Тыныс алу коэффициенті.
алу мүшелерінің құрылысы 2-суретте
көрсетілген. тк – бұл түзілген сО
2
-нің мөлшерінің пайдаланылған
О
2
-нің мөлшеріне қатынасы. мына реакциядан: с
6
н
12
О
6
+ 6О
2
= 6сО
2
+
+ 6н
2
О, көмірсуларды тотықтырған кезде (6сО
2
/6О
2
= 1) тк = 1 екенін
көруге болады. майлар үшін тк төмен, себебі олар көміртекке бай
және оттекке кедей. көмірсуларда көбірек 0,707; ақуыздарда – 0,801.
сонымен, энергия шығынын анықтау үшін бөлінген сО2-нің,
сіңірілген О
2
-нің көлемі өлшенеді және зәрдегі ыдыраудың азотты
өнімдері анықталады. тк есептеледі. сосын әр энергия көзінің
мөлшерінің нәтижесіне сәйкес калориялық коэффициенттерге
көбейтіліп де энергия шығынының қосындысы табылады.
Хронометражды кестелі тәсіл. бір тәулік ішіндегі кәсіптің жеке
түрлеріне кеткен энергия жөніндегі мәліметтерді пайдалануға
негізделген; сол кәсіптің әрқайсысын хронометрлеу арқылы барлығын
қосып, энергияға деген тәуліктік сұранысты анықтауға болады.
нақты хронометраж өте көп жұмысты және уақытты қажет
етеді. сондықтан да Харьков Қоғамдық тамақтану институтында
хронометражды-кестелік тәсіл модификацияланған. бастапқы беріл-
гендер ретінде 1-ші топтағы адамдар, қосымша бұлшық етке салмақ
түспейтін, көбінесе ой еңбегімен айналысатындар алынған. Олардың
энергия шығынын анықтау үшін адамдардың үлкен тобы алынып, үй
жұмысына, жеке басының тазалығына, жұмысқа барар жолына кететін
энергиясы қосып есептелген.
2-сызбанұсқа. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
47
спортпен, қосымша кәсіппен айналысатын адамның тәуліктік энер-
гия шығынын анықтау үшін: 1) 1 кг дене салмағына кәсіптің түріне
қарай энергия шығынын есептеу; 2) кәсіптің түрінің ұзақтығы туралы
мәліметтер.
күніге 8 сағат ұйықтайтын орташа салмағы 71 кг болатын еркек
адамның жұмсалатын энергиясы – 2341 кДж. бұл тәсіл бойынша энер-
гия шығыны мына жалпы формула бойынша анықталады:
Э2 = [(б-а)] + Э1
Э2 – белгілі кәсіптің түріне байланысты тәуліктік энергия
шығыны; б – 1 кг дене салмағына 1 сағаттағы энергия шығыны (кДж
немесе ккал); а – 1 кг дене салмағына ұйықтағаннан басқа уақыттағы
1 сағаттағы энергия шығыны; В – берілген кәсіптің түрінің ұзақтығы
(сағат); м – дене салмағы (кг); Э – 1-ші топтағы адамдарға арналған
энергия нормасы.
зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы.
зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі
органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың
тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп,
бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болған қажетсіз қалдық зат-
тары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. көмірсуының қос
тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен
сыртқа шығады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың
ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға
сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, несепнәр, фосфор
қышқылы, кейбір тұздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері
(улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. су мен онда
еріген тұздар, сүт қышқылы, хлорлы қосындылар термен шығады.
Демек, зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтары, зиянды,
улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері
арқылы шығып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының
қалыпты тұрақтылығы сақталады. тіршілік үшін, денсаулық үшін
сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.
бүйректің құрылысы және қызметі. сыртқа шығару мүшелерінің
ішінде бүйрек ерекше орын алады. адамның бүйрегі – жұп мүше. Ол
бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан.
Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. екеуінің
құрылысы бірдей. бір бүйректің салмағы – 120-150 г. сырты дәнекер
ұлпасымен қоршалған. бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.
|