Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет137/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   151
 
 

жұмыс алдында, дәретханадан кейін, шикізат өңдеуден дайын тағам 
өңдеуге көшкен кезде жуып, дезинфекциялау қажет. Қалған барлық 
жағдайларда қолды тағам дайындау барысында әрбір өндірістік опера-
циядан кейін, ал даяшылар тамақ қалдықтарын жинап пайдаланылған 
асханалық ыдысты тасығаннан кейін сабынмен жуу керек. Қолға 
арналған ең жақсы жуғыш құралдар:
– Дезинфекциялаушы қасиеті бар сабын;
– 70%-дық кір сабын;
– «балалар» сабыны.
Қолды 0,2%-дық ашық хлорлы әк ерітіндісімен немесе хлорамин 
ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Қолды өндірісте (цехтарда, дәретханада) жуу үшін суық және 
ыстық су қосылған, сабын, тырнаққа арналған щетка, дезинфекция-
лаушы ерітінді мен сүлгі бар (электр қол кептіргіш болғаны жақсы) 
қол жуғыш орнатылады. Қолды мұқият жуудың оның микробтар-
мен тұқымдануын 10000 есе азайтатыны зертханалық зерттеулермен 
айқындалды. Қолдың терісін зақымдап алғанда, жаралы жерді сутек 
тотығының дезинфекциялаушы ерітіндісімен немесе жасыл дәрімен 
өңдеп, оны стерильді таңғышпен байлап, резеңке саусаққап кигізіп 
қою керек. Қолдарында іріңді аурулары бар аспаздар мен кондитерлер 
жұмысқа жіберілмейді, себебі олардың тағамнан уланудың көзі болуы 
мүмкін.
Қоғамдық тамақтандырудың әрбір кәсіпорнында дәрігерге дейінгі 
бірінші көмек көрсету үшін, дәрі-дәрмектер жинағы бар қобдиша 
болуы керек. Қоғамдық тамақтандыру жұмысшыларының ауыз 
қуыстары жай-күйінің де гигиеналық маңызы бар, себебі, әдетте, 
микроағзалардың көп мөлшері ауызда болады. тісті күнделікті 
(таңертең және кешке) жуу керек. Даяшылар жұмысқа дейін және 
жұмыс уақытында иісі қатты шығатын тағамдарды (сарымсақ, 
пияз) жемегені дұрыс. ауызды шаю үшін жағымсыз иісті жоя-
тын сұйықтықтарды (эликсирлерді) пайдалануға кеңес беріледі. 
тұмау аурулары (ангина, тұмау мен т.б.) кезінде дәрігердің тиісті 
қорытындысыз жұмысқа кірісуге болмайды. ауа ылғалдылығы 
жоғары үй-жайларда (көкеніс цехы, асхана мен ас үй ыдыстарын жуу 
бөлмелері) жұмыс істейтін қызметкерлерді санитарлық киімнен, 
басқа су өткізбейтін алжапқыш пен арнайы аяқкиіммен қамтамасыз 
ету керек. 
аспаздың, кондитердің санитарлық киімнің астына киетін өзінің 
киімі жеңіл, мақта матадан тігілген, ал аяқкиімі – сірісі бар ыңғайлы, 


295
резеңке табанды, аласа өкшелі және тек өндірісте (ауысымда) жұмыс 
істеуге ғана лайық болуы керек.
мейрамханалар мен кафелер даяшыларына формалық киім мен 
аяқкиімді дайын күйінде, өлшемдеріне қарай және заманауи сән 
үлгілері ескеріле отырып, осы кәсіпорында қабылданған үлгілер бой-
ынша және ұлттық дәстүрлерге қарай беріледі.
Даяшы жұмыс алдында киім жағасының, жең бүкпесінің тазалығы 
мен түймелерінің болуына жіті назар аударып, мұқият тазалап, 
үтіктеуі керек. ішкиім мен шұлықтарды күнделікті ауыстыруға кеңес 
беріледі. сыртқы киім пен көйлектерге тамаққа түсіп кетпеуі үшін 
белгішелер, моншақтар қадауға рұқсат етілмейді. аяқкиім ыңғайлы, 
жеңіл, өкшесі басылмаған, жарқырата тазартылған болуға тиіс.
ыстық тағамдарды тасып, үстелге ыдыстарды орналастырар 
алдында асханалық ыдыс пен аспаптарды сүртуге қолданылатын 
даяшының елеулі құралының бірі ұстағыш болып табылады. Ұстағыш 
таза, ақ, жақсы үтіктелген болуы керек.
тұтынушыларға қызмет көрсету үшін залға шығар алдында 
даяшы өзінің киімін айна алдында қарап шығуға тиіс. жұмыстан 
кейін формалық киім қызметтік киім ілгіште сақталады, оны мей-
рамхана, кафе шегінен тыс алып шығуға рұқсат етілмейді. залды 
тұтынушыларды қабылдауға дайындау кезінде күңгірт халаттар кию 
қажет.
кәсіпорынның өндірістік және қоймалық үй-жайларында жөндеу 
жұмыстарын жүргізетін жұмысшылары (слесарь, электромонтерлер) 
таза санитарлық киімде жұмыс істеуге, саймандарын арнайы жабық 
жәшіктерде ұстап жұмыс кезінде қоғамдық тамақтандыру өнімінің 
ластануын болдырмауға тиіс.
санитарлық режим қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерін жұмыс 
орнының, жабдықтың, құрал-саймандардың, ыдыстың тазалығын 
қадағалауға міндеттейді. Өндірістік және сауда үй-жайларында темекі 
шегуге тыйым салынады (темекі шегу үшін арнайы орындар беріледі).
сонымен қатар өндірістік цехтарда тамақ жеуге болмайды, себебі 
тамақ қалдықтары жұмыс үстелдерін ластайды. жұмыскерлердің 
тамақтануы қызметкерлерге арналған асханаларда немесе залда 
арнайы 
бөлінген 
үстелдерде 
ұйымдастырылады. 
Қоғамдық 
тамақтандыру қызметкерлеріне медициналық тексеру тамақ арқылы 
инфекциялық аурулар таралуының алдын алу үшін жүргізіледі.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында туберкулезбен, дизен-
териямен, іш сүзегімен, эпидемиялық гепатитпен (инфекциялық 


296


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет