Қабір азабы арабшадан аударған: А. Зулай 2 ббк 86. 38 Қ 13


Қабір азабын жасырудың хикметі не?



Pdf көрінісі
бет28/48
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#110703
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Қабір азабын жасырудың хикметі не? 
Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын): 
«Пайғамбар 
(с.а.с.)
бәну нәжжардың бау-бақшасына кірген кезде көрден 
шыққан дауысты естіп: 
«Бұл қабірдің иесі қашан жерленді?»
 – 
деп сұрады. Олар: «Жәһилият кезінде
1
», – деп жауап берді. 
Сонда оның көңілі орнығып: 
«Егер сендер бір-бірлеріңді 
жерлейтін болмағандарыңда еді, Аллаһтан сендерге өздеріңе 
көр азабын естіртуді тілер едім»
, – деді»
, – деген
2

Сондай-ақ алдыңғы тақырыптарда Зәйд ибн Сәбит және Умму 
Мубашшарлардан келтірілген хадистерде де осы мәселе сөз 
болды. Аллаһ тағала Өзінің иләһи даналығымен, Раббани 
мейірімділігімен қабір азабын бізден өзіміз жерленетін уақытқа 
дейін құпия ұстайды. Себебі бұл дауысты естіген әр адамды 
қорқыныш билейтіндіктен, жерлеу кезінде қабірге жақындай 
алмауы немесе оны естіген тірі адамның өліп кетуі де мүмкін 
болғандықтан жасырды. Олай болса, бұ дүниеде есту 
қабілетіміздің, күш-қуатымыздың әлсіздігіне байланысты Аллаһ 
жіберетін азаптан ештеңе сезінуіміз мүмкін емес. Қатты 
шатырлаған найзағайдың немесе күшті жер сілкінісінің дыбысын 
естісе көптеген адамдардың өліп кететінін білмейміз бе?! Ал 
мына хадистерде айтылғандай, періштелер ұрған кезде шығатын 
шыңғырған дауыстың қасында найзағайдың үні түкке татымас 
еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір жерлеу рәсімі кезінде: 
«Егер адам 
оны естісе қатты қорқып, естен танар еді»
, – деген
3

1
Яғни, Исламнан бұрын. 
2
Муслим, Ибн Хиббан. 
3
Әл-Бұхари, Ахмад. 


33 
Ал бейбіт жарқылдаған найзағайлар қиыншылық, зардап 
шектірмесе де үрейленеміз. Сонда оның қинауға толы ауыр 
жазаларға ұшырағандағы азабы, тозақ оты күшейе түскендегі 
күні не болар екен?... 
Аллаһ тағаладан бізді кешіруін, мейірімі мен рақымын нәсіп 
қылуын сұраймыз. 
Кімде-кім Аллаһты және Оның құдіретін біле тұра, Оның 
Раббылық хикметімен жоқты бар етіп, рақымы түскендіктен, 
кейбір тылсым сырды пенделерінен құпия ұстайтынын қалай 
жоққа шығарады. Себебі олардың бұл жұмбақ жағдайларды 
көруге және естуге күші, шыдамдары жетпейді. Қабір азабының 
куәгер болуына адамның есту, көру қабілеті қауқарсыз. Оның 
сұмдық азабын көргенде не естігенде есінен адасып кетер еді, не 
болмаса қорқыныштан жүрегі жарылып өлер еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет