271 Консерв өнімдерінің санитарлық-эпидемиологиялық бағасы Консервілер – алдын ала мал немесе өсімдік шикізатынан жаса-
лып өңделген қаңылтыр немесе шыны ыдысқа салынған және оларды
ұзақ сақтауда бүліну мақсатында заласыздандырылған тағам өнімдері.
консервіленген тағам өнімдерінің қауіпсіздігі консервілердің
нақты бір түріне белгіленген сақтау температурасында дами ала-
тын микроағзалардың; адам денсаулығына қауіпті микроағзалар мен
микробтық токсиндердің болмауымен анықталады. консервілердің
бұзылуы тұмшаланған қалпы бұзылған жағдайда микробтардың түсу
нәтижесі болуы мүмкін. бірақ бүлінудің ең қауіптісі – қалдықты
микрофлораның дамуы нәтижесінде консервілердің бұзылуы. аталған
жағдайда банканың қампаюын – бомбажды бақылауға болады.
биологиялық, химиялық және физиологиялық бомбаж болады.
Биологиялық бомбажға нәтижесінде банка ішінде газдар түзілетін
үдерістер жатады. Олар микроағзалардың көбеюінің нәтижесінде
пайда болады. биологиялық бомбаж ең қауіпті деп есептеледі.
биологиялық бомбажды банкалар тамаққа қолдануға жарамсыз және
жойылуға тиіс.
Химиялық бомбаж банканың ішіндегі қышқыл заттың әсерінен
металл желіну нәтижесінде пайда болады. Оны сондай-ақ сутекті
деп те атайды, себебі үдеріс мәні – қышқыл металмен өзара
әрекеттескенде, молекулалық сутегі бөлініп шығады. соңғысының
қысымы банканың сырт пішінінің өзгеруіне әкеліп соғады. Химиялық
бомбажды консервілер зиянсыз деп есептеледі, бірақ оларды сатуға
болмайды, себебі бомбаждың аталған түрін биологиялық бомбаждан
ажырату мүмкін емес.
Физикалық бомбаж – банканың ішінде консервіленген өнімнің
толып кетуі немесе консервілерді тоңазыту және соның нәтижесінде
банканың ішіндегі заттың мұздың түзілуіне байланысты ұлғаюы.
Физикалық бомбаж сапалы консервілерде де болуы мүмкін, алайда
оларды сату абай болуды талап етеді. мұндай консервілерді алдын
ала қайнатудан кейін қолдану керек.
консервілерді сапасын қадағалау үшін келесі жіктеулер көрсетіледі:
•