Абжанова сокращенная indd


Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалау мен



Pdf көрінісі
бет143/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   151
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалау мен 
салудың гигиеналық негіздері
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын салу, бөлмелерді жоба-
лау, орналастыру, жабдықтау, өзара байланыстыру құрылыс нормалары 
мен ережелеріне сәйкес болуы керек. Ол өндірістің ағымдылығын, 


305
еңбектің ұтымды ұйымдастырылуын, қауіпсіздік техникасының 
талаптарын қамтамасыз етеді және азық-түлік өнімдерінің тағамдық 
және биологиялық құндылығын сақтауға көмектеседі.
Дайындау кәсіпорындарында санитарлық тәртіпті сақтау қиынға 
түседі, себебі көп мөлшердегі шикізатты өңдеу, дұрыс сақтау және 
жартылай шикізаттарды жылдам ұсыну керек.
толық технологиялық сатыны атқаратын кәсіпорындарда қиын-
дықтар өндірістік үдерістердің көп салалылығынан, өндірістің 
ағымдылығын сақтау керектігінен пайда болады.
келісіп жұмыс жасайтын кәсіпорындардың гигиеналық жағдайы 
оңтайлы болып табылады, себебі олар жартылай шикізаттармен 
жұмыс істейді, ет, балық, көкөніс цехтары, оларды сақтауға арналған 
салқындату камералары болмайды.
Жердің бас жобасы мен аумағына қойылатын гигиеналық 
талаптар
. Қнме талаптарына байланысты қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындары қоғамдық және сауда орталықтарымен қатар, жеке 
тұрған ғимаратта немесе арнайы ғимараттар мен құрылыстарда 
орналасуы мүмкін. гигиеналық талаптарға байланысты жеке тұрған 
ғимаратта орналасуы оңтайлы болып табылады.
Орналастыру жерін таңдаған кезде, өнеркәсіптік және коммуналдық 
нысандардың жақын орналасуына мән беріледі, себебі олар 
ластанудың көзі болуы мүмкін. кәсіпорынды орналастырғанда, жел 
бағытын ескеру керек: жер өнеркәсіптік нысандарға, сантехникалық 
және коммуналдық құрылыстарға қатысты жел соғатын жақта орна-
ласуы керек. 
жер топырағының санитарлық жағдайы маңызды гигиеналық 
талаптардың бірі болып табылады. Қажетті жер атмосфералық 
сулардың жиналуына әсер ететін рельефтермен, сыртқы және 
атмосфералық сулармен суланып, батпақтанбауы керек.
аумақ ауданы кәсіпорынның қуаттылығына сәйкес болуы керек. 
кәсіпорыннан шығу жолдары мен адамдар жүретін жолдар асфальт-
талған болуға тиіс. Құрылысқа жер ауданының 30-40%-ы жұмсалады 
және аумақтың 60%-ы жасылдандырылуы керек.
кәсіпорынды тұрғын жерлерде жобалаған кезде, тұрғындарды 
оның өндірістік зиянды заттарынан қорғау керек. тұрғын үйлерде 
50 орынды кафелер мен асханалар жобаланады. тұрғын үйлерге 
жылудың, шудың, өндірісте бөлінетін иістің кірмеуі үшін оқшаулау 
құрылғылар қондырылады және шаруашылық аумағын ғимараттың 


306
 
 

артқы жағына жобалайды. сонымен қатар кәсіпорынды тұрғын үйдің 
сантехникалық қызметіне техникалық оқшаулау керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын улы заттар мен эпидемио-
логиялық қауіпті материалдар (тері, жүн) өңдейтін және қолданатын 
кәсіпорын ғимараттарында жобалауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет