Абжанова сокращенная indd


Су гигиенасы және оның адам денсаулығына әсері



Pdf көрінісі
бет105/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151
Су гигиенасы және оның адам денсаулығына әсері
су қоршаған ортаның ең маңызды элементі болып табы-
лады. жерде сусыз тіршіліктің болуы мүмкін емес, өсімдіктердегі, 
жануарлардағы және адамдағы барлық биохимиялық реакциялар мен 
физиологиялық үдерістер судың қатысуымен жүзеге асады. судың 
адам үшін физиологиялық маңызы – оның барлық биологиялық 
тіндердің құрамына кіруінде. су адам дене салмағының 60-70%, ал 
20-22% сұйықтықты жоғалтудың өлімге алып келетіні белгілі. тірі 
жасушаға су құрылымы мен қалыпты тіршілік етуі үшін қажет. 
ағзаның физиологиялық қызметін қамтамасыз етумен қатар, 
судың гигиеналық маңызы бар және тұрғындардың санитарлық аман-
саулығының жетекші көрсеткіштері ретінде қарастырылады. адамға 
оның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тәулігіне 


233
үш литрге дейін су қажет. ыстық климатта және ауыр физикалық
ауыртпалықтар қатты тері шығу кезінде судың жоғалуы тәулігіне 
10-12 литрге дейін жетеді. су адамға сонымен қатар тұрмыстық-
шаруашылық қажеттіліктер үшін де керек.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен тағамдық өндірістер 
технологиялық және техникалық қажеттіліктер үшін көп су 
тұтынады. технологиялық мақсаттарда су шикізатты өңдеу мен 
өнім дайындау (сорпалар, сусындар мен т.с.с.) үшін қолданылады. 
суды жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қолдану 
техникалық мақсаттарға жатады. сонымен қатар суды пайдаланудың 
маңызды құраушыларының бірі ыдыстарды, жабдықты жуу, 
өндірістік үй-жайларды тазалау, үй-жайларды залалсыздандыру мен 
қызметкерлердің жеке гигиенасы мен тағы басқалары болып табы-
лады.
су дизентерия мен іш сүзегі сияқты көптеген инфекциялық 
аурулардың тасығышы болып табылады. судың ластануы ағынды 
сулардың сумен қамтамасыз ету жүйесіне түсуі салдарынан болады. 
тамақ өндірістерінде қолданылатын су эпидемиялық және радиация-
лық тұрғыда қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және 
қолайлы органолептикалық қасиеттері болуға тиіс.
судың барлық көздерін гигиеналық, шығу көзі мен оқшаулық 
тұрғыдан: жерасты, жерүсті мен атмосфералық сулар деп үш топқа 
бөлуге болады. жерасты сулары атмосфералық жауын-шашын 
мен жерүсті суларының топырақ арқылы сүзілуінің нәтижесінде
қалыптасады. тереңде орналасуы мен жер қыртыстарына тара-
луы бойынша барлық жерасты сулары жоғарғы, орта және төменгі 
аймақтар деп бөлінеді. Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етуде, 
су қорының тереңде орналасуы 1000, кейде 2000 метрге дейін 
жететін жоғарғы аймақ суларын пайдаланады. жерасты суларының 
сапасы жер қыртысының құрылымымен анықталады. жер бетіне ең 
жақын топырақтық сулар орналасқан. Олар жерүсті ағындарынан 
қалыптасып, топырақтан шығатын органикалық және минералдық 
қоспалармен, сонымен қатар көптеген микроағзалармен ластанған. 
жер топырақ сулары сумен қамсыздандыру көзі ретінде қолайсыз, 
себебі ол суларда микробтар көп, органолептикалық және минералдық 
ластанған. бұл суларды өсімдік пен жануарлар ағзалары тұтынады 
және топырақтың ылғалдылығын сақтап тұрады. Қабатаралық сулар 
санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыда көбіне сенімді деп танылады. 
Қабатаралық сулар өте тереңде орналасқан, бастауын олардың тереңде 


234
 
 

орналасуынан өте үлкен қашықтықтан алады, сондықтан сулы деңгей 
жиектер сулары үлкен кеңістіктерден өте отырып, қалыптасып, 
өздігінен тазаланудан өтеді. бұл сулар беткейден ластанудан жердің су 
өтпейтін бір немесе бірнеше қабатымен қорғалған. Қабатаралық сулар 
арасында артезиан сулары ерекше орын алады, себебі олар жерасты 
суларының барлық қолайлы қасиеттерін сіңіре отырып, үлкен қысым 
астында болады. Олардың бактериялық тұрғыда едәуір қолайлы болуы
қысымның жоғарылығымен және судың ластанған сулы деңгей жиек-
терден судың келу мүмкіндігінің болмауымен түсіндіріледі. жерүсті 
су көздеріне бұлақтар, өзендер, көлдер, су қоймалары, теңіздер мен 
мұхиттар сулары жатады. барлық жерүсті сулары тұщы су мен тұзды 
су деп бөлінеді. сумен қамтамасыз ету үшін көбіне өзендер мен ірі 
және орташа өзендердегі жасанды су қоймалары қолданылады. алайда 
судың жылжуы баяулауымен бірге, су алмасу азайып, өздігінен 
тазалану қабілеті төмендейді және осының салдарынан көлдер мен 
тоғандар сумен қамтамасыз ету көздері ретінде сирек пайдаланады, 
себебі олардағы су көбірек ластанған.
су таратқыштарды санитарлық қорғау санитарлық-қорғағыш 
алқаппен қамтамасыз етіледі. әрбір үш алқапта, сонымен қатар 
санитарлық-қорғағыш алқаптарда олардың мақсаттарына сәйкес 
арнайы режим белгіленеді және судың сапасы нашарлауының алдын 
алуға бағытталған іс-шаралар кешені анықталады. жерасты және 
жерүсті су көздерінен келетін сулар өңделуге тиіс. Өңдеу дегеніміз 
сүзу мен зарарсыздандыруды білдіреді. 
Өнеркәсіптік жағдайларда (су айдауыш стансалар) сүзу алдында 
ұюту жүргізеді, содан кейін су тұндырғыштар мен сүзгілерге беріледі.
Ұюту – судағы қоспалардың бөлшектердің агрегациялануына әкеліп 
соғатын және соның нәтижесінде су ортасынан бөлініп шығатын 
салыстырмалы ірі үлпектер түзілетін, суды химиялық реактивтермен 
өңдеу үдерісі. сүзуден кейін зарарсыздандыру өткізіледі, әдетте, газ 
тәріздес хлор. Хлор сумен әрекеттесе отырып, хлормақталы қышқыл 
түзіп, ол бактерицидтік әсері бар гипохлоритті ионның түзілуімен
ыдыратылады. судың салыстырмалы біршама аз мөлшерлері үшін 
бактерицидтік шамдар арқылы зарарсыздандыру қолданылуы мүмкін. 
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз жоқ болған жағдайда, суды 
жылжымалы тазарту станциялары немесе судың тұрмыстық сүзгілері 
тазартады және зарарсыздандырады.
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету дегеніміз – елді 
мекендер тұрғындарын ауызсумен қамсыздандыруын шаруашылық 


235
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, таратушы желілерсіз су 
іркуіш құрылғылардың көмегімен жерасты су көздерін пайдалану. 
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздеріне жерасты 
сулары жатады. әдетте, жерасты суларының сапасы қабатаралық 
сулармен немесе орталықтан қамтамасыз етілетін ауызсумен 
салыстырғанда нашар. ауызсу сапасына денсаулық сақтау органдары 
жіті назар аударады, яғни халықтың денсаулығының ахуалы соған 
тәуелді.
«Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету суының сапасына 
қойылатын гигиеналық талаптар. су көздерінің санитарлық қорғау» 
санежн 2.1.4.1175-02. 
су сапасы «Шаруашылық ауызсу мен мәдени-тұрмыстық су пай-
далану су объектілерінің суларындағы химиялық заттардың шек-
теулі рұқсат етілген концентрациялары (ШРк)» мн 2.1.5.1315-03, 
«Шаруашылық ауызсу мен мәдени-тұрмыстық су пайдалану су 
объектілерінің суларындағы химиялық заттардың шамалас рұқсат 
етілген деңгейлері (ШРД)» мн 2.1.5.1831-04 сәйкес келуге тиіс.
бұл санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерде ауызсу 
сапасы мен оны қадағалауға қойылатын заманауи талаптар ескерілген. 
санитарлық ережелер су сапасын бақылау әдістерін де реттейді. 
су жинау орындарындағы суқоймаларының су сынамаларын алу 
мен талдау, таратушы желіге берілер алдында, сонымен қатар су 
пайдалану орындарында тазартудан кейінгі су сынамаларын зерттеу 
қарастырылған. зерттеулер саны осы су көзінен су пайдаланатын 
тұрғындар санымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет