Абжанова сокращенная indd


Аспаздық өнімді тасымалдау мен қабылдауға қойылатын



Pdf көрінісі
бет130/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151
Аспаздық өнімді тасымалдау мен қабылдауға қойылатын 
санитарлық-гигиеналық талаптар
тағамдық өнімдерді тасымалдау үшін арнайы көлік бөлінуге тиіс. 
Өнімдерді бұдан бұрын улы химикаттар, бензин, керосин мен басқа 
қатты иісі шығатын және улы заттар тасымалданған көлікпен тасуға 
тыйым салынады. 


276
 
 

тағам өнімдерінің белгілі бір түрін (сүт, шұжық, кремді кондитер 
өнімдері, нан, ет, балық, жартылай фабрикаттар және т.б.) тасу үшін
тиісті таңбасы бар арнайы көлік берілуге тиіс. тамақ өнімдерін тасуға 
қолданылатын көліктің санитарлық төлкұжаты болуы, таза, дұрыс 
жүріп тұратын, ал мәшине шанағы гигиеналық жабынмен сырланған, 
оңай жуылатын болуға тиіс.
санитарлық талаптарға жауап бермейтін және санитарлық 
төлқұжаты жоқ көлікке тамақ өнімдерін салуға, сондай-ақ шикі 
өнімдер мен жартылай фабрикаттарды дайын тағам өнімдерімен бірге 
тасымалдауға тыйым салынады. 
Экспедитор-жүргізушінің жеке медициналық кітапшасы және 
күңгірт түсті арнайы киімі болуға тиіс, жеке гигиена ережелері мен 
тамақ өнімдерін тасымалдау ережелерін сақтауы керек. тамақ өнімдерін 
тасуға арналған көлікті жуу және өңдеу автошаруашылықтарда 
жүргізіледі. тасымалдау жағдайлары (температура, ылғалдылық) 
тамақ өнімдерінің әр түріне арналған нормативтік-техникалық 
құжаттама талаптарына, сондай-ақ көліктің әртүрлі түрімен тез 
бұзылатын жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес болуы керек. аса 
тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасу үшін салқындатылатын немесе 
изотермиялық көлік берілуге тиіс. тамақ өнімдерін тасуға арналған 
көлікте санитарлық киімді, брезентті сақтауға арналған арнайы орын 
болуы керек. Экспедиторлардың тамақ өнімдерінің үстіне орналасу-
ына тыйым салынады. тамақ өнімдерін санитарлық киім (ақ түсті) 
киген жүкшілер алып-салуға тиіс.
нан мен нан өнімдері сөрелермен жабдықталған арнайы жабық 
мәшинелерде, тартпаларда тасымалдануға тиіс. нанды бірінің үстіне 
үйіп тасуға тыйым салынады. кремді кондитерлік өнімдер 6°с-тан 
аспайтын температура жағдайында салқындатылатын көлікте тасы-
луы керек. Өнімдер қақпағы бар металл контейнерлерге, қақпағы 
бар тартпаларға салынуы керек, торттар стандартты катты қағаздан 
жасалған қораптарда жеткізілуге тиіс. кремді кондитерлік өнімдерді 
ашық қағаздар не тартпаларда тасуға мүлдем тыйым салынады. етті 
авторефрижераторларда: суыған және салқындатылған етті – 6°с 
жоғары емес температурада, мұздатылған етті 0°с температурада 
тасымалдау қажет. 
тірі балық су қоймаларынан мұзға арнайы сыйымдылығы бар 
(100 кг), сондай-ақ балық тасымалданатын суды ауамен қанықтыру 
үшін жабдығымен жабдықталған жылу оқшаулау цистерна-көлік-


277
терде тасылады. Цистернадағы су температурасы қыста – 1-2°с, 
көктемде және күзде – 4-6°с, жазда 10-14 °с болуы керек. аса тез 
бұзылатын өнімдерді тасымалдау кезінде, олардың ластануын бол-
дырмайтын, оларды ретімен салу ережелері сақталуы керек. жыл-
жымалы құрамның шанағын санитарлық өңдеумен айналысатын 
автошаруашылықтар, кәсіпорындар мен ұйымдар, басшылықтың 
бұйрығымен немесе өкімімен тағамдық көлікті жуу мен өңдеуге жау-
апты адам тағайындалады. 
тағамдық көлікті санитарлық өңдеу арнайы жабдықталған жуу 
блоктарында немесе су құбыры мен кәрізге қосылған арнайы алаңдарда 
жүргізілуге тиіс, онда ыстық су, жуғыш және дезинфекциялаушы 
құралдар, кқлікті жуу үшін тазалау құрал-саймандары болуы керек. 
тағамдық көлікті жуу және өңдеу: көлікті тазалау, жуу және дезинфек-
циялау үшін жабдықпен (жуу машиналарымен, ыстық және суық су 
пистолеттері бар иілгіш құбыршектермен, дезинфекциялауға арналған 
щеткалар мен аппараттармен, автокөліктерді жуу мен дезинфекци-
ялаудан кейін кептіру мен желдету аппараттарымен жабдықталуға 
тиіс); жуушылар үшін арнайы киіммен (резеңке етіктер, резеңке 
қолғаптар, резеңкеленген алжапқыш, мақта-матадан тігілген костюм, 
қорғаушы көзілдірік пен респиратор)¨тазалаушы және жуушы құрал-
саймандарды (щетка, шелек пен т.б.); жуушы және дезинфекциялаушы 
құралдарды, арнайы киімдерді сақтау шкафымен; киім мен тазалаушы 
құрал-саймандарды кептіру үй-жайымен жабдықталуға тиіс.
тағамдық көлікті санитарлық өңдеу режимі:
а) шанақ пен кабинаны щетка, сыпырғыш пен шаңсорғыштың 
көмегімен тазалау;
б) автокөлік шанағының сыртын сілтілі сумен (температурасы 35-
400°с) жуу және содан кейін құбыршектегі сумен шаю;
в) автокөліктің ішкі беткейлерін щеткамен, жуғыш құралдармен 
(ерітінді температурасы 55-60°с) немесе 2-3 минуттай 65-70°с 
температурада 1,5 атм қысыммен құбыршектерден механикалық 
жолмен жуу;
г) жуғыш құралдармен жуғаннан кейін автокөлік шанағының 
ішкі беті жуғыш құралының қалдықтарын толық тазартқанға 
дейін міндетті түрде мұқият шайылады, содан кейін кептіріліп, 
желдетіледі және онда бөтен иістер болмауы керек;
д) шанақтың ішкі бетін 250м мг/л белсенді хлоры бар дезинфекци-
ялаушы ерітіндімен дезинфекциялау керек, бұл дезинфекциялау-
шы ерітінді 10 минуттай тұруы керек. 


278


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет