Қабитқан Т. Ж., Айтқожина С. К



бет11/12
Дата15.12.2023
өлшемі165,21 Kb.
#138301
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Мексика


Көлік. Мексиканың көп жерінде көлік қатынасы жақсарып, транспорттық жолдар салынса да таулы аймақтарға жету қиындық тудыруда. Сапалы транспорт желісінің болмауы елдің территориясының жер бедері әркелкі болуына байланысты. Ұзақ уақыт бойы көлік қатынасының дамымауы ел экономикасына кері әсерін тигізді. Мексиканың көлік қатынасы темір жол, автокөлік, әуе және теңіз транспорт түрлерінен тұрады. Әуе көлігі маңызды қызмет атқарады. Елде жергілікті желіге жататын 33 аэропорт, халықаралық 55 аэропорт бар. Ең ірі аэропорты мемлекеттің астанасы Мехико қаласында орналасқан.


Автокөлік жолдарының ұзындығы - 249 520 км. Асфальттелген жолдар 37%-ды құрайды. Мексиканың автострадалары- «автобаны» (автомобиль қатынасына арналған арнайы жабдықалған кең тас жол) Америкадағы ең жақсы жолдардың біріне жатады. Автокөлік жолдары елдің солтүстік және орталық бөлігінде көптеп салынған. Елдің ең басты магистралі Сьюдад-Хуарестен Сьюдад-Куаутемокке дейінгі шоссе жолы. Үлкен автомагистральдары Мехиконы Тихуанамен, Акапулькомен және Веракруспен байланыстырады. Тасымалдың 20%-ы автотранспорттың үлесіне тиеді.
Мексика транспортының маңызызды түрі – темір жолдары. Олардың жалпы ұзындығы 21 000 км, оның 1/3 бөлігі электрленген. Темір жол бағытымен жолаушылардың 98%-ы, ал жүктің 80 %-ы тасымалданады. Елдің көптеген ірі қалалары бір-бірімен 280 км \caғ жылдамдықпен жүретін ICE ("Интерсити — Экспресс") пойыздары қатынайтын ұшқыр темір жолдар арқылы байланысқан. Ірі қалалардың арасындағы тұрақты авиарейстер бір сағаттан сәл астам уақытты алады.
Тынық мұхиты және Кариб теңізі жағалауларындағы 49 теңіз порттары арқылы экпорт тауарларының 86 %-ы шетелге шығарылады. Елде 12 порт бар, олардың ең ірілері: Веракрус, Акапулько, Косумель, Мансанильо.
Мексиканың астанасы Мехико қаласында метрополитеннің 9 желісі жұмыс жасайды.
Көлік Мексикада негізінен тасжол, теңіз жолы және әуе жолдары жақсы дамыған. Басты байланыс автокөлікпен жүреді. Ал экспорт және импорт тауарларын шығаруда теңіз көлігінің маңызы зор.

Сыртқы экономикалық байланыстар. Мексика сыртқы саудасы - сауда балансының дефицитімен сипатталады. 1972 жылғы Мексика экспорты 1821,4 млн., импорты 2952,1 млн. долларға тең болды. Экспортқа мақта, кофе, күкірт, қант, мал, минералдар мен металдар, өңдеу өнеркәсібінің кейбір өнімдері шығарылады. Басқа елдерден машина және өндіріс жабдықтарын (импортының 40,8%-і), өнеркәсіп шикізатын (39,2%-і), тұтыну товарларын (6,6%-і) сатып алады. Басты сыртқы сауда серіктестері - АҚШ (экспортының 70%-і және импортының 60%-і үлесіне тиеді), Жапония (4,7%, 3,9%). Көрші Латын Америкалық елдермен және Жалпы рынок мүшелерімен де экономикалық қарым-қатынасы жақсы. Социалистік елдермен сыртқы саудасы кеңеюде. 1972 жылы туризмнен 730,4 млн. долл. түсім түсті. 1971 жылы Мексикада 2,5 млн. шетел турисі болды. Ақша өлшемі - песо.


Мексика территориясы, белгілі экономика салаларының қалыптасуына байланысты - Орталық (федералдық округ, Мехико, Пуэбла, Керетаро, Гуаяахуато, Идальго, Морелос, Тласкала штаттары кіреді), Мексика шығанағы жағалауы (Тамаулипас, Веракрзш, Табаско штаттары), Солтүстік (Нуэво-Леон, Коауила, Чиуауа, Сант-Луис-Потоси, Сакатекас, Дуранго, Агуаскальентес штаттары), Солтүстік тынық мұхиттық (Сонора, Синалоа, Наярит, Төменгі Калифорния штаттары және Төменгі Калифорния территориясы), Орталық тынық-мұхиттық (Халисқо, Мичоакан, Колима штаттары), Оңтүстік тынық мұхиттың (Герреро, Оахака, Чьяпас штаттары), Юкатан (Юкатан, Кампече штаттары, Кинтана - Роо аймағы) экономикалық аудандарына бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет