Абжанова сокращенная indd


Құрал-жабдықтарға, қаптау материалдарына қойылатан



Pdf көрінісі
бет146/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
Құрал-жабдықтарға, қаптау материалдарына қойылатан 
санитарлық-гигиеналық талаптар
Механикалық құрал-жабдықтардың санитарлық сипаттамасы
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы механикалық құрал-
жабдықтар келесі санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болуы 
керек:
– материалдың зиянсыздығы;
– конструкциясының оңайлылығы;
– санитарлық өңдеуге ыңғайлылығы.


309
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған құрал-
жабдықтар, ыдыс, жасалатын материал азық-түліктерге зиянды әсер 
етпеуі және сапасы мен қасиеттерінің өзгеруін болдырмауы керек. 
Ол қышқылға, сілтіге шыдамды, дезинфекциялауға оңай, тегіс бетті 
болуы, тат баспауы керек. мұндай талаптарға: тат баспайтын болат, 
алюминий, дюралюминий, мельхиор, никель, пластмассаның кейбір 
түрлері, фарфор, фаянс, шыны жауап береді. 
Құрал-жабдықтарға механикалық, жылулық, механикалық емес 
талаптар қойылады.
Өндірістік бөлмелерде құрал-жабдықтар технологиялық үдерістің 
орындалуы реті ескеріле отырып орналастырылады. Шикізаттың, жар-
тылай шикізаттың, дайын тағамның қозғалу ағымының қиылысуын, 
қарама-қарсы келуін болдырмау керек. Құрал-жабдықтарға оңай жету 
үшін, өту жолдарының ені 1,2-1,5 м-ден кем болмауы керек.
Қазіргі кезде көбінесе құрал-жабдықтардың сызықты ретпен орна-
ласуы қарастырылады, себебі бұл кезде технологиялық үдерістер 
бір ретпен орындалады, кәсіпорынның санитарлық жағдайы мен 
қызметкерлердің жұмыс істеу шарттары жақсарады. бұл желілер 
қабырға бойымен немесе цехтің ортасына орналастырылады. жылу 
аппаратының үстіне өндірістің ауа ортасының санитарлық жағдайын 
жақсартатын сору желдеткіші орналастырылады.
Механикалық құрал-жабдықтар. 
Қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарында жеке технологиялық операцияларды орындау 
үшін машиналар қолданылады. көкөністерді өңдеу үшін көкөніс жуу 
машиналары, көкөніс тазалау машиналары, көкөніс кесу машиналары 
қолданады. ет пен балықты өңдеу үшін өнімді ұнтақтау машиналары, 
етті қопсыту машиналары, турама араластыру машиналары пайдала-
нылады. нан кесу машиналары, гастрономиялық өнімдерді кесу маши-
налары, ыдыс жуу машиналары пайдаланылады. жұмыс істеп болған 
соң, бұл құрал-жабдықтар дұрыстап тазартылады, ыстық сумен жуы-
лып, таза сүлгімен сүртіп, пленкадан жасалған қаптама кигізіледі.
гигиеналық жылулық құрал-жабдықтарға электр аппараттары ста-
ционарлы қазандар, плиталар, модульді секциялық қозғалмалы пли-
талар, табалар, фритюрницалар, қуыру шкафтары жатады. барлық 
жылулық құрал-жабдықтарды тазалықта ұсталады, жұмыстан соң 
ыстық сумен және жуғыш заттармен жуылады.
Шкаф, жиналып-ашылатын камера, салқындатқыш шкафтар-
мен жабдықталған төмен температуралы үстелдер түріндегі құрал-
жабдықтарды күнделікті ыстық сумен жуып, желдетіп тұру керек.


310
 
 

механикалық емес құрал-жабдықтарға өндірістік үстелдер, өнді-
рістік және жуу ванналары, шабу орындығы, стеллаждар, табуреттер, 
шкафтар және т.б. жатады.
көкөніс, ет, балық және тағы басқа өнімдерді жууға арналған 
өндірістік үстелдер антикоррезионды материалдардан жасалады. ең 
жақсысы – татанбайтын болат, дюралюминийден эмалирленген ванна-
лар. Ванналардың негізгі өлшемдері: ұзындығы – 710-1000 мм, ені – 
600-700 мм, тереңдігі – 420-450 мм, еденнен биіктігі – 900 мм.
Шабу (бөлшектеу) орындығының диаметрі 50 см, биіктігі 80 см 
болуы керек және мықты ағаштың тұтас кесегінен жасалып, еденнен 
20 см биіктікте орналастырылады. Шабу орындығының қырларын 
ашық түсті майлы бояумен бояйды, үстіңгі бөлігін ені 20 см етіп боя-
май қалдырады. жұмыс істеп болған соң, орындықтың үсті пышақпен 
тазаланады, үстіне тұз себіліп қаптама кигізіледі, ал қырлары ыстық 
сумен жуылады. Қолдану мерзіміне және терең шабылып кетуіне 
қарай, орындықтың беті арамен кесіп тастайды. 
асханалық ыдыстарға арналған жуу ванналары суды тез және жиі 
ауыстыру үшін, тұтас металды, 30 л-ден көп емес сыйымдылықтағы 
үш бөліктен тұрады.
Ванналар ыстық суға, суық суға және канализацияға жалғанады. 
Өлшемі 500*500*500, жалпы ұзындығы 900 мм таттанбайтын болат-
тан жасалады, себебі алюминий мен оның балқымалары жуғыш зат-
тармен қосылғанда қарайып кетеді.
бөлшектеу тақтайшалары қатты ағаштан жасалады. тақтайшалар 
мен пышақтардың қырында макировка болуы керек: Ше – шикі ет, 
Шб – шикі балық, Шк – шикі көкөністер.
стеллаждар табуреттер дюралюминийден жасалады, ыстық сумен 
жуылып тұрады.
Құрал-жабдықтардың арасындағы қашықтықтың санитарлық нор-
маларын қадағалау керек. жылу бөлетін технологиялық желілер мен 
құрал-жабдықтар желілер арасындағы қашықтық кем дегенде 1,3 м 
болуы керек. жылу бөлетін құрал-жабдықтардың технологиялық
желісі мен тарату желісінің арақашықтығы 1,5 м болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет