өте жауапты;
15. Әр нәрсеге, табысқа жетуге құмар;
16. Жарысуға дайын;
17. Әзілді жаны сүйеді;
18. Өз талантына сыйлық алуды көздемейді.