Абжанова сокращенная indd


Рациондағы май қосылыстардың ең қолайлы арақатынасы



Pdf көрінісі
бет50/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   151
Рациондағы май қосылыстардың ең қолайлы арақатынасы.
Өсімдік майларының маңызы өте зор, өйткені оларда жартылай 
қанықпаған май қышқылдары (алмастырылмайтын қоректік заттар), 
сондай-ақ клеткалар мен клетка ішіндегі құрылымдарды жаңартуға 
керекті фосфолипидтер көп болады. адамның тамақ рационындағы 


107
майдың жалпы мөлшерінің кемінде 30 процентінің өсімдік майлары 
болғаны жөн.
Дүниежүзілік статистика көрсетіп отырғандай, жоғары дамыған 
елдер халқының тәуліктік рационында майлардың үлесі үнемі 
арта түсіп келеді. мұның өзі майлардың жоғары энергетикалық 
бағалылығына, дәмдік қасиеттеріне, әл-ауқат жоғарылаған сайын 
халықтың қолы неғұрлым еркін жетеді. алайда тамақ рационында 
майдың көп болуы атеросклероз жэне жүрек тамырларының тарылуы 
секілді аурулардың көбеюіне себепші болады.
тамақ рационында май қышқылдарының мынадай арақатынасы 
ең қолайлы деп есептеледі: қаныққан май қышқылдары – 30 процент, 
моноқанықпаған (олеин қышқылы сияқты) май қышқылдары – 60 про-
цент, полиқанықпаған май қышқылдары – 10 процент.
Минералды заттарға деген қажеттілік.
Құрамында жеткілікті 
мөлшерде жеміс-жидек, нан, сүт бар әдеттегі тамақ өнімдері адам 
организмінің минералды заттарға деген қажеттілігін қанағаттан-
дырады.
біздің елімізде және басқа да көптеген елдерде топырағында 
қайсыбір минералды заттың мөлшері аз болатын, мұның өзі 
халықтың осы затты жеткіліксіз тұтынуына және белгілі бір ауытқу 
нышандардың дамуына әкеліп соқтыратын аудандар мен облыстар 
анықталды. бұған шаралар қолданылды. көбінесе ондай шаралар 
жаппай тұтынылатын өнімдерге жетпей түрған минералды заттарды 
қолдан қосу болып шығады, мысалы, ас тұзына йод қосылады (қалқан 
бездердің дұрыс жұмыс істеуі үшін) немесе суға фтор қосылады (тіс 
жегісін болдырмау үшін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет