263
Қолданыстағы санитарлық ережелерге сәйкес,
балықтың, шаян
тәріздестердің, моллюскілердің, қосмекенділердің, бауырымен жорға-
лаушылардың және оларды өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі паразито-
логиялық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Өнімнің түріне
қарай
гельминтологиялық зерттеу 14 гельминттің бір немесе бірнешеуін
анықтау үшін жүргізіледі, бұл ретте өнімде тірі дернәсілдердің болу-
ына жол берілмейді.
көптеген балықтар түрлерінің уылдырығы құнды тағамдық
өнім болып табылады. тірі балық денесінде уылдырық таза, алайда
технологиялық өңдеу барысында ол микроағзалармен тұқымдалады.
жаңадан ауланған, ештеңемен консервіленбеген
уылдырық микроб-
тардың бұзуына тез шалдығады. консервілеудің негізгі әдісі тұздау
болып табылады. түйірсіз қара уылдырықты дайындауда тұзы
жақсы қаныққан жылы ерітінді пайдаланылады және уылдырықты
салмақ нығыздалады. түйір уылдырық «құрғақ» тәсілмен тұздалады,
себебі түйір уылдырықтың ылғалдылығы жоғары. Ол түйірсіз қара
уылдырыққа қарағанда нашар сақталады.
уылдырық микрофлорасының түрлік құрамы алуан түрлі. Онда,
негізінен, таяқша тәріздес мезофильді сапрофиттер басым. көбіне
е.coli,
Proteus vulgarus, Pseudomonas fluorescens, Вас.mycoides,
Micrococeus Candidas, Sarcina lutea мен басқалары кездеседі. жаңадан
тұздалған уылдырықта бактериялардан басқа ашытқылар, зеңді
саңырауқұлақтар, актиномицетьтер анықталады. түйірлі уылдырықты
2-4°с температурада дұрыс сақтағанда, микроағзалар саны кемиді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттамаға сәйкес өнімнің 1 грамында
іттб,
алтын стафилококк, сульфитредукциялаушы клостридийлер
болмауға тиіс. патогенді микроағзалар, соның ішінде сальмонеллалар
өнімнің 25 грамында болмауы керек.
теңіздің балық емес өнімдері: шаян тәрізділер мен моллюскілер –
тез бұзылатын өнімдер. Олар микроағзалармен тез тұқымдануымен
қоса, олардың бұзылу себептерінің бірі жануарлардың өздерінің
ферменттерінің белсенді әрекет етуі болып табылады. Шаян тәрізділер
мен моллюскілердің сапалық және сандық құрамы олардың мекен-
дейтін жеріне, аулау маусымы мен тәсіліне қарай әртүрлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: