Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет135/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151
 
 

• өндірістің тоқтауы, технологиялық үдерістердің бұзылуына 
байланысты орын алуы мүмкін апаттық жағдайлар, халық пен 
өз-өзін жергілікті басқару органдарын хабарлау жүргізілетін 
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-есендігіне қауіп 
төндіретін өзге жағдайлар тізімі. 
Өндірістік бақылауға келесі іс-шаралар кіреді: өндірістік бақылау 
бағдарламасын әзірлеу және келісу, нысанда зертханалық-құралдық 
зерттеулер жүргізу, кәсіпорынның санитарлық аман-есендігін 
жалпы қадағалау. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында өндірістік 
бақылауды рәсімдеу үшін құжаттар жинақтамасына келесі құжаттар 
кіруі қажет:
1. Ұйым деректемелері.
2. жалға алу келісім-шарты мен меншік куәлігі.
3. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
4. салық органдарында тіркеуге тұру туралы куәлік (инн) 
5. Роспотребнадзордың алдыңғы қорытындысы:
♦ өндірістік бақылау (Өб) аясында зертханалық-құралдық бақылау 
жүргізуге; 
♦ дезинфекция, дератизация жүргізуге;
♦ қоқыс (ҚтҚ) шығаруға;
♦ сынабы бар шамдарды қайта өңдеуге;
♦ кір жуатын қызметпен;
♦ дезинфекциялаушы құралдарды жеткізуге;
♦ жартылай фабрикаттарды жеткізуге; 
♦ ауызсу жеткізуге;
♦ желдету жүйелерге қызмет көрсету мен дезинфекциялауға. 
6. келісім-шарттар (көшірмелері).
заңды тұлға, жеке кәсіпкер өндірістік бақылау нысанында 
санитарлық ережелердің бұзылғаны анықталған кезде, оларды 
жоюға және олардың туындауын болдырмауға бағытталған шаралар 
қолдануға, соның ішінде:
• Өзінің қызметін жұмысын немесе жеке цехтарының, учаске-
лерінің, ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтың, көлік-
тің пайдалануын, жекелеген жұмыс пен қызмет түрлерін 
орындаудың уақытша тоқтауы немесе аяқтауға;
• өндірісте белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін және 
қауіпсіздік ережелерінің өнім шығаруды қамтамасыз етпейтін 
және адам денсаулығына қауіп төндіретін шикізат, матери-
алдарды пайдалануды тоқтату және осындай өнімді адам 


291
денсаулығына зиян келтіруді және оны жоюды болдырмайтын 
шаралар қолдануы;
• мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың өңірлік 
орталығын санитарлық ережелердің бұзылуын жою бойынша 
қабылданған шаралар туралы хабаралауы;
• қолданыстағы заңнамада қарастырылған басқа шаралар 
қабылдауға тиіс. 
Шығарылатын өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік 
беру үшін шетелде және Қазақстан Республикасында Хассп жүйесі 
немесе ағылшын транскрипциясында нассР «Hazard Analysis and 
Critical Control Point») енгізіледі. 
Қатер – бұл адам денсаулығына кері салдарлар мүмкіндігі мен 
ағзаға тамақ өнімдерімен келетін қауіпті факторлардың әсерінен бола-
тын осындай салдарлардың ауыр дәрежесі. нассР тамақ өнімдерінің 
сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйесі болып табылады және негізгі 
жеті қағидаға негізделеді:
1) қатерлерге талдау жүргізу;
2) сындық бақылау нүктелерін анықтау;
3) сындық шектерді орнату;
4) сындық бақылау нүктелерін мониторингілеу жүйесін әзірлеу;
5) анықталған сындық бақылау нүктесі мониторинг мәліметтері 
бойынша бақылаудан шығып кеткен жағдайда түзетуші 
әрекеттерді сипаттау;
6) нассР жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін верификациялау 
(тексеру) рәсімдерін анықтау;
7) Осы қағидалар және оларды қолдануға қатысты барлық рәсімдер 
мен мәліметтерді құжаттау және жазу.
Хассп қағидалары еЭО елдері үшін міндетті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет